мазмұнын баяндау барысында қолданылған әдебиетке сілтеме болуы керек;
библиографияны дұрыс жазу.
Реферат құрылымы: титулдық парақ, атауы, мазмұны (басталатын беттің көрсетілуімен реферат бөлімдерін біртіндеп жазу), кіріспе (зерттелетін мәселенің мәні, мақсаты, міндеті айтылуы керек), негізгі бөлім (бұл бөліктің әр бөлімі дәлелді түрде мәселенің мағынасын ашады, бұл бөлімде кестелер, сызбалар, графиктер келтірілуі мүмкін), қорытынды (реферат тақырыбы бойынша жалпыланған қорытынды беріледі, ұсыныстар айтылады), әдебиеттізімдері.
Өткізу мерзімі: циклдың соңғы сабағында.
Егер реферат барлық қойылған талаптарға сай жазылса, онда студент оны орындағаны үшін ең жоғары балл 100 балл алады. Егер рефератта аздаған кемшіліктер орын алса, мәселен, әдебиет саны аз, кейбір сұрақтар толық ашылмаған болса, онда студент 75-99 балл алады. Егер оқытушы тақырып жартылай ғана ашылған, бірақ негізгі сұрақтар қарастырылған, бір немесе екі ғана әдебиет пайдаланылған деп шешсе, онда студент 50-74 балл алады. Егер реферат тақырыбы ашылмаған болса, әдебиеттерге сілтеме болмаса, реферат сұрақтарына жауап болмаса, онда жұмыс үшін балл қойылмайды.