Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
26
Екінші түсінік – бұл бағалаушы шкалалар, мұнда оқушы өзін қоршаған адамдармен салыстырады,
біртекті қатарларда өзіндік орнын табады. Оқу іс-`рекетін ұйымдастырудың барысында, мұғалім
өзінің `рекеттерін жекеленген оқушыларға емес, сыныпқа, қатарластар қауымдастығына бағыттайды.
Мұғалімге өзіндік мүмкіндіктерінің шекарасын орнатудың ішкі қабілетін «жасауға» тура келеді: білу,
мен не білемін, түсінемін ж`не нені білмеймін, қолымнан келмейді.
Оқушылардың өзіндік оқу іс-`рекетін рефлексиялау бойынша педагогикалық еңбектерді талдау
ж`не мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының түйінді сипаттамалары негізінде, келесі сипатта-
маларды ажыратып көрсетуге болады. Оқушы рефлексиясының түйінді сипаттамалары:
- Оқушының өзіндік оқу іс-eрекетіне қатынасы. Өзіндік оқу іс-`рекетін саналы ұғыну. Рефлексия
оқу іс-`рекетінің өзіндік критерийлерін құруға мүмкіндік беретін кері байланыс механизмі ретінде
болады. Өзіндік талдау мен өзіндік бағалауға, `рі қарай оқуға итермелеуге мүмкіндік береді.
-
Оқушының оқу іс-eрекетінің мазмұнына қатынасы. П`ндік мазмұнды, өмірлік жағдаяттарды,
м`селені қайта құруды ж`не оны шешу жолдарын таңдауды талдау.
-
Оқушының басқа оқушыларға қатынасы. Басқалармен өзара `рекет ету шеберлігі, басқалардың
пікірлерін тыңдау ж`не ескеру, топтағы жұмыста бірлескен шешім қабылдау.
Даму үдерісінде тұлға бастапқыда адамдар арасындағы (ата-аналар-бала, мұғалім-оқушы, оқушы-
оқушы) қатынас ретіндегі сыртқы қатынас түріндегі қатынастарды интериоризациялайды (ішкі қаты-
насқа айналдырады). Басқалармен `леуметтік-психологиялық қатынасқа түсе отырып, оқушы олар-
мен қарым-қатынас жасайды ж`не өзара `рекетке түседі, оның `рекеттері ересектер мен қатарластар
тарапына бағытталады, реттеледі ж`не бағаланады. Сонымен бірге, оқушы басқалардың `рекетін
бағыттауға, реттеуге ж`не бағалауға ұмтылады. Мұндай өзара `рекеттестік т`жірибесін меңгеру
шамасына қарай, оқушы өзіне қатысты осы басқарушы функцияларды меңгере бастайды.
Олай болса, бүгінгі бастауыш сынып оқушылары өзін ж`не өзінің мінез-құлқын басқаруға мүм-
кіндік беретін ішкі үдерістер ретінде өзін-өзі бағдарлау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі белсенділендіру,
өзін-өзі реттеу ж`не өзіндік бағалау сынды іс-`рекеттерін дамыта отырып, кез-келген жағдайда өз оқу
іс-`рекетіне рефлексия жасауды табысты меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер
ұйымдастырушылық қажет. Қорыта келе, рефлексиялық іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында педа-
гогикалық жұмысты жүзеге асыру болашақ мұғалімге: оқушылардың іс-қимылдарын `ртүрлі тұрғы-
дан талдауды ж`не бағалауды; өзінің жұмысын оқушылар тұрғысынан талдауды ж`не бағалауды
жүргізуге; оқушылардың өздерін белсенді іс-қимылға қосу мақсатында оқу сабақтарында өзара
`рекеттесуді тиімді ұйымдастыруда жаңа бағыттарды анықтауына мүмкіндік береді.
1 Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдар-
ламасы – Астана, 2010 жыл.
2 Философский словарь / Под ред.В.Фролова. М. Мысль. 1987. – 445с.
3 Семенов И.Н. и Степанов С.Ю. Совремменные проблемы творческой рефлексии и исследования// Вопросы
психологии. 1983.№3.С. 162-164.
4 http://cyberleninka.ru/ Ахметова Д., Гурье Л. Преподаватель вуза и инновационные технологии // Высшее
образование в России. - 2001. №4. - С.138-144.
5 Хуторской A.B. Современная дидактика. М. Высшая школа. 2007. - 638с.
6 Муштавинская И.В. Образовательные технологии как предмет педагогической рефлексии. Дис. канд.
пед. наук: 13.00.01. СПбГУПМ. 2001. – 180 с.
7 Слободчиков В.И., Цукерман Г.А. Генезис рефлексифного сознания в младшем школьном возрасте //
Вопросы психологии. 1990.№2.С. 25-36.
Достарыңызбен бөлісу: