С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет551/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
376 
білім-т`рбие  беру  ғаламдық  м`ні  бар  проблемаға  айналып  отыр.  Сондықтан  оқушылардың  алатын 
білім  мен  т`рбиесінің  сапалығын  жетілдіруде  олардың  дүниетанымын  қалыптастырудың  ғылыми 
негіздері  үлкен  роль  атқарады.  Алайда  бүгінгі  күні  ғылымның  м`дени  дүниетанымдық  мүмкіндік-
терін асыра бағалауға болмайтындығы байқалды. «Дүниетаным саласында тек ғылымға бағдарлау, ал 
дін,  философия,  өнер  сияқты  м`дениеттің  басқа  нысандарының  дүниетанымдық  маңыздылығын 
төмендетудің немесе мүлде жоққа шығарудың зияндылығы белгілі болды. 
Қазіргі дүниетанымды қалыптастыруда ғылымның басқа да м`дени нысандарымен бірге аса қажет 
екендігі анықталып отыр. Адамды `деттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, м`дениет-
тің биік `леміне көтеру, өз дүниетанымымызды қалыптастыруға мүмкіндік тудырып, адамзат табыс-
тарына негізделген өзіндік сенім-көзқарастарын тудыру білім берудің маңызды мақсаты» деп негізгі 
білім бағытында жарық көрген құжаттарда белгілінген.  
Осындай талаптың күшейген кезеңінде мектептерде оқу процесін диалектикалық тұрғыдан қайта 
қарастыру  жергілікті  халықтың  ерекшеліктері  мен  д`стүрлерін  тиімді  қолдануды  жетілдіру, 
оқушыларды ұлттық м`дениетке баулу маңыздылығы жөніндегі м`селелер оңды шешім тауып отыр. 
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, м`дениетті де білімді етіп т`рбиелеп олардың дүниетанымын 
адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық ж`не азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз 
келетін  болса,  онда  бүгінгі  қоғамның  барлық  күшін  ұлттық  мектептеріміздің  жалпы  оқу-т`рбие 
саласына  жұмылдыруымыз  қажет  [2].  Сондықтан  білім  берудің  түрлері  мен  `дістерін  жаңартудың 
негізгі  мақсаты  `рбір  оқушының  шығармашылық  қабілетін  барынша  дамыту,  ұлттық  өнердің  түрлі 
жанрларын, сайып келгенде, жалпы ұлттық м`дениетке баулу болып табылуы тиіс. Осы орайда айта 
кететін бір жайт, `р оқушының шығармашылық қабілеттері тек оның жеке басының туа біткен қабі-
леттеріне  ғана  емес,  сондай-ақ  оны  т`рбиелеп  отырған  қоғамдық  ортасының  тарихи  қалыптасқан 
д`стүрлі  ұлтының  дүниетанымына  да  байланысты.  Ал  қазақтың  ұлттық  дүниетанымы  ежелден  келе 
жатқан, д`стүрге айналған рухани қазынасы арқылы қалыптасатыны анық. Мұндай жағдайда жеткін-
шек ұрпақтың өз халқының ұлттық м`дениетімен, `дет-ғұрып д`стүрімен неғұрлым тереңірек танысу 
қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. 
Зерттеу  проблемасы  саласында  жарық  көрген  еңбектерге  жасаған  талдау  эстетикалық  циклдағы 
п`ндер,  оның  ішінде  енбекке  баулу  п`нінің  оқыту  т`рбие  процесі  барысында  бастауыш  сынып  оқу-
шылары ерекше назар аударады. Халық өнер арқылы дүниетанымын қалыптастыру м`селесі ғылыми 
–  теориялық  тұрғыдан  `лі  де  болса  өз  деңгейінде  ашылмағандығын  айқындайды.  Сонымен  бірге 
мазмұн,  көлем,  тұрақтылық  жағынан  бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниетанымы,  даму  үрдісі 
ерекше назар аударады. Бұл салада көптеген зерттеулерде Абдуллаев А.К, Л.А. Гордан, А.Х. Аринова 
т.б.  жұмыстарын  атаған  жөн.  Бастауыш  сынып  оқушылары  өзінің  табиғатына  қарай  жаңаны  тез 
қабылдап  оны  ерекше  сезінеді.  Қызығушылығы  мол,  интелектуалды  белсенділігі  арта  түседі. 
Сондықтан да балалардың қабілетін тек оқу процесінен шектемей, біздің ойымыз ша, сыныптан тыс 
жұмыстарға көбірек көңіл бөлген дұрыс. Іс-`рекетінің мүмкіншілігі көп екендігін біршама зерттеулер 
д`лелдейді (Абибулаева А.Ж. Көшербаева Г.Н.). 
Сонымен,  еліміздің  `леуметтік-экономикалық  дамуын  жақсарту  қоғамдық  өмірдің  барлық  сала-
сында түбегейлі терең өзгерістер жасауда, ең алдымен жас өспірімдердің санасын шыңдауды, жаңаша 
ойлар  қалыптастыруды,  қазақ  халқының  өткен  тарихи-м`дени  мұраларын  игере  отырып,  шығарма-
шылықпен  еңбек  етуді  талап  етеді.  Өз  ойымызды  тұжырымдай  келе,  бастауыш  мектеп  алындағы 
басты  міндет  –  оқушыларды  халқымыздың  ұлттық  игіліктері  мен  адамзат  м`дени  мұралардың 
сабақтастығын сақтай отырып т`рбиелеу мен оқыту ж`не оның дүниетанымының қалыптасуына жан 
–  жақты  мүмкіндік  жасау.  Халық  өнер  құралдары  бастауыш  сынып  оқушылырының  дүниетанымын 
қалыптастыру  жұмыстары  осы  күнге  дейін  ғылыми  практикалық  деңгейде  жан-жақты  зерттелмеуі 
аталған м`селенің өзектілігін көрсетеді.  
Қазақ  халқының  қолөнері  деп  –  халық  тұрмысында  жиі  қолданылатын  өру,  тігу,  тоқу,  мүсіндеу, 
құрастыру,  бейнелеу  сияқты  творчестволық  өнер  жиынтығын  айтады.  Шын  м`нінде  қолөнер 
түрлерінің `рқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.  
Қазақ  халқы  өзінің  күн  көріс  тіршілігіне  қажетті  үй-жай  салуды,  киім-кешек  тігуді,  азық-түлік 
өндіруді  өзінің  тұрмыстық  к`сібі  етіп,  оларды  күнбе-күнгі  тіршілік  барысында  орынды  пайдаланса, 
`сем  бұйымдар  жасап,  өмірді  с`н-салтанат  та  құра  білді.  Бұдан  біз  халық  творчествосының  қандай 
түрі  болса  да,  халық  өмірімен,  сол  халықтың  қоғамдық  тарихымен,  күн  көрісімен,  к`сібімен  тығыз 
байланысты екенін көреміз.  
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
377 
«Халықтың  қолөнеріне  `дет-ғұрып  жабдықтарымен  қатар,  аң  аулауға,  мал  өсіруге  ж`не  егінші-
лікке қажетті құрал-жабдықтар да кірді. Киіз үйдің сүйеі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем 
сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп, есіп, көннен ж`не илеулі теріден қайыс, 
таспа тіліп, өрім өріп қолдан `р алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік ж`не т.б. көптеген заттарды 
халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен `шекейлейтін болды. Қол-
өнерінде  көңілге  қонымды  м`нерлер  мен  ондаған  қолданылған  `дістер  архитектурада  кеңінен 
қолданылып келеді».  
Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни `р түрлі құры-
лыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы с`нді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып 
жасалған діңгектер – халық қолөнерінің тамаша туындылары.  
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы – қайыс өру, 
қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз 
балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр к`сіппенде шұғылданады.  
Сондықтан,  қолөнер  «еркектерге  т`н  іс»,  «`йелдерге  т`н  іс»  деп  екіге  бөлініп  келеді.  Мысалы, 
тастан,  балшықтан,  сүйек  пен  мүйізден,  металл  мен  ағаштан  бұйымдар  жасап,  оны  `семдеу  сияқты 
ауыр  жұмысты  еркектер  атқарады.  Кесте  тігу,  жиек  жүргізу,  өрмек  тоқу,  ши  орау,  сырмақ  сыру, 
оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты н`зік жұмысты `йелдер атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши 
тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен `йелдер бірлесіп істеді.  
ХIХ ғасырда ж`не ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, 
ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға 
арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап с`укеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды 
түрлі түсті өрнектермен `шекейлеу өнері де өрістей түсті [3]. 
Қолөнер  –  халқымыздың  ұлттық  мұрасы.  Қазақтың  ұлттық  қолданбалы  өнер  тарихы  көшпелі 
өмірдің  салт-д`стүрімен  тығыз  байланысты.  Халық  шеберлері  ұлттық  қолөнер  мұраларын  өмірге 
`келді.  Яғни,  ұста,  ағаш  шебері,  зергер,  ісмерлердің  тынымсыз  еңбегі  арқылы  қазақ  қолөнерінің 
көркем туындылары пайда болды.    
Өнердің  қай  саласында  болмасын  оның  қазіргі  қалпын  жақсы  түсіну  үшін  өткен  тарихын,  тегін 
тереңірек  зерттеп  білудің  қажеттігі  белгілі.  Сондықтан,  біз  бұл  еңбегімізде  қазақтың  халықтық 
қолөнерін тарихи тұрғыда зерттеуді алдымызға негізгі мақсат етіп қойдық. Революцияға дейін қазақ 
қолөнерінің  бірнеше  салалары  болды.  Біз  оның  ішінде  ағаш,  металл,  тас,  сүйек,  мүйіз,  тері  мен 
былғарыдан  `р  түрлі  үй  бұйымдарын,  шаруашылық  құрал-саймандарын,  сан  алуан  ескерткіштер 
жасауға байланысты қалыптасқан қолөнер түрлерін қарастыруды жөн көрдік [4]. Халық өнері арқылы 
сыныптан  тыс  жұмыстарда  бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниетанымын  қалыптастырудың 
ғылыми  педагогикалық  негіздері  айқындалып,  мазмұны  мен  `дістемесі  жасалса,  халық  өнер  туын-
дылары оқушылардың сезімталдығын ояту ж`не шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталса, 
онда  т`рбие  үрдісінде  халық  өнері  арқылы  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудың  тиімді-
лігін арттыруға мүмкіндік береді. 
 
 
1 Х. Арғынбаев. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер» 1987 ж. 
2 Өмірбекова М.Ш. «Қазақтың ою-өрнектері». Энциклопедия. Алматы: «Алматыкітап». ААҚ, 2003 жыл. 
3  nлима Ысқаққызы. «Сырмақ өнері». Алматыкітап, 2007жыл.  
4 Нұрпейісов n. «Қазақ халқының  ою-өрнегі». Алматы: «Өнер», 2002 жыл. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет