Әбдірәсілов. Дегенмен,
қолданыс сөзінің де
употребление деген баламасы болғандықтан,
қазіргі кезде
назначение сөзі
арналымы деп аударылып жүргендігін айта кетуге тиіспіз.
Сәйкестіктерді жоғарыдағыдай түрлерге бөлу,
ең алдымен, лексикалық және
фразеологиялық сәйкестіктерге қатысты. Ал грамматикалық бірліктердің сәйкестігінің
сипаты басқаша болады. Грамматикалық мағыналар жалпылама
сипатқа ие екендігі
белгілі және олардағы ақпарат нақтыланып, тиісті грамматикалық тұлғаларды иеленетін
лексикалық бірліктердің мағынасымен тығыз байланысты болады. Аудармада
грамматикалық тұлғаларды таңдау түпнұсқаның грамматикалық бірліктерін таңдаумен
ғана анықталмайды, жалпы сөйленімдегі берілетін ақпараттың ұйымдасуына байланысты
болады [5].
Аударма
сәйкестігін сипаттауда, әдетте, екі тілдегі бір деңгейдің (лексикалық,
фразеологиялық, грамматикалық) бірліктері сәйкес келеді. Алайда сөйленімдер тілдің
әртүрлі деңгейлерінің негізінде құрылатындықтан, аударма процесінде де түпнұсқаның
белгілі бір бірлігі аудармада қандай құралдармен берілетіндігін алдын ала анықтау қиын.
Сондықтан
деңгейаралық аударма сәйкестігі болатын жағдайлар кездесуі мүмкін.
Мысалы,
... орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде беріледі:
девушка из города – қалалық қыз; человек с характером – мінезді адам т.с.с. Орыс тілінен
қазақ тіліне аударғанда сөйлем мүшелері «ауыстырылуы» мүмкін:
Книга прочитана мною
– Мен кітапты оқып шықтым (толықтауыш бастауышқа ауыстырылған);
В комнате
стояла жара – Бөлме қапырық болып тұр еді (пысықтауыш бастауыш түрінде
аударылған) [6, 12].
Сәйкестікті түпнұсқадағы бірліктің орнына аударма тілдегі бір бірлікпен механикалық
түрде орын ауыстыру ретінде түсінуге болмайды. Сәйкестік ұғымы аудармада қандай да
бір бірліктің сәйкестігін таңдауды немесе белгілі сәйкестікті пайдаланудан бас тартып,
аударманың басқа да тәсілдерін
іздестіруді айқындайтын лингвистикалық және
жағдаяттық мәнмәтін ұғымымен тығыз байланысты.
Лингвистикалық мәнмәтін қандай
да бір бірлік мәтінде қолданылатын тілдік «қоршау» болып табылады. Ал оның ішіндегі
Достарыңызбен бөлісу: