Сеп
Тік
|
мен
|
Сен
|
ол
|
бұл
|
сол
|
сіз
|
А.
|
Мен
|
Сен
|
ол
|
бұл
|
сол
|
сіз
|
І.
|
ме-нің
|
се-нің
|
о-ның
|
бұ-ның мұ-ның
|
со-ның
|
сіз-дің біз-дің
|
Б.
|
ма-ған
|
са-ған
|
о-ған
|
бұ-ған
|
со-ған
|
сіз-гс
біз-гс
|
Т.
|
ме-ні
|
се-ні
|
о-ны
|
бұ-ны мұ-ны
|
со-ны
|
сіз-ді
біз-ді
|
Ж.
|
Мен-де
|
сен-де
|
он-да
|
бұн-да мұн-да
|
сон-да
|
сіз-де
біз-де
|
Ш.
|
Ме-нен
|
сен-ен
|
о-нан
|
бұ-дан мұ-нан
|
со-дан
|
сіз-ден біз-ден
|
К.
|
Ме-ні-мен
|
се-ні-мен
|
о-ны-
мен
|
бұ-ны-
мен
мұ-ны-
мен
|
со-ны-мен
|
сіз-бен біз-бсн
|
Кейбір сөз табы семантикалық процестердің негізінде есімдікке ауысқан, ол прономиналдану процесі деп аталады: бір, біреу,т.б.
Пысықтау үшін сұрақтар
1.Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері неде?
2.Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?
3.Жіктеу есімдіктерінің жаққа қатысы қандай?
4.Есімдіктер қалай түрленеді?
5.Есімдіктердің грамматикалық категориялары бар ма, неге?
6. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі қандай?
Әдебиеттер:
Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 104-124- беттер.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 82-103-беттер.
Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, морфология. М.,1956.
Ә. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. А.,1966
Ә. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер. А.,1961
ХІХ. Етістік
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
Етістік түбірлер: негізгі және туынды түбір, біріккен, қосарланған, тіркескен түбір етістіктер.
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері.
А)бұйрық райдың ІІ жағымен сәйкес келуі;
ә) етістіктің түбір тұлғасында қолданылу сипаты;
б)етістік түбірдің жіктелу ерекшеліктері.
Негізгі және көмекші етістіктер.
Көмекші етістіктердің түрлері.
Аналитикалық форманттар.
Күрделі етістік. Тіркесті түбір етістіктер. Етістіктің аналитикалық формалары. Сыпат мәні.
Қалып етістіктерінің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты
Етістіктің өзіне тән семантикалық және грамматикалық сипатын меңгере отырып, сол ерекшелік - белгілері арқылы басқа сөз таптарынан бөлініп, өзіндік грамматикалық ерекше жүйесі бар, грамматикалық категорияларға бай жеке сөз табы екенін біліп, сөйлемде етістікті тауып, талдай білу.
Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға – етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені кейінірек көрсетілетіндей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.
Қазіргі қазақ тілінде етістік – ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеологиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.
Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Кейбір еңбектерде етістікке қимылдың, іс-әрекеттің, „түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы" (М.Ы. -ҚҚТ, 8) деген анықтама беріледі. Ол дұрыс емес, етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді; қимылдың атын етістіктің кейбір тұлғалары қимыл есімі немесе тұйық етістік ғана білдіреді.
Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үш түрлі принципінің белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің өн бойынан айқын байқалады да, солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән тудырмайды.
Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, әр түрлі тұлға күйінде де, өзіне тән әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп асығыс айтып жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрссткен жөн. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің бір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір тұлғасы (негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сондықтан да қазақ тілінің грамматикаларында, тіпті кейбір арнайы зерттеу еңбектерде етістіктің түбір тұлғасына қимылды білдірумен бірге осындай грамматикалық мағыналар, яғни бұйрықтық және екінші жақ анайы жекешелік мағына тән деп көрсетіледі де, „етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше екінші жағы" деп анықталады.
„Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады" (О.М. -Қ. І., 164). „Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі екінші жақтық бұйрық райы болады да, басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -й-ған, -ып, -с, -ды, -пты т.б. (Т. -С, 72). Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан қарағанда етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі болып ол тұлғаларда келгенмен, шақ, рай т.б. грамматикалық категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде сол категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2-жақтың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып сен опы (біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады" (X. —ЕЛГЕ, 35). Демек, 2-жақ бұйрықтық оған қоса келер шақтық мағына етістік түбіріне тән болып, етістіктің түбірі деген ұғым сонымен қоса түлғасы да етістіктің 2-жақ бұйрық рай деген ұғыммен бір болып белгіленеді.
Етістік түбірін бұлай айқындау туыстас тілдердің грамматикаларынан да байқалады. Қарақалпақ тілінің грамматикасында „Фейилер (етістіктер (-И.С.) тийкар (негізгі (-И.С.) түбір яки дөненди (туынды (-И.С.) түбір формасында тұрып, еш қандай грамматикалық морфемаларды қабалдамай-ақ жақ (-И.С.), мейил (рай (И.С) хәм мохәл (шақ (-И.С.) мәнилерин билдира алады: кел-екин-ши бет, бұйрық мейил, келер мәхол (2-жақ, бұйрық рай, келер шақ)" – делініп, „түбір етістіктер де бұйрық рай болып табылады", – деп анықталады. (ХҚТ, 115, 176). Қырғыз тілінің грамматикасында да екінші жақ бұйрық райы ешбір қосымшасыз етістіктің негізіне тура келеді де, бұйрық райдың бірінші және үшінші жақ формаларының жалғануы үшін морфологиялық негіз болып есептелінеді", - деп көрсетілген. (Д.К. - АКТ, 160). Бірден ескертетін жайт – егер бұйрық райдың (2-жақ) формасы бірінші және үшінші жақ тұлғаларын жасауға негіз тұлға болса, онда ол 2-жақ бұл парадигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену жүйесінің түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық, мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері арқылы ажырайтын, екінші жағынан, бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік құбылыс болып саналады.
Олай болса, бір ұғымды, яғни етістіктің белгілі бір тұлғадағы грамматикалық мағынасын және оны білдіретін грамматикалық формасын бірде етістіктің түбір тұлғасы деп, екінші бірде бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ тұлғасы деп, екі түрлі атаудың қаншалықты қажеттігі бар? Біріншіден, бұл екеуі бір ғана грамматикалық құбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана атау керек. Екіншіден, бұйрықтық, жақтық (екінші, анайы) мағына етістік түбірдің маңдайына біткен, соған тән мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының (райдың) бір грамматикалық түрі, көрінісі (бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларыпда сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақтық, жекешелік, бұйрықтық) қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалудың нәтижесінде пайда болатыи мағына. Яғни бірінші мағына – толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөз табы ретінде) қалыптасқаи, түбірге тән қимылды білдіру – жалпы грамматикалық мағына да, екінші – сөйлеу процесінде сел деген сөзбен байланысқа түсу нәтижесінде (субъектілік-предикаттық қатынасқа түсу нәтижесінде) пайда болатын мағына. Мысалы, қимылды білдіру етістік түбіріне тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сыи есім түбіріне заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін т.б. мағыналарды білдіру тән болып келеді. Ал сырт тұлғасы жағынан зат есімнің бір түлғасына ұқсас, бірақ мағынасы бөлек тура объектіні, бағыттық, предикаттық, қатыстық т.б. мәнді білдіретін мына зат есімдер бір тұлғада емес екені түсінікті болса керек: Ғылым таппай мақтанба (Абай). Филипп патша баласы ер көңілді (Абай). Мәскеу бардым, не көрдім? (Жамбыл). Ғашықтың тілі-тілсіз тіл (Абай). Сондай-ақ бірыңғай мүшелерге кейде грамматикалық тұлғалардың алдыңғы сөздерге жалғанбай қолдануын, мысалы, ащы мен тәттіні татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер дегендегі ащы мен алыс сөздерін тубір тұлға немесе атау септік тұлғасы деуге ешбір негіз жоқ. Сөздің түбір тұлғасы білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағынасы сөз табына қарай топтаудың бір межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз табының грамматикалық тұлғалары арқылы түрленудің нәтижесінде кейін сөйлеу процесінде пайда болатын категориялық грамматикалық мағыналармен қатар өмір сүреді. Яғни түбір тұлғаға жаңа грамматикалық форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық мағына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Мысалы, ағаш, бала, кітап сөздерінде заттық мағына, жақсы, үлкен, сары сөздерінде сындық мағына, кел, айт, көр сөздерінде қимылдық мағына, түбір білдіретін мағына болса, бул сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы өзгеріп, жаңа грамматикалық мағынаға ие болған түрлерінің өзінде сол түбір білдіретін мағына сақталады; ағашты кес, бұл – баланың кітабы дегендерде зат есімге тура объектілік (табыс септік -ты, арқылы), меншіктілік (ілік септік -ның арқылы), 3-жақ тәуелдік (-ы) мағына үстелсе де, бұл сөздерде заттық мағына осы тұлғаларында да бар. Сондай-ақ келді, айтысқансың, көрмесем тәрізді тұлғаларда бұл сөздер өткен шақтық -ды, -қан, ортақ етісті -с, болымсыздық -ме, шарттылық -се, 3-жақтық келді дегенде нөлдік форма, 2-жақтық -сың, 1-жақтық -м мағынаны білдіріп тұр. Сонымен бірге түбір білдіретін қимылдық мағына жойылып кетпей, сақталған. Егер түбір тұлға білдіретін грамматикалық мағына ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз табын, жасайтын сөз тудырушы немесе сөзжасам көрсеткіші болғаны, сөйтіп, ол сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір тұлғасына ондай грамматикалық мағына тән болмағаны. Ал, бұл жерде етістіктің шақтық, болымсыздық, шарттылық, жақтық т.б. мағыналарды білдіретін тұлғалары түбір тұлға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, әр түрлі лексика-грамматикалық қасиеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалық мағына да, яғни, түбірде жалпы грамматикалық мағына да, қосымша да, жеке грамматикалық мағына да бір-бірінен ерекшеленеді.
Түбір тұлға білдіретін мағына негізгі лексикалық мағынасынан туындап, жалпылануы арқылы сол сөз табының сөз табы ретінде қалыптасқаннан кейінгі орныққан, тұрақталған грамматикалық мағынасы, сондықтан ол мағына сөздің жеке тұрғандағы түрінен байқалса, сөз табының тұлғалық мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын және белгілі грамматикалық формалар арқылы берлетін мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалық көрсеткіштер арқылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму барысында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып қалыптасқан я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым-қатынасының тұрақталуы нәтижесінде пайда болатын арнайы грамматикалық мағынаның көрсеткіші ретінде қалыптасқан нөлдік форма болуы мүмкін. Сондықтан нөлдік форманың мән-мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес, білдіретін мағынасы арқылы өзі енетін грамматикалық категорияның я парадигманың басқа түрлерімен салыстырыла, жіктеле қарастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы, атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын түбір тұлғамен бір деп анықтау дұрыс еместігі жоғарыда айтылды, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та еді, септік категориясының бір түрі болып есептелмес те еді. Атау септіктің арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, бір жағынан, оны түбір тұлғада бөлек етіп танытатын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардан саралануға ңегіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақтық жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъекті сияқты атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді.
Дәл осы сияқты ол – инженер не ол оқиды дегендегі 3-жақ жіктік жалғауды, ол қатардағы 1 – 2-жақтар тұлғалары және мағыналарымен салыстыра қарап, сен оқы, сен сөйле дегендегі 2-жақ бұйрық рай тұлғасын осы қатардағы 1-және 3-жақ сонымен бірге 2-жақ сыпайы және көпше тұлғалары мағыналарымен, сондай-ақ сен деген сөзбен байланысқа түсуімен салыстыра қараудың нәтижесінде бұл тұлғаны бұйрық райдың, жіктік жалғаудың нөлдік формалары деп айта аламыз. Ойымыздың дұрыстығын көрсететін тілімізде тағы мынадай факт бар. Егер түбір тұлға мен сөйлеу процесінде пайда болатын формасыз тұлғаның арақатынасын, сондай-ақ грамматикалық форма мен мағынаның сәйкестігін сыртқы түр ұқсастығы негізінде тек формальді түрде ғана айқындайтыи болсақ, әрбір ұқсас тұлғалардың мағына ерекшеліктері мен қызметі өзгешеліктерін ескермесек, олардың табиғатын дұрыс түсініп, сырын ашу мүмкін болмас еді. Осыған орай етістік түбір мен 2-жақ бұйрық рай тұлғаларының сырт сәйкес келуін бір деп қарайтын болсақ, етістіктің шақ, басқа рай т.б. тұлғаларда кездеспегенімен, болымсыз етістік, етіс, күшейткіш етістік тұлғаларында кездесетін 2-жақ бұйрық түрімен сәйкестікті қалай түсіндірер едік? Яғни, кел, бар деген түбірлерге бұйрықтық, 2-жақтық, жекешелік мағына тән дейтін болсақ, ондай мағыналар 2-жақ бұйрықты, жекеше, анайы кел-ме, бар-ма деген болымсыз етістік түріне де, кел-тір, кел-гіз, бар-ғыз, кел-іс, бар-ыл т.б. сияқты етістіктің етіс түріне де, кел-іңкіре, бар-ыңқыра тәрізді күшейтпелі етістік түріне де тән деп мойындауымыз керек.ал сонда бұларды да етістіктің түбір тұлғалары деп тануымыз керек пе? Бұлар етістіктің түбір тұлғасы емес екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бұлардың барлығында да бізді адастырып жүрген жайт, біріншіден, етістік түбірі де, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік тұлғалары да, сырт жағынан бұйрық рай формасымен сәйкес келуі, соның нәтижесінде, екіншіден, етістік осы тұлғаларда айтылғанда, еріксіз ойымызда сен деген сөздің онымен байланысы тұрады. Яғни кел, бар, келме, барғыз т.б. сөздер айтылғанда, олар бірден ойымызда сен кел, сен бар, сен келме, сен барғыз конструкциясы түрінде ұғынылады да, түбір тұлғаның қасиетіне өзінде жоқ грамматикалық мағына үстелетін сияқты болып көрінеді. Ал бұл етістік тұлғаларының сен деген сөзбен конструкциялық үлгіде келуі – ол сөздердің тек қана сөйлеу процесіне түсу нәтижесі.
Сондай-ақ етістік түбірдің грамматикаларда көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі – олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бұйрық райдың 2-жағы – жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір тұлғасы мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендігін, тек сырттай сәйкес келетіндігін, „етістіктің түбірі – бұйрық райдың 2-жағы" деген анықтаманың қате екендігін, етістіктің түбірі басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. И.Е. Мамановтың: „Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады", - деген пікірінің өте дұрыс екенін байқаймыз (М.-ҚҚТ, І-т, 65)
Демек, етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол – етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы, болып табылады.
Ал енді қазақ тілінде бұйрық райдың 2-жақ анайы түрінің сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірдей болған ба? деген заңды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.
Жекеше
|
Көпше
|
мен бар-айын, кел-ейін,
сен бар - , кел -
сіз бар-ыңыз, кел-іңіз
ол бар-сын, кел-сін
|
біз бар-айық, кел-ейік
сендер бар-ыңдар, кел-індер
сіздер бар-ыңыздар,кел-іңіздер
олар бар-сын, кел-сін
|
Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (І-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға (2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне және 1 мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап, кейбір ғалымдар, 1 және 3-жақтарды бұйрық рай жүйесінен бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола алмайды.
Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше сыпайы түрі мен 2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына назар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -ңдер, -ыңдар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, -ңіздер, -ыңыздар, -іңіздер. Бұл қосымшаларды -ың (ің, -ң), ыз (із) -ың (із); -ың (ің, -ң), дар (дер), -ың (ің, -ң) ыз (із) +дар (дер) деген бөліктерге бөлуге болады: -дар, -дер -көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз, (із) -сыпайылық мәнді білдіруші, ал -ың, -ің, -ң – екінші жақтың көрсеткіші.
Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық) грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық форма, яғни, етістіктің түбір тұлғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіш осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып қолданылған да, бүл форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалық формасы түсіп қалып, нөлдік тұлғада жұмсалуы, яғни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сәйкес келуі, тұрақты нормаға айиалған. Ал кейбір түркі тілдерінде сен кел, сен ал дегендегі етістіктер алиң, келиң сияқты болып ол тұлға сақталып қалған. Тек -ың, -ің, -ң формасы ғана емес, 2-жақ бүйрық рай мағынасын басқа да тұлғалар, (мысалы, -ғыл, -гіл, немесе -ғын, гін, қьт, кін(бар-ғын, бар-ғыл т.б.) беріп отырған. Қазақтың сөйлеу тілінде, жергілікті тіл ерекшеліктерінде бұлардың кездесіп қалуы тектен-тек емес. Бұның өзі бұйрық рай формасы етістіктің түбірінен бөлек тұлға екенін, ол – грамматикалық түрленудің бір көрінісі екенін байқатады. Өкінішке қарай, осы күнге дейін етістіктің түбірінің басқа да көптеген өзгешеліктерімен бірге осы негізгі грамматикалық ерекшелігі ескерілмей келеді.
Сөйтіп, біріншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек, екіншіден, етістік түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір мағына қимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, көсемше, шақ, рай т.б.) жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсалады. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле алу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр-сен отыр, ол тұр-сен тұр, ол жур -сен жур, тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.
Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімше жіктеледі.
Мен отыр-мын, тұр-мын, жатыр-мын, жүр-мін, инже-нер-мін, көрер-мін;
Сен отыр-сың, тұр-сың, жатыр-сың, жүр-сің, инже-нер-сің, көрер-сің;
Сіз отыр-сыз, тұр-сыз, жатыр-сыз, жүр-сіз, инженер-сіз, көрер-сіз;
Ол отыр - 0, тұр -0 , жүр - 0 , инженер -0, жатыр -0, көрер – 0
Біз отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз, инженер-міз, көрер-міз;
Сендер отыр-сыңдар, тұр-сыңдар, жатыр-сыңдар, жүр-сіңдер, инженер-сіңдер, көрер-сіңдер;
Сіздер отыр-сыздар, тұр-сыздар, жатыр-сыздар, жүр-сіздер, инженер-сіздер, көрер-сіздер;
Олар отыр - 0 , жатыр - 0 , жүр - 0 , инженер - 0 , көрер - 0 .
Қалып етістіктерінің бұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр – ол тұрар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жур де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -үр, -ұр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақтың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.
Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме деген сұрақ туады.
Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бар бір ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр – түбір десек, сен тұр – бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр – 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.
Достарыңызбен бөлісу: |