С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет62/97
Дата27.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#110901
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Байланысты:
Исаев учеб

Жалпылау есімдігі. Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).
Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? (А). Біліпті дерттің барлығын (А).
Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.
Болымсыздық есімдігі. Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекеңдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А). Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов). Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М.) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемнің бастауышы болып тұр; ешқандай болымсыздық есімдігі қандай (менмендік)? деген сұракқа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (каратпа)? деген сұракқа жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты)? деген сұраққа жауап беріп, болмай шықты деген қимылдың мекенін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайда, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (А).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет