1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1) Тьюторлық және тәлімгерлік қызмет туралы ереже (бұдан әрі мәтінде – Ереже) ішкі нормативтік құжат болып саналады. Бұл Ереже, Қазақстан Республикасы заңдары, Университет Жарғысы мен нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Денсауық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі мәтінде «Университет») тьюторлық және тәлімгерлік қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын реттейтін нормаларды қабылдап, құжат түрінде бекіту мақсатында енгізілген.
Бұл Ереже тьюторлар мен тәлімгерлер қызметінің негізгі талаптарын, міндеттерін және ұйымдастыру тәртібін, сонымен қатар, олардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды.
Болашақ дәрігерлерді кәсіби дайындау жүйесінде студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы ЖОО қызметіндегі басымды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады және оқыту мен тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету, білім беру мен тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында әрбір академиялық топқа тьютор немесе тәлімгер бекітіледі.
Осы Ереже бойынша «тьютор немесе тәлімгер», академиялық топқа жетекшілік ететін, білімгерлердің университет қабырғасында оқу бағдарламаларын игеруін қадағалап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және кәсіби дамуына ықпал ететін, білім беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі оқытушы деп түсінеміз.
Тьюторлық қызмет – бірінші курс студенттерінің университет қабырғасындағы өмірге тез, еш кедергісіз бейімделуге жағдай жасауға бағытталған тәрбие жұмысының түрі.
Академиялық топтардағы тьюторлық қызмет 1 және 2 курс білімгерлерінің арасында, ал тәлімгерлік 3 курс пен 7 курс бойынша тағайындалады.
Тьюторлардың ең басты міндеттерінің бірі – 1-2 курс студенттеріне студенттік өмірге тез және еш кедергісіз бейімделуге, өз құқықтары мен міндеттерін бағдарлауға үйрету, университеттегі оқу және оқудан тыс үдерісін ұйымдастырумен танысуға көмектесу, ұжымды біріктіру және топта қолайлы жағдай жасау.
Ал, 3-7 курс тәлімгерлері – кәсіби өзін-өзі тани білуін, қызығушылықтары мен қызмет түрлеріне қабілеттілігін анықтау, кәсіби өмірін бағдарлау, қазіргі еңбек нарығының өзгешеліктері туралы мағлұмат беру.
9) Аға тәлімгердің міндеті – университет факультеттеріндегі тәрбие жұмыстарын үйлестіру.
10) Тьютор немесе тәлімгер, университеттегі оқу барысында үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуына бағытталған студенттің жеке білім алуын қолдап, іс жүзінде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Соған қарамастан, тьюторлық қызметтің қолдану аясы әр түрлі сан-саналы, жан-жақты, олардың барлығы негізгі ашықтық, үздіксіздік және дараландыру принциптерін ұстанады.