С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет11/58
Дата04.04.2023
өлшемі1,07 Mb.
#78933
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Мақсаты: Статистикалық деректерді өңдеу және реттеу ұғымдарын қалыптастыру. Таңдама тәсілдің негізгі ұғымдарымен танысу. Статистикалық деректерді өңдеу және реттеу дағдыларын қалыптастыру, дискретті және интервалдық статистикалық таралулармен танысу.


Оқытудың міндеті:

  • Таралудың дискретті статистикалық қатарын құру, таңдаманың сандық сипаттамаларын табу, жиілік және салыстырмалы жиілік полигондарын тұрғызу дағдыларын қалыптастыру.

  • Вариациялық қатар, таралудың дискретті статистикалық қатарын құру, таңдаманың сандық сипаттамаларын табу, жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигонын құру дағдыларын қалыптастыру.

  • Интервалдық статистикалық қатар интервалдарының тиімді саны мен интервалды статистикалық таралу қадамын табу, жиіліктер мен салыстырмалы жиіліктер гистограммаларын құру және интервалдық статистикалық таралу бойынша сандық сипаттамаларды табу дағдыларын қалыптастыру.

  • «Варианта», «жиынтық», «жиілік», «орта мән», «дисперсия», «орта квадраттық ауытқу», «орта мәннің стандартты қатесі» терминдеріне анықтама беру.

  • Таралудың дискретті және интервалдық статистикалық қатарлары, сенім аралығының жаңа ұғымдарын енгізу.

  • Таңдама орта, дисперсия, орта квадраттық ауытқуды есептеу формулаларын қолдануды үйрету.

  • Стерджес формуласын олдануды үйрету.

  • Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Варианта, жиілік, таңдаманың көлемі туралы түсініктер.

  2. Вариациялық қатар туралы түсінік.

  3. Таңдаманың сандық сипаттамаларының формулалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана.

  4. Асимметрия және экцесстің таңдама коэффициенттері туралы түсінік.

  5. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигоны туралы түсінік.

  6. Интервалдар санын анықтауға арналған Стерджес формуласы.

  7. Интервалдық таралудың қадамын есептеуге арналған формула.

  8. Таңдаманың интервалдық статистикалық қатарын құру.

  9. Жиіліктер мен салыстырмалы жиіліктер гистограммалары.

  10. Интервалдық таралу арқылы таңдама орта, дисперсия, орта квадраттық ауытқуды табу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет