С. Ж. Асфендияров атындағЫ


ТЬЮТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ



бет3/6
Дата13.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#82214
1   2   3   4   5   6
2. ТЬЮТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1) Университетте тьюторлық және тәлімгерлік қызметті ұйымдастырудың басты мақсаты білім кеңістігінде әрбір білімгерді жеке жетекшілікке алу.
2) Университет оқытушысының тьюторлық және тәлімгерлік қызметі, оның кәсіби қызметінің маңызды бір көрсеткіші болып табылады және ол рейтингте көрсетіліп, жыл сайын аттестациядан өту кезінде немесе келесі оқу жылына жеке еңбек келісімшартқа отырған кезде ескеріледі.
3) Тьютор немесе тәлімгер өз қызметінде мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешеді:

  • болашақ дәрігер ретінде қоғам алдында азаматтық кемелдену мен жауапкершіліктерін қалыптастыру;

  • студенттердің университетте оқу жағдайына бейімделуіне көмек ұйымдастыру мен туындаған мәселелерін шешу және кәсіби қызметіне оларды дайындау;

  • студенттерді ішкі оқу тәртібінің ережесімен таныстыру және оның сақталуын бақылау;

  • студенттік ортада ұжымды қалыптастыру және дамыту, топта қолайлы адами-психологиялық жағдаймен қамтамасыз ету, болашақ мамандарды дайындау үшін ұтымды жағдай жасау;

  • болашақ мамандардың жауапкершілігін, бастамашылдығын, дербестігін, шығармашылық қабілеттілігін дамыту;

  • кәсіби құзіреттілікке сәйкес студенттердің жан-жақты мәдени және рухани-адамгершілік дамуы;

  • студенттерде салауатты өмір салтының артықшылығын қалыптастыру.

4) Тьютор мен тәлімгерлер атқаратын жұмыстарына Университет Жарғысы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегінің тұлға ретіндегі қалыптасу моделі, тьюторлық және тәлімгерлік қызмет туралы Ереже және басқа да нормативті құжаттарды жетекшілікке алады.
5) Тьюторлық және тәлімгерлік қызметті үйлестіру, бақылау мен мониторинг жүргізуді тиісті деканаттар тьюторлар Кеңесімен бірлесіп атқарады, ал тьютор мен тәлімгерлердің жұмыстарын әлеуметтік-тәрбие жұмыс жөніндегі басқарма (ӘТЖБ) бағалайды.
3. ТЬЮТОР МЕН ТӘЛІМГЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1) Академиялық топтың тьюторы мен тәлімгері құқылы:
2) Ұсыныстар жасауға:

  • студенттердің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оқу және өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыруда, жатақханадағы мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;

  • университет пен факультеттің оқу және қоғамдық өміріне қатысушы белсенді студенттерге университетте бекітілген ынталандыру (мадақтау) түрлеріне сәйкес ұсыныс беруге;

  • студенттер жайында қажетті барлық ақпараттарды деканаттан алуға;

  • топ студенттерінің ата-анасы және туыстарымен қарым-қатынас орнатуға;

  • топтағы студенттердің жеке істері (шәкірт ақыны тағайындау, әкімшілік және қоғамдық әр түрлі шараларды қолдану, университеттен шығару) бойынша әкімшілік және қоғамдық ұйымдарының шешім шығаруы мен қабылдануына қатысуға;

  • студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсартуға ұсыныс жасау, топ студенттерін осы органдардың жұмысына қатысты шұғыл тапсырмаларды орындауға тарту, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде үміткер студенттерді ұсынуға;

  • «Жылдың ең үздік тьюторы», «Академиялық топтың ең үздік тәлімгері» байқауларына қатысуға, осы ережеге сәйкес атқарған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет