С. Ж. Бахтиярова


кубоктік, біріншілік, чемпио-



Pdf көрінісі
бет14/124
Дата15.11.2023
өлшемі4,4 Mb.
#122446
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

кубоктік, біріншілік, чемпио-
наттар
болуы мҥмкін.
Кубоктік жарыстарда жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен мара-
паттайды, жарыстар жыл сайын немесе бір жылдан кейін ӛткізіліп 
тҧрады

Біріншілік жарыстар
бірінші және одан кейінгі командаларды 
немесе жеңімпаздарды анықтау ҥшін жыл сайын ӛткізіліп тҧрады.
Чемпионаттық жарыстар
жыл сайын немесе жылына бір рет 
ӛткізіліп, тек қана жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, сонымен 
бірге чемпион атағын береді. Қандай да бір спорттың тҥрінде 
чемпион атағы тек қана чемпионаттыққа сәйкес ӛткізілген жарыстар 
да болуы мҥмкін.
Жарыстар рангісіне тоқтала келе, жарыстардың тӛрт деңгейін 
бӛліп қарастыруға болады: 
жоғары, бірінші, екінші
 
және
 
ҥшінші.
 
 
 
 


19 
Жарыстың жоғары деңгейі
– 
әлемдік және континенттік 
масштабта ӛткізілетін жарыстар:
Олимпиадалық ойындар, әлемдік және континенттік чемпио-
наттар мен Кубоктік жарыстар, континенттік біріншіліктер. 
Бірінші деңгейдегі жарыстар
– бҧл мемлекеттік масштабтағы 
жарыстар: елдің жеңіл атлетика Федерациясы ӛткізетін жарыстар, ҚР 
қалаларында ӛткізілетін финалдық және Кубоктік чемпионаттар, 
республикалық масштабта бекітілген халықаралық жолдастық 
кездесулер.
Екінші деңгейдегі жарыстар
– Федерация қҧрамына кіретін 
республика федерациясымен, облыстармен, олардың орталықтарымен 
ӛзара келісіліп, бекітіліп жҥргізілетін жарыстар. 
Ҥшінші деңгейдегі жарыстар
– қалалар, облыстар мен 
аудандарда спорт басқармасының және дене тәрбиесі ҧжымдарының 
келісімімен жҥргізілетін жарыстар. 
Жарыстардың келесідей тҥрлері болады: 
- негізгі жарыстарда жеңіл атлетика тҥрлері бойынша жарыстар,
онда жеңімпаздарды анықтау бағытында ӛткізіледі; 
- квалификациялық жарыстар жеңіл атлетика жаттығуларының 
тҥрлері бойынша іріктеу мақсатында ӛткізіледі; 
- классификациялық жарыстар спортшылардың спорттық дайын-
дық деңгейін анықтау мақсатында, маусым аяғында ӛткізіледі; 
- разрядтық жарыстар спортшыларға разрядтар беру ҥшін 
ӛткізіледі, бҧл жарыстарға тек тӛменгі разрядтағы спортшылар ғана 
қатыса алады, ал жоғарғы разрядтары бар спортшылар қатыспайды; 
- «теңестіру» жарыстарының негізгі мақсаты әлсіз спортшылар 
мен командаларға демеу беріп, кҥштерін теңестіру, әдетте бҧл 
жарыстар кӛп жағдайда мектеп оқушылары арасында спортқа деген 
қызығушылықтарын арттыру, дені сау ҧрпақ тәрбиелеу мақсатында 
ӛткізіледі; 
- іріктеу жарыстары қҧрама командағы спортшыларды жасақтау 
және дене дайындықтарын бақылауға алу мақсатында ӛткізіледі; 
- сырттай жарыстар – әртҥрлі қалаларда бір уақытта жҥргізіліп, 
жинақталған ҧпайлар саны бойынша орындар тағайындалады; 
- ашық жарыстар – барлық қалаушылар ҥшін ӛткізілетін жарыс, 
тек дәрігердің рҧқсат қағазы болуы тиіс; 
- бӛлек және тҥрлі жарыстар – жеңіл атлетика жаттығуларының 
бір тҥрінен немесе бір тҥрінен командалық есепте ӛткізілетін 
жарыстар, мысалы, «Жҥгірушілер кҥні», «Секірушілер кҥні», 
«Марафон кҥні» және т.б. 


20 
Жолдастық кездесу жарыстары – командалық есепте ҥздік 
командаларды анықтау ҥшін жҥргізіледі.
Сипаты мен тҥріне қарамастан жарыстардың барлығы жарыстар 
кҥнтізбесіне кірістірілуі қажет. Ҧйымның жарыстар кҥнтізбесіне 
кірістірілмеген жарыстар жҥргізілмейді және қаржыланбайды. 
Жарыстар кҥнтізбесін қҧрастыру қағидасында жоғарыдан тӛмен, яғни 
субординация сақталу қажет, алдымен жоғарыдан қарайтын ҧйым 
ӛзінің кҥнтізбесін, одан кейін тӛмен тҧратын және осылай ең тӛменгі 
ҧжымға дейін қарастыру қажет. Тӛмен тҧратын ҧйымдардың 
жарыстарды ӛткізу уақыты жоғарыдан қарайтын ҧйымдардың 
жарыстарымен сәйкес келмеуі қажет. Жоғарыдан қарайтын 
ҧйымдардың жарыстарына қҧрама команда жасақтау мақсатымен 
бҧрын ӛткізілуі қажет (мысалы Қазақстан біріншілігіне аймақтық 
жарыстарға ӛз кезегінде облыс біріншілігі, әрі қарай қала, ҧжымдық 
жарыстар бҧрын ӛткізілуі тиіс). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет