С. М. Бахишева 2019ж «Келісілді»


Педагогикалық жағдаят № 22



бет4/8
Дата18.04.2023
өлшемі74,5 Kb.
#83760
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ped-sityasiya-0105013-kz

Педагогикалық жағдаят № 22
Сынып жетекшісі, әрі пән мұғалімі ретінде мектеп мұғалімінің жұмысында қандай мәселелер (қиындықтар) болады? Мектеп директоры болсаңыз - оларды болдырмау үшін не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 23
Болашақтың мектебін қалай көргіңіз келеді?


Педагогикалық жағдаят № 24
Сізге мұғалімнің ар-намыс кодексін жасау ұсынылды. Сіз оған кандай бөлім қосар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №25
Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгілі оған мән де бермейді.
- Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
- Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді негіздеп беріңіз.


Педагогикалық жағдаят №26
Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: Айгүл басқа сабақтарда көп әңгіме айтады, Сәуле өсекші, сынып оқушылары бір біріне ат қойып, айдар тағады т.б.
- Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №27
Сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың тұрмыстық жағдайлары әр түрлі, сынып ішіндегі жағдайы жақсы балалар жағдайы төмен оқушыларды төмендедететінін байқадыңыз.
- Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №28
Сыныптағы бір оқушы сыныптасын ұнатпайды, онымен бірге жұмыс жасағысы келмейтінін ашық айтады.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. «Онда тұрған не бар?».

  1. «Бірге жасауға тура келеді, амал жоқ».

  1. «Бұл сенің тарапыңнан ақымақтық».

  2. «Осы жағдайдан кейін ол да сенімен жұмыс жасағысы келмейді».

  3. «Сенікі дұрыс емес деп ойлаймын».

  4. Сіздің өз жауабыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет