С. Ж. Асфендияров атындағЫ


ТЬЮТОРДЫҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ



бет4/6
Дата13.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#82214
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПТиК-17.02.16

4. ТЬЮТОРДЫҢ АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1) Тьютор міндетті:

  • оқу жылының басында студенттерге университеттің ішкі оқу тәртібі ережесі, ҚазҰМУ студентінің Ар-ождан Кодексімен және ҚР ҒБМ нормативтік-құқықтық актілері мен мемлекеттік жастар саясаты заңымен таныстыруға;

  • студенттерді университеттің қалыптасу тарихымен, қызметінің басты бағыттары, дәстүрлері мен құндылықтарымен таныстыру, ҚазҰМУ тарихы мұражайына экскурссия ұйымдастыруға;

  • студенттерге ақпарат беруге:

  • университетте жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар, студенттік шығармашылық үйірмелер, спорттық секциялар, клубтар және т.б.;

  • кітапхана жұмысы мен кітапхана қорын пайдалану тәртібі туралы;

  • пәнді игеруді аяқтағаннан кейін университет кітапханасына оқулықтарын уақытында дер кезінде қайтаруын бақылауға;

  • білім беру бағдарламаларын игеру бойынша қызметті ұйымдастыруға;

  • универитетте оқуға бейімделуі қиындыққа түскен студенттермен жеке жұмыс жүргізуге;

  • студенттің сабаққа келмеу себебін анықтап, оған қатысты шара қолдануға, электрондық журнал мәліметтері бойынша студенттердің сабаққа қатысу мониторингін жүргізуге;

  • студент портфолиосы мен топ рейтингін уақытында және дұрыс толтырылуын бақылауға;

  • сессия соңында портфолиодағы студенттердің деректерін өңдеп, топтың жиынтық тізімдеме-

сін тиісті деканатқа өткізуге;

  • студенттердің ата-анасымен қарым-қатыныс орнатып, байланыста болуға, балаларының сабаққа келмеу себептері мен оқу жетістіктері туралы мәліметтерді уақытында құлағдар етуге;

  • шетелдік студенттердің ҚР жерінде келуі мен тұру тәртібін сақтау бойынша бақылауға;

  • студенттерді мемлекеттік және шетел тілдерін оқуға тартуға;

  • студенттердің оқу ақысын төлеуін қадағалауға;

  • шетелдік студенттерге жаңа әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бейімделуіне көмек көрсетуге;

  • шетелдік студенттерді университет қоғамдық өміріне араластыруға;

  • студенттерді еріктілер қозғалысына дағдыландыруға;

  • жетекші топ студенттерінің оқудан тыс уақытын әртүрлі шараларға тарту, театр, мұражайларына апару және т.б. жолдармен жоспарлау және ұйымдастыруға;

  • әр студенттің материалдық және отбасылық жағдайынан хабардар болуға, сонымен қатар, оның рухани ізденістері, жеке тұлғалық ерекшіліктері, бейімділіктері мен қызығушылықтарын білуге;

  • студенттердің жатақханадағы өмірі, тұрмысымен танысу, олардың тұрғылықты орны жайында хабардар болу үшін ай сайын жатақханада тұратын студенттерге мақсатты түрде барып тұруға (ескертпе: шетелдік студенттерге 10 күнде бір рет);

  • жетекші топта оқитын жағдайы төмен отбасыдан шыққан, жетім, мүгедек студенттерге ерекше көңіл аударып, жәрдем беруге;

  • жетекші топта оқитын студенттердің денсаулығы, «Д» есебінде тұратын студенттер жайында хабардар болуға;

  • туберкулез, нашақорлық, темекі тарту, ЖҚТБ, соз аурулары және т.б. алдын алу жайында әңгімелер өткізу, сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен айналысуды белсенді насихаттауға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет