Келесі сабаққа дайындалатын сұрақтар:
Гликолиз, биологиялық ролі, энергетикалық құндылығы.
Сүт қышқылының пайдалану жолдары, Кори циклы
Глюконеогенез, түсінік, осы үрдістің маңызы.
Аэробты жағдайда глюкозаның гликолитикалық тотығуы (сатылар).
Глюкозаның пентозофосфатты тотығуы, осы үрдістің биологиялық ролі
Гликолитикалық және пентозофосфаттық тотығулардың айырмашылығы.
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі
Гликозидазалардың, оксидоредуктазалардың құрылысын және маңызын қайталау.
.
3. Ауызша талдау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі
Сұрақтар:
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.
4. Жазбаша бақылау билет бойынша жүргізіледі.
5. Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге сабақ бойынша нәтиже жасап, баға кояды.
Достарыңызбен бөлісу: |