С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
 
 
 
 


 
43 
 
3 ӨНДІРІСТІК ЛОГИСТИКАСЫ  
 
3.1 Өндірістік логистиканың мақсаттары мен міндеттері  
 
Өндірістік  логистиканың  мақсаты  материалдық  игіліктерді  құрайтын 
немесе сақтау, қаптау, өлшеу, орналастыру сияқты материалдық қызметтерді 
жүзеге  асыратын  кәсіпорын  ішіндегі  материалдық ағындарды  оңтайландыру 
болып  табылады.  Өндірістік  логистиканың  міндеттері  логистикалық 
жүйелердің  қызмет  етуін  басқаруды  оңтайландыру  сауалдарының  маңызды 
мәселелерінің 
біреуін 
құрайды. 
Интегралданған 
түрде 
өндірістік 
логистиканың міндеттері  келесі түрде беріледі [5, 20−25]:  
-тұтынушылардың  тапсырыстары  және  дайын  өнім  қажеттіліктерін 
болжау негізінде өндірісті жоспарлау;  
-өнеркәсіптің  өндірістік  бөлімшелеріне  және  цехтарына  өндірістік 
тапсырмалардың жоспар-графиктерін құрастыру;  
-жабдықтау және өткізу қызметтерімен келісілген, яғни сатып алу және 
тарату  логистикасымен  келісілген  өнімді  шығару-енгізу  графиктерін 
құрастыру;  
-өндірісті  оперативтік  басқару  және  өндірістік  тапсырмаларды 
орындауды ұйымдастыру;  
-дайын өнімді өндірудің өзіндік құнын бақылау. 
Өндірістік  логистиканың  негізгі  арналымы  –  өндірістік  циклдің 
ұзақтығын  максималды  қысқарту  және  өндірістік  қорларды  минималды 
мүмкін мөлшерге төмендету мақсатында өндірістік үрдісте материалдардың, 
жартылай фабрикаттардың және детальдардың  рационализациясы. 
Сатып  алу  логистикасында  материалдардың  мөлшері,  жеткізілім 
басталуының  мерзімі  және  олардың  келуінің  ұзақтығы  компанияның 
өндірістік бағдарламаларына тәуелді, олар өз кезегінде өткізу нарығын зерттеу 
нәтижелерімен  анықталады.    Соңғылар  тарату  логистикасының  есептеріне 
жатады. Осылайша, біз логистиканың барлық функционалдық облыстары бір-
бірімен байланысты екенін көреміз.   
Өнімді  өндіру  үшін  қанша  материал  сатып  алу  қажеттігін  және  олар 
жеткізушілерден  қандай  кезеңділікпен  келу  керектігін  есептеу  әдістерінің 
жиынтығы  бар,  бірақ  олардың  бәрі  бұрын  осыған  ұқсас  материалдар  қалай 
қолданғандығы туралы ақпаратты қажет етеді  [5, 23, 24]. 
Материалдың қажеттігін ақырғы өнім өндірудің белгілі бағдарламасын 
қарастырып  отырып  есептеуге  болады.  Бұл  жағдайда  MRP  (материал 
қажеттігін  жоспарлау  төменде  қарастырылады)  әдісі  көмегімен  есептелетін 
тәуелді  сұраныс  туралы  айтылады.  Оның  жұмыс  істеу  қағидасы  өте 
қарапайым:  бастапқы  нүкте    –  бұл  ақырғы  өнімге  деген  болжанатын  немесе 
белгілі  сұраныс.  Бұл  жерде  материалдың  жеткізілетін  уақыты  және  өндіріс 
уақыты белгілі болу керек.  


 
44 
 
Есептеу  мәліметтері  негізінде  тапсырыс  орындалуының  уақыты 
анықталады,  бұл  тапсырыс  беру  мезетінен  өнімді  жеткізу  мезетіне  дейінгі 
уақыт аралығын құрайды.  
Материал 
 
қажеттігін 
жоспарлау 
әдістемесін 
қолданудың 
артықшылығына  сатып  алу  мен  өндіріс  ақырғы  өнімнің  қажеттігіне  сүйеніп 
жоспарланатындығы жатады.  
 Логистикада 
материалдың  қажеттігін  анықтаудың  басқа  да 
детерминацияланған, стохастикалық, эвристикалық сияқты әдістері бар. 
Сатып  алудың  мөлшерін,  уақытын  және  кезеңділігін  анықтаудың 
барлық қарастырылған әдістері дәлділік, уақыт шығыны, қызмет құны немесе 
материал  қажеттігін  анықтау  тұрғысынан  өзінің  артықшылықтары  мен 
кемшіліктері бар. Таңдау келесі мәліметтерге тәуелді болады:   
-фирманың  профиліне;  
-тапсырыс берушінің мүмкіндіктеріне;  
-бұйымның типіне;  
-қойманың болуына және түріне;  
-қорлардың күйін бақылау жүйесіне. 
Өндірістік логистика – бұл бастапқы шикізатты соңғы өнімге айналдыру 
барысында  материалдық  және  ақпараттық  ағындардың  қозғалысын 
ұйымдастыру  үдерісі.  Өндірістік  логистиканың  негізгі  міндеті  кәсіпорында 
шикізаттың,  жартылай  фабрикаттардың  және  дайын  өнімдердің  үйлесімді 
қозғалысын  қамтамасыз  ететін  ережелер  мен  стандарттар  жүйесін  құрудан 
тұрады. Бұл қозғалу үдерісі неғұрлым нақты және ырғақты болған сайын, оны 
реттеу және бағыттау оңай және арзан болады. 
Өндірістік  логистика  келесі  міндеттерді  шешуді  қамтамасыз  ететін 
басқару жүйесі болып табылады: 
-теңдестірілген өндірістік тізбекті құру;  
-цех кеңістігін ұйымдастыру, жабдықты орналастыру;  
-тапсырыстарды орындау кезектілігін анықтау;  
-өндірістік  тізбектегі  материалдық  және  ақпараттық  ағындардың 
қозғалысын ұйымдастыру;  
-өндірістік жүйенің тұрақты жұмысын қолдау.  
Айталық,  біздің  кәсіпорын  жаппай  киім  тігумен  айналысады.  Дайын 
өнімді алу үдерісі үш кезеңнен тұрады: (1) пішу, (2) тігу, (3) жапсырмаларды 
тігу және орау. Пішуші бір сағат ішінде 40 киімге матаны піше алады. Тігінші 
бір сағат ішінде 10 бірлік тігуі мүмкін. Ораушы бір сағат ішінде 50 бірлік орай 
алады. Біздің кәсіпорынның жұмыс профилін құрайық (3.1-сурет). 
 


 
45 
 
 
                                                                             Қызметтер 
                                        
3.1-сурет. Тігін кәсіпорнының жұмыс профилі 
 
 
3.1-суретте  көріп  отырғаныңыздай,  екінші  кезең  -  ең  баяу  кезең. 
Осының  арқасында  бүкіл  кәсіпорынның  жұмысы  бәсеңдейді.  Бірінші  және 
үшінші  қызметкерлердің  бос  тұрып  қалу  уақытын  қысқарту  үшін  екінші 
кезеңді  «кеңейту»  қажет.
 
Әдетте  бұл  «кеңейту»  жабдықты  немесе 
қызметкерлерді  көбейту  арқылы  жүргізіледі;  сондай-ақ  осы  кезеңде  жұмыс 
технологиясын жетілдіру есебінен еңбек өнімділігін арттыруға болады. 
 
Біздің жағдайда тігіншілер санын 3 адамға көбейтеміз. Олардың жалпы 
сағаттық  өндірісі  40  бірлікті  құрайды.  Осылайша,  біз  алғашқы  екі  кезеңнің 
жұмысын теңестірдік. 
 
Қаптаушы (үшінші операция) жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген, 
бірақ  біз  оны  оған  қандай  да  бір  қосымша  жұмысты  қосу  арқылы  түзете 
аламыз,  мысалы,  киім  салынған  жәшіктерді  таңбалау  немесе  дайын  өнімнің 
есебін жүргізу сияқты. 
 
 Барлық  операцияларды  теңестіру  әрекеттері  өнім  шығарудың  үлкен 
көлеміне  алып  әкеледі,  демек,  қойма  және  өндірістік  алаңдарға  қойылатын 
талаптар, коммерциялық шығындар және т. б. өседі.
 
Оңтайландырудан  кейінгі 
тігін кәсіпорнының жұмыс профилі 3.2-сурет ұсынылған. 
                                                              
                   
 
                                                                                                               Қызметтер 


 
46 
 
            
3.2-сурет
.  Оңтайландырудан  кейінгі  тігін  кәсіпорнының  жұмыс 
профилі 
 
Жоғарыда  келтірілген  өндірістік  қуаттарды  теңестірудің  мысалы  өте 
қарапайым  көрінгенімен,  іс  жүзінде  бұл  үдеріс  қиындықтар  туғызады.  Бір 
жабдықта  әртүрлі  тауарлар  шығарылуы  мүмкін,  ал  дайын  өнім  шығару 
құрылымы  үнемі  өзгеріп  отырады.  Бұл  жағдайда  кәсіпорын  жұмысын 
оңтайландыру үшін желілік бағдарламалау әдістерін қолдануға болады. 
   Цех кеңістігін ұйымдастыру және жабдықтарды орналастыру 
Цех  кеңістігін  ұйымдастырудың  бірінші  тәсілі  цехты  бір  типті  жабдық 
орналасқан немесе ұқсас операциялар орындалатын  учаскелерге бөлу болып 
табылады.  Мысалы,  престеу  учаскесінде  әртүрлі  модельдер  мен  түрлі 
өнімділіктегі  престер  орналасуы  мүмкін,  бірақ  олар  бір  операцияны 
орындайды және оларға бір мамандық жұмысшылары, престеушілері қызмет 
көрсетеді.    Жабдықты  орналастырудың  осындай  мысалы  3.3-суретте 
ұсынылған.  Мұнда    цех  бір  мезгілде  бірнеше  атаудағы  өнімдерді  шығара 
алады.  Материалдық  ағын  бір  бағытта  қозғалмайды:  қосымша  өңдеу  үшін 
өткен учаскелерге қайтып келуі мүмкін. 
 
                                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         Сур.3.3.Жабдықты функционалдық белгісі бойынша орналастыру 
 
 
 
3.3-сурет. Жабдықты функционалдық белгісі бойынша орналастыру  
 
Бір үлгідегі жабдықты жеке учаскеде орналастыру артықшылықтары: 
    -  жабдықтарды  жөндеу  және  техникалық  қызмет  көрсету  ыңғайлылығы 
(операциялар  цехтың  әрбір  учаскесінде  кезек  бойынша  орындалады,  қалған 
учаскелер осы уақытта штаттық тәртібінде жұмыс істей алады); 
   −  жаңа  қызметкерлерді  оқыту  жеңілдігі  (кәсіпорынға  келген  жаңа  адам 
әдетте  қандай  да  бір  мамандық  бойынша  жұмыс  істейді,  мысалы,  тегістеу 
станоктарында  жұмыс  істеу  немесе  краншы  жұмысы.  Жабдықты 
орналастырудың  мұндай  нысаны  кезінде  тәжірибелі  жұмысшы  -  тәлімгерді 
штамптау 
учаскесі 
механикалық 
өңдеу учаскесі 
гальванөңдеу 
учаскесі 
құрастыру 
учаскесі 


 
47 
 
арнайы бөліп алудың және оны негізгі жұмыс бөлігінен босатудың қажеті жоқ. 
Стажер  жан-жақты  және  толық  білім  беретін  бірнеше  жұмыскерден  бірден 
үйрене алады); 
    - операциядан жартылай фабрикаттарды жылжыту үлкен партиямен жүріп 
жатыр. Бұл үдерісті ұйымдастыру және қолдау оңай. 
Технологиялық 
тізбектің 
мысалы 
3.4-суретте 
көрсетілген,  
бағыттамалармен жартылай фабрикаттарды бір кезеңнен екіншісіне ауыстыру 
көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
             
 
3.4-сурет. Жабдықты технологиялық белгі бойынша орналастыру 
 
Цех  кеңістігін  ұйымдастырудың  екінші  тәсілі  -  жабдықты 
операциялардың  орындалу  тәртібі  бойынша  тізбекке  орналастыру.  Мысалы, 
дайын  өнімді  алу  үшін  дайындаманы  кесу  керек,  содан  кейін  тегістеу  және 
бояу  керек  болса,  біз  металл  кесетін  станок,  тегістеу  станогы  және 
бұйымдарды бояу және кептіру қондырғысын орналастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет