С. Ж. Асфендияров атындағЫ


ТӘЛІМГЕРДІҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ



бет5/6
Дата13.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#82214
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПТиК-17.02.16

5. ТӘЛІМГЕРДІҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1) Тәлімгерлер міндетті:

  • студенттерді инновациялық, ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға тарту;

  • студенттердің кәсіби және ғылыми жұмыстарында шетел тілінде еркін сөйлеу ұмтылысына ықпал етуге;

  • студенттерді университеттік ұжымдыққа, құндылықтар мен дәстүрлерге араластыру;

  • университет басты құндылықтарын сақтау мен арттыру бойынша іс-шараларды өткізуде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін жандандыру;

  • басты құндылық бағдары негізінде студенттердің әлеуметтік-кәсіби жауапкершілігін дамыту;

  • болашақ маманның тұлғалық қасиетін жоғары мәдениет пен дүниетанымын қалыптастыру;

  • таңдаған кәсібіне бейімделу, кең көлемдегі әлеуметтік тәжірибе жинақтау және белсенді өмірлік көз қарасын тұрақтандыруда студенттерге психологиялық-педагогикалық, консультативтік, ұйымдастырылған көмек көрсетуге;

  • студенттер кәсіби қызметінде болашақ пациент мен әріптестерімен қарым қатынастарына коммуникативтік құзіретін дамыту;

  • студенттерді еріктілер қозғалысына және әлеуметтік жобаларға тарту;

  • студенттерді бейәлеуметтік тәртібінің алдын алу жұмыстарына тарту және қалалық және республикалық деңгейде салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттауға.

2) Тьютор немесе тәлімгер келесі құжаттарды жүргізуге міндетті:

  • тьютор немесе тәлімгер күнделігі;

  • жұмыс жоспары;

  • есептер: ағымдағы мәліметтер (ай сайынғы), тоқсандық және жылдық.

3) Тьютор мен тәлімгер жұмыстарының негізгі принциптері:

  • кәсіптілік;

  • заңдылық;

  • жауапкершілік;

  • толеранттылық;

  • жол ашықтық, қол жетерлік.

6. БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
1) Тьютор мен тәлімгерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары кәсіби (педагогикалық) білім және университеттегі жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем болмауы керек;

  • атқаратын қызметі аясында және құжаттармен жұмыс жүргізгенде мамандығы бойынша мемлекеттік (шетел) тілді толық қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік және өзге де кең тараған шетел тілдерін кәсіби деңгейде білуі тиіс;

  • педагогикалық, ғылыми және басқару қызметтерінде тәжірибелері болғандардың артықшылығы бар;

2) Негізгі қызметтік талаптары:

  • белсенділік, тіл тапқыштық, жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы;

  • өзінің қызметін атқаруға қажетті білімінің және кәсіби дағдыларының болуы;

  • Университеттің штаттық қызметкері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет