С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет52/97
Дата27.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#110901
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
Байланысты:
Исаев учеб

Сын есімнің жасалуы. Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т.б. Бұл сияқты сөздер - әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел), кеш-кі ауа), өнер-лі (жігіт), аудан-дық (комитет), азаматтық (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат), т.б. Құрамы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер болып табылады. Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктен де жасалады. Мысалы: қыс-қы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам), т.б. сын есімдердің түбірі зат есім болса, тол-ық (адам), көтер-іңкі (көңіл), ауыспа-лы (егіс), үсте-ме (ақы) ,т.б. сын есімдердің түбірі – етістік. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлінеді: есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Сын есім сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлілі, биік-биік, жақсы-жаман, балалы-шағалы және шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа, т.б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Бір ғана түбірден, негізгі немесе туынды түбірден тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:

  1. лы,-лі, -ды,-ді,-ты,-ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т.б.

  2. сыз,-сіз: жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сы.

  3. ғы,-гі –қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т.б.

  4. лық,-лік, -дық,-дік, -тық,-тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т.б.

  5. шыл,-шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т.б.

  6. шаң,-шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең т.б.

  7. дай,-дей, -тай,-тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т.б.

  8. кер,-қой,-қор,-паз,-ымпаз,-імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т.б.

  9. и,-ы, -і: тарих-и дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, қалмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т.б.

Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық,-лік, -дық,-дік, тық,-тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күрде-лік, орын-дық, т.б. –сыз,-сіз, -дай,-дей, -тай,-тей –шаң,-шең т.б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т.б. Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен қызметі арқылы ажыратылады.
Араб-иран тілдерінен енген –кер,-қой,-қор,-паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардың жуан-жіңішке сыңарлары жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет