С. М. Бахишева 2019ж «Келісілді»


Педагогикалық жағдаят №38



бет7/8
Дата18.04.2023
өлшемі74,5 Kb.
#83760
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ped-sityasiya-0105013-kz

Педагогикалық жағдаят №38
Мектептегі кәсіби еңбегіңіздің бірінші жылында Сіз «қиын» оқушыға кезіктіңіз.Сыныбыңыздағы бір бала белгісіз себептермен қыздарды ренжітеді, жылатып қояды. Ата-аналар наразылық білдіруде. Ескертулер мен жазалар әсер етпейді. Оларды қолданған сайын жағдай одан әрі ушығуда.
- Осы жағдайға қалай әсер етуге болады? Осы жағдайда сіз не істер едіңіз? Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №39
Бірінші сынып оқушысының ата-анасы мұғалімнен көмек сұрады: Оқушы қыз күнде таңертең жылап мектепке барғысы келмейді, себебі мектеп те, сыныптастары да оған ұнамайды.
- Не істеу керек?
- Сынып жетекшісі мен оқушы арасындағы әңгімелесудің жоспарын құрыңыз.
Педагогикалық жағдаят №40
Сізді кіші мектеп жасыңыздағы оқушыларға тәлімгер етіп белгіледі, өзіңіздің қамқорлыққа алған сыныбыңызбен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №41
Сіз кіші мектеп жасындағы балалармен бірге циркке немесе кинотеатрдың балалар сеансына бара жатырсыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға кездесуіңіз мүмкін? Болашақ педагог тұрғысынан өзінің әсеріңізді сипаттаңыз.
- Идеал мұғалім моделін жасап көріңіз: ол нені білуі керек, ол нені жасай алуы керек, тұлғаның қандай сапасын дамытуы керек?


Педагогикалық жағдаят №42
Мектепті бітіргеннен кейін Педагогикалық мамандыққа түсуді жоспарладыңыз, бірақ қай колледжге түсетініңізді әлі анықтаған жоқсыз. Сіз педагогикалық мамандықтар даярлайтын колледждерді қандай критерийлер бойынша таңдайсыз, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят № 43
Сізді «Наурыз» мерекесіне орай сынып сағатын ұйымдастыруға жауапты етіп тағайындады. Осы іс-шараның жоспарын ұсыныңыз.


Педагогикалық жағдаят №44
Сізге мектеппен қоштасу сәті келді, оларға деген алғысыңыз шексіз. Көзіңізді жұмып, ойланып көріңіз, қандай сөзбен Сіз өз алғысыңызды білдірер едіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет