7. ТЬЮТОРЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ Тьютор мен тәлімгерлердің іріктеуі жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті факультет декандарымен жүргізіледі де, ректордың, ал аға тьюторлар тиісті факультет декандардың бұйрығымен келесі оқу жылына тағайындалады.
8.ТЬЮТОРЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЫНТАЛАНДЫРУ Студенттермен жүргізген сапалы жұмыстары, оқу, ғылыми, қоғамдық және тәрбие жұмыстары бойынша жетекшілік ететін студенттердің көрсеткен жақсы көрсеткіштері үшін тьютор мен тәлімгерлер Университеттің Тарифттік кеңесі шешімі негізінде бекітілген көтермелеу түрлерін (ынталандыру төлемі) алуға ұсынылуы мүмкін.
9. ТЬЮТОРЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 1) Осы ережеде жүктелген тьюторлар мен тәлімгерлердің міндеттері мен қызметінің сапалы және уақытында орындалуына, атқаратын қызметінің барлық бағыты бойынша жұмыс жоспарының орындалуына және де тьюто рлар мен тәлімгерлердің тиімді жұмыс жасауына жағдай туғызуға тиісті факультет декандары жауапты болады.
2) Осы ереже бойынша оларға жүктелген жұмыстардың сапалы орындалуына әр тьютор мен тәлімгерлер жеке дара жауапты болады.
10. УНИВЕРСИТЕТ ТЬЮТОРЛАР КЕҢЕСІ 1) Университет тьюторлар кеңесі факультеттің аға тьюторлары мен тәлімгерлерінің жұмысын үйлестіріп, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
2)Университет тьюторлар кеңесі құрамына факультеттің аға тьюторлары мен тәлімгерлері, студенттердің әлеуметтік-тәрбие жөніндегі басқарма қызметкерлері кіреді.