С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет33/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Байланысты:
Тауар қозғалысының логистикасы .docx

 
 


 
74 
 
5. КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ   
  
5.1 Көлік  логистиканың міндеттері мен функциялары 
  
 
Тарату  логистикасында  көлік  есебі  бірнеше  өндірушілерден  бірнеше 
тұтынушыларға  тауарлар  ағынын  тиімді  таратуды  ұйымдастыру  үшін 
қолданылады. Жүк бірлігін тасымалдау құны әртүрлі болған жағдайда әр түрлі 
кәсіпорындар  арасында  мынадай  сұрақ  туындайды:  қандай  тұтынушылар 
бірінші  өндірушімен  (бірінші  қоймамен,  тарату  орталығымен  және  т.б.), 
қандай – екіншісімен және т. б. қамтамасыз етілуі тиіс. Тіпті үш өндіруші мен 
үш  тұтынушыдан  тұратын  қарапайым  көлік  жүйесін  зерттеу  кезінде  де 
тауарлар  ағынын  бөлудің  көптеген  нұсқалары  бар.  Логистика  үшін  осы 
нұсқалардан  оңтайлы  таңдау  міндеті  тұр.  Оған    қойылған  міндеттерге 
байланысты ол ең аз көлік шығындарымен, ең аз уақыт шығындарымен, көлік 
құралдарының ең аз тозуымен және т. б. сипатталатын тарату нұсқасын таңдай 
алады. 
Көліктік  есептерді шешудің көптеген тәсілдері бар: потенциалдар әдісі, 
симплекс  әдісі,  тарату  әдісі  және  т.б.  Зерттеушінің  міндеттері  мен 
дағдыларына байланысты шешімнің қандай да бір әдісі қолданылады. 
Осы тарау аясында біз сіздермен тарату әдісін қарастырамыз.  
Жоғарыда  айтылғандай,  тауарлардың  айналым  салалары  бойынша 
сатып  алу,  өндірістік,  тарату  және  т.б.  логистиканың  түрлерін  ажыратады. 
Бірақ  олардың  ішінде  логистиканың  жоғарыда  аталған  түрлерінің 
әрқайсысының  құрама  бөлігі  болып  табылатын  көліктік  логистика  ерекше 
орын алады. Сондықтан көліктік логистикалық жүйенің қызмет ету механизмі 
зерттеудің маңызды есептерінің бірі болып табылады [8,21−29]. 
Көліктік  логистика ретінде өндіру орнынан тұтыну орнына жүктің орын 
ауыстыруымен  байланысты  операциялар  жүзеге  асырылатын  тауардың 
жылжуы қарастырылады.  
Көліктік    логистиканың  есептеріне  шешімі  алдымен  көліктік  үрдіске 
қатысушылардың іс-әрекеттерінің келісімділігін күшейтетін есептер жатады. 
Мұндай  есептерді  шешу  маңыздылығы    көліктік  жұмыс  көлемі  үлкен  және 
көліктің  бірнеше  түрлері  қатысуымен  аралас  тасымалдаулар  қолданылған 
жағдайда пайда болады.  
Аралас  тасымалдауларды  ұйымдастыру  кезінде  дәстүрлі  тәсілдемеге 
қарағанда  логистикалық  тәсілдемені  қолданудың  бірқатар  артықшылықтары 
болады. Оларға келесілер жатады:  
− 
ағымды  материалдық  ағынды  жобалауға  мүмкіндік  беретін 
тасымалдау үрдісінің біртұтас операторының болуы; 
− 
бірыңғай көліктік құжатты қолдану; 
− 
фрахтаның бірыңғай өсімақысын құру; 
− 
бірыңғай және жоғары жауапкершілікке жету; 
− 
бәсекелес жақтардың контрагенттерінен көліктік үрдісте бір-бірін 
өзара толықтыратын серіктестерге айналуы. 


 
75 
 
Көліктік  үрдістер  өндірістік  және  саудалық  үрдістерге  үйлеседі. 
Сондықтан  көліктік  құрамасы  логистикалық есептердің жиынына  қатысады. 
Логистика,  бұрын  айтылғандай,  бұл  біртұтас  техника,  технология,  үнемдеу 
және  жоспарлау  өнері.  Осыған  сәйкес  көліктік  логистиканың  есептеріне 
көліктік  үрдістің  қатысушыларының  техникалық  және  технологиялық 
әрекеттесуін 
қамтамасыз 
етуді, 
олардың 
экономикалық 
қызығушылықтарының  келісімділігін,  сондай-ақ  жоспарлаудың  біртұтас 
жүйелерін қолдануды жатқызуға болады. Бұл есептердің әрқайсысын қысқаша 
сипаттайық.  
Көліктік  кешендегі  техникалық  әрекеттесуі  дегеніміз  көліктік 
құралдардың параметрлерінің арнайы түрлерінің ішінде, сондай-ақ түраралық 
кескініндегі  келісілімділігі.  Бұл  келісімділік  модальді  тасымалдауларды 
қолдануға, контейнерлермен және жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік 
береді [30−34]. 
Технологиялық әрекеттесу деп тасымалдаудың біртұтас технологиясын, 
тура тасымалдауларды қолдануды түсінеміз.  
Экономикалық  әрекеттесу  деп  нарық  конъюнктурасын  зерттеудің 
жалпы тәсілдемесі және тарифтік жүйені құруды айтамыз. 
Бірлесіп жоспарлау графиктердің біртұтас жоспарларын құрастыру және 
қолдануды білдіреді. 
Көліктік логистиканың есептеріне тағы келесі есептер жатады: 
− 
көліктік  жүйелерді,  оның  ішінде  көліктік  дәліздер  мен  көліктік 
тізбектерді құру; 
− 
көліктік-қоймалық  үрдістің  технологиялық  бірлігін  қамтамасыз 
ету; 
− 
көліктік  үрдісті  қоймалық  және  өндірістіктік  үдерістермен  бірге 
келісіп жоспарлау; 
− 
көліктік құралдың түрін таңдау; 
− 
көліктік құралдың типін таңдау; 
− 
жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет