С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Жақ (жіктік) категориясы (жіктелу)



бет84/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Жақ (жіктік) категориясы (жіктелу)
Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тулғасында тікелей жіктелмейді, ал есім создер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1 — 2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғаиады.
1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген -қан, -кен, -атын, -етін, -итын, -итін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі -с -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тур, жур, жатыр деген 4 қалып етістігі, -уға, -уде, түлғалы түйық етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше -мын, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жақ анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
Мен келген-мін, көрер-мін, бермес-пін, алмақ-пын, отыр-мын, жүр-мін, тұр-мын, жатыр-мын.
Біз келген-біз, баратын-быз, көрер-міз, бермес-піз, ал-мақ-пыз, отыр-мыз, жүр-міз, тұр-мыз, жатыр-мыз.
Сен келген-сің, баратын-сың, көрер-сің, бермес-сің, алмақ-сың, отыр-сың, жүр-сің, тұр-сың, жатыр-сың
Сендер келген-сіңдер, баратын-сыңдар, көрер-сіңдер, бермес-сіңдер, алмақ-сыңдар, отыр-сыңдар, жүр-сіңдер, тұр-сыңдар, жатыр-сыңдар.
Сіз келген-сіз, баратын-сыз, көрер-сіз, бермес-сіз, ал-мақ-сыз, отыр-сыз, жүр-сіз, тұр-сыз, жатыр-сыз.
Сіздер келген-сіздер, баратын-сыздар, көрер-сіздер, бермес-сіздер, алмас-сыздар, отыр-сыздар, жүр-сіздер, тұр-сыздар, жатыр-сыздар.
Ол (олар) келген — 0 , баратын —0 , көрер —0 , бермес — 0, алмақ —0 , отыр —0 , жүр — 0 , түр — 0 , жатыр — 0
2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -й және -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді, -ті, -ты деген жалғауы болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше түлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз түлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.
Мен келе-мін, бара-мын, сөйлей-мін, көріп-пін, алып-пын
Біз келе-міз, бара-мыз, сөйлей-міз, көріп-піз, алып-пыз
Сен келе-сің, бара-сың, сөйлей-сің, көріп-сің, алып-сың
Сендер келе-сіңдер, бара-сыңдар, сөйлей-сіңдер, көріп-сіңдер, алып-сыңдар.
Сіз келе-сіз, бара-сыз, сөйлей-сіз, көріп-сіз, алып-сыз Сіздер келе-сіздер, бара-сыздар, сөйлей-сіздер, көріп-сіздер, алып-сыздар
Ол (олар) келе-ді, бара-ды, сөйлей-ді, көріп-ті, алып-ты Етістіктің көсемше тұлғасы -ма -ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады; мен бара-мын ба, келіп-пін бе, бара-сың ба, келіп-сің бе, сіз бара-сыз ба, келіп-сіз бе, бірақ ол ба-ра ма, келіп пе? (бара-ды ма емес, келіп-ті ме емес). Сон-дай-ақ сөйлеу тілде 1-жақта -мын, -мін жалғауы тек -м түрінде де кездеседі: бара-мын-барам.
З.Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз, көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Кейбір ғалымдар бұл қосымшалардың сыртқы түріне қарап оларды тәуелдік жалғау деп көрсетеді. Н.К.Дмитриев былай дейді: „Что же касается прошедших времен изьявительного наклонения (за исключением" перфекта -см. выше), всех времен условного наклонения, а также повелительного наклонения, то оно производится по типу аффиксов принадлежности. Можно высказать предположение, что аффиксами сказуемости оформляются такие наклонения, содержание которых относится к действию и состоянию, уже происходящим в действительности или таким, которые находятся на грани реализации. Их можно рассматривать, как своего рода объектное выражение факта. Другие же времена и наклонения, более субъективные по содержанию, оформляются аффиксами принадлежности" (ИСГТЯ, 15). Э.В.Севортян да бұндай пікірді қолдайды: „Морфологический или синтаксический тип выражения сказуемости в свою очередь распадается на два вида, из двоих один исторически восходит к личным местоимениям (образуя местоименный тип сказуемости), например, узб. мен студент буламан "я студент", сен оласан „ты берешь", возьмешь, а другой -к аффиксам принадлежности, образуя исторически притяжательный тип сказуемости, например, аз мән алдым „я взял", сиз алсаңыз „если вы возьмете". К притяжательному типу в большинстве тюркских языков восходят личные показатели трех глагольных форм: прошедшого объективного времени изъявительного наклонения и, менее последовательно, настоящего времени условного наклонения, а также повелительного наклонения (ИСГТЯ, 17).
Бұндай пікір басқа да түркологиялық зерттеулерден (мысалы, С.Г. СИГ, 151-152), қазақ тілі мамандарынан да кездеседі. „Сөздердің жіктеу жүйесі, яғни жаққа бөлінуі тәуелдік жалғауы арқылы да көрінеді"... Жіктік жалғауы, сонымен бірге тәуелдік жалғауы да етістік формаларына жалғанғанда, тек қана жақтық мағына білдіреді. Тәуелдік жалғауының зат есімге жалғанғанда білдіретін меншіктілік, тәуелділік мағынасы етістік тұлғасында білінбейді. Өйткені етістік — ұғымы жағынан дерексіз, тек қозғалыс — процесс түрінде көрінетін, біреудің меншігінде болуға келмейтін сөз табы. Өзің бір жәрдем етпесең, өзгеден үміт жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бул дауды менің бітіретінім рас (Ғ.Мүсірепов) Қайыр сұрап күнде өлгенше, бір-ақ өлгенім артық (Ғ.Мүсірепов) (М.Ы. ҚҚТ, 85). „Тәуелдік жалғауы арқылы жіктелетін етістік формалары: тұйық етістік, қалау рай, жедел өткен шақ формасы, шартты рай формасы және есімше формалары. Бұл формалардың тәуелдік жалғау арқылы жіктелуі біркелкі емес. Әсіресе бірінші жақ көпше түрі кей формаларға тәуелді жалғау түрінде жалғанса, кей формаларға -қ, -к түрінде жалғанады. Сонымен бірге екінші жақ көпше түрінде көптік жалғауы мен тәуелдік жалғауының орын тәртібі ауысып келе береді. Осындай ерекшеліктеріне қарап, тәуелдік жалғауы арқылы жіктелетін етістік формаларын екі топқа бөлуге болады". (М.Ы. — ҚҚТ, 87) Шындығында, грамматикалық тұлғалардың қызметі мен мән-мағынасына, сөзге жалғану ерекшеліктеріне қарамай, сыртқы тұлғасы жағынан ұқсастықтары негізінде ғана топтауға я бір топқа жатқыза беруге болмайды. Тәуелдік жалғау мен жедел өткен шақ және шартты рай тұлғасына жалғанатын жіктік жалғау жекеше бірінші және екінші жақта (1-жақ -лі, 2-жақ анайы -ң, сыпайы -ңыз, -ңіз және тәуелдік жалғауы да осындай: келді-м, барса-м, келді-ң, барса-ң, келді-ңіз, барса-ңыз, және бала-м, бала-ң, бала-ңыз, бірақ (тәуелдік жалғауының бірінші жақта -ым, ім, 2-жақта анайы -ың, -ің, сыпайы -ыңыз, -іңіз, нұсқаларының бір екенін де ескерте кету қажет) сырт тұлғасы бірдей болғанмен, олар бір емес (қара: ИСГТЯ, 266-268). Біріншіден, тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты білдіреді. Ал жіктік жалғауы тәуелдік мағына білдірмейді, жақтық мағынаны қимылдың, іс-әрекеттің иесі, субъектісі ретінде білдіреді. Екіншіден, бұлар жекеше бірінші және екінші жақтан басқа жақ тұлғаларында сәйкес келмейді. Мысалы, 3-жақта тәуелдік жалғауы -ы, -і, -сы, -сі (оның кітабы, інісі) болса, 3-жақта арнайы жіктік жалғау тұлғасы жоқ, нөлдік форма (ол келді — , келсе ); көпше бірінші жақта тәуелдік жалғауы -мыз, -міз, -ымыз, -іміз біздің бала-мыз, кітаб-ымш болса, жіктік жалғауы -қ, к (біз бола-қ, кел-се-к) болады; көпше екінші жақ анайы да, сыпайы да біркелкі емес; тәуелдік жалғау көптік жалғаудан кейін түра-ды: -лар-ың, -лер-ің, -дар-ың, -дер-ің, -тар-ың, -тер-ің (бала-лар-ың, хат-тар-ың, жер-лер-ің), жіктік жалғау көптік жалғаудан бұрын тұрады: -ң-дар, -ң-дер, -ңыз-дар,-ңіз-дер (барса-ң-дар, келі-ң-дер, барса-ңыз-дар, келді-ңіз-дер): бұл жерде көптік жалғауының орны жай ғана ауысып келуі емес, жоғарыда (көптік жалғауға байланысты сан-мөлшер категориясында) көптік жалғау жіктік жалғаумен қабаттасып келгенде ғана сөз бен сөзді байланыстырады деп көрсетілген, демек, өзі жалғанған сөз білдіретін ұғымның көптігі емес, оны атқарушы субъектінің көптігін білдіреді, ал тәуелдік жалғаумен қабаттасып келгенде көптік жалғау ондай қызмет (сөз бен сөзді байланыстыру) атқара алмайды, тек өзі жалғанған сөз білдіретін ұғымның (көбіне заттың) көптігін білдіреді.
Үшіншіден, тәуелдік жалғауына екпін түседі де, жіктік жалғауына екпін түспейді: бала-лар-ың, жер-лерің, бірақ барса-ңдар, келді-ңдер, барса-ңыздар, келді-ңіздер т.б.
Тәуелдік жалғауы мен жіктік жалғауының сырт тұлғасы сәйкестігі бір бұл емес. Мысалы, бала-мыз, кісі-міз деген сөздер бірде біздің бала-мыз, кісі-міз түрінде тәуелдік жалғау болса, онда екпін сөз соңына (жалғауға) түседі, екіншіден, біз бала-мыз, кісі-міз түрінде жіктік жалғау болады, онда жалғауға екпін түспейді.
Сөйлеу тілде -а,-е,-й тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді -т болып, -ған, -ген, -қан, -кен, тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып та айтылады: бара-мын, ке-ле-мін, сөйлей-мін деудің орнына бара-м, келе-м. сөйлей-м болып, бара-ды, келе-ді сөйлей-ді деудің орнына бара-т, келе-т, сөйлей-т болып, барған-мын, келген-мін, сөйлеген-мін деудің орнына барға-м, келге-м, сөйлеге-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұсқа толық әдеби форма болып саналмайды.
Сонымен бірге 1-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). Мен келелі қара бүлтпын, Келе жаумай ашылман (Махамбет). Зерт-теушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й-мін, -ба-й-мын, бе-й-мін, пай-й-мын, -пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған нұсқасы деп анықтайды. Және әдеттегімен салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол түлғаның өлең сөзде көбірек үшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі. (Б.М. 54 және СР. 56-57). А. Ысқақов былай деп жазады: „Жазуда да, ауызекі тілде (лебізде) де екінші үлгі бойынша жіктеліп, өкінбеймін, аямаймын, жібермеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы формасының орнына өкінбен, аяман, жібермен деген форма қолданылады. Мысалы: Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн сөніп (ҚАманжолов). Тіпті жібімен деп-ақ едім, сай-сүйегімді сырқыратты (Ғ.Мүстафин). Сүйексіз қызыл тілімді жаңылдырман. Бұл форма етістіктің жекеше түрінің бо-лымсыз формасының бірінші жағының көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады, өзге жақтарда қолданылмайды. Осындағы өкінбен, жібімен, жаңылдырман дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын дегендерден оқшауланарлықтай ешқандай да айырмашылығы жоқ, өйткені олардың қолданылу я қолданылмауына қарап сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс ту-майды. Бірақ бүл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, белгілі экспрессивтік рай білдіру үшін жұмса-лады. Оны мынадай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мысалы: Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған жан емеспін (Абай) Ес білгелі ондай зор денелі әйелді мен кездестіріп көрген емен (С.Мүқанов), т.б. |ЫА — ҚҚТ, 76).
Ең алдымен, бұл — ауыспалы осы (келер) шақ -ма (ба, -па) -й -мын, -ме (бе, -пе) -й-мін тұлғасынан емес, есімшеден болған болжалды келер шақтың -ма-с-пын, -ме-с-пін, -бе-с-пін, -па-с-пын, -пе-с-пін деген болымсыз тұлғасынан ықшамдалып қалыптасқан. Сондықтан да бұл тұлға үзілді-кесілділік, жігерлілік реңк білдіреді, яғни мұндай мән осы түлғаның ықшамдалғаннан кейінгі пайда болған қасиеті емес, толық түрінде де бар ерекшелігі: бармаймын бармаспын - барман. Бармаймын десе, ба-ру қимылының бірінші жақ тарапынан мақсаттық, үзілді-кесілділік мән (кейде болжалдық мән де болуы мүмкін) айқын сезіледі. Екіншіден, -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасының келер шақ есімше тұлғасынан ықшамдалғанын -е көмекші етістігінің қолданылуы да, (емен), яғни -е-мес-пін бар да -е-мей-мін деген жоқ екендігі де, дәлелдеп түр. Жоғарыда берілген мысалдағы: бай емен, батыр емен, бірақ хан е-ме-с-пін (е-ме-й-мін емес) болуы пікірімізді айқындай түседі. Үшінші, бұл тұлға көбіне өлең-жырларда, айтыста жиі кездеседі. Со-нымен бірге бүл тулғалы етістік орта ғасырлық кезеңдегі жазба әдебиеттер тілінде (мысалы, „Мухаббатнаме", „Гулстан бит-түрки" т.б.) де қолданылып отырған: Тәнім барынга сенден йуз чәуірмән (жасырман), Ешікіңнің то-пырақындан баш көтермән.
4. Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай (2-жақ жекеше анайы) тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігінде, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы — түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік, 2-жақтық анайы жекеше арнайы тұлғасы жоқ нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар -ңіздер, 3-жақта -сын, -сің, жалғаулары жалғанады.
Мен бар-айын, кел-ейін, қара-йын, сөйле-йін Біз бар-айық, кел-ейік, қара-йық, сөйле-йік. Сен бар — , кел — , қара — , сөйле — Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер. Сіз бар-ыңыз, келі-іңіз, қара-ңыз, сөйлеңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, қара-ңыздар, сөйле-ңіздер. Ол (олар) барсын, кел-сін, қара-сын, сөйле-сін. Жоғарыда нөлдік формаға байланысты көрсетілгендей, бұйрық райдың 2-жақ арнайы жекеше түрінде бір кезде арнайы тұлға болу керек. Бір жағынан, басқа түркі тілдерімен (мысалы, өзбек тілінде ал-алиң болып айтылатыны белгілі), екінші жағынан, 2-жақтың басқа түрлерімен (мысалы, көпше және сыпайы түрі) са-лыстырсақ, бұйрық райдың 2-жағында, (анайы, жекеше) -ың, -ің, -ң қосымшасы болғандығы байқалады. Кейін ол түсіп қалып, етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес болып қалыптасқан. Бұлай болуға етістіктің түбір тұлғасының тікелей жіктеле алмайтыны және сөйлемде етістік түбірдің сол күйінде қолданыла алмайтыны себеп болуы мүмкін. Қазіргі кейбір түркі (мысалы, өзбек) тілдерінде бұйрық райдың бұл формасы кейде сақталып жұмсалады: сен алың, келиң т.б. Қазақ тіліндегі 2-жақ сыпайы тұлғасында (-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз) және көпше тұлғасында (-ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер) бұйрық райдың 2-жағының жалғауы (-ың, -ің, -н) сақталған, демек, сы-пайылықты және көптікті білдіріп түрған - қосымшаның -ыз, -із және -дар, -дер бөлшектері ғана.
Сонымен бірге ауыз әдебиеті нұсқаларында, ақындар шығармаларында, кейбір аймақтағы сөйлеу тілде бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы формасы ретінде, -ғын, -гін, -қын, -кін қосымшасы да жұмсалады: сен бар-ғын, айт-қын, кел-гін т.с. Бұл тұлға кейбір орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде (мысалы, „Мухаббат-намеде"), алтай, ұйғыр, қарақалпақ сияқты қазіргі түркі тілдерінде де қолданылып отырады.
Сондай-ақ 1-жақ көпше түрінің қосымшасы да тілімізде кейде -лық, -лік, -алық, -елік түрлерінде қолданылады: біз бар-алық, кел-елік. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықылыспен тоқылық (Ы. Алтынсарин)
Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерек-шелік — бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікте таза бұйрық мәнінен гөрі тілек, ниет мәні басым байқалады: мен барайын-ты, келейін-ші, сен бар-шы, кел-ші, сіз барыңыз-шы, келіңіз-ші, ол барсын-шы, келсін-ші; біз барайық-шы, келейік-ші, баралық-шы, ке-лелік-ші, сендер барыңдар-шы, келіңдер-ші, сіздер ба-рыңыздар-шы, келіңіздер-ші, олар барсын-шы, келсін-ші. -шы, -ші қосымшасы шартты рай тұлғалы етістіктердің жіктелген түрінде де үстеліп, шарттылық мәннен гөрі өкініш, аңсау сияқты мән үстейді: мен барсам-шы, кел-сем-ші, сен барсаң-шы, келсең-ші, сіз барсаңыз-шы, кел-сеңіз-ші, ол барса-шы, келсе-ші, біз барсақ-шы, келсек-ші, сендер барсаңдар-шы, келсеңдер-ші, сіздер барсаңыздар-шы, келсеңіздер-ші, олар барса-шы, келсе-ші.
Сөйтіп, осы талдаудан көрінетіндей, бұйрық рай бұл — етістіктің грамматикалық категориясының рай катего-риясының бір түрі ретінде өзіндік жіктелу парадигмасы бар тілдік құбылыс, сондықтан да оның 2-жақ жекеше анайы түлғасы сырттай түбірмен ұқсас, сәйкес болғанмен, мысалы, кел -сен кел, ол екеуі бір емес, тек омоним форма, мағынасы үш жақта бірдей емес. Бұйрық райдың басты мағынасы қимылдың, іс-әрекеттің орындалуы-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мәндермен байланысты болса, бұйыру мәні 2-жақта айқын болады да, 3-жақта бұйыру — өтіну, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу — орындалмауына қозғау салу мәні басым болады, ал 1-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді. (адам өзіне-өзі бұйыра алмайды ғой).
5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі — қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі,-қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғанып келді немесе келеді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі (жіктеу есімдігі) атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.
1. Менің бар-ғы-м кел(е) ді, кел-гі-м кел(е)ді, айт-қы-м кел(е)ді.
Біздің бар-ғы-мыз кел-(е)ді, кел-гі-міз кел(е)ді, айт-қы-мыз кел(е)ді.
2. Сенің бар-ғы-ң кел(е)ді, кел-гі-ң кел(е)ді, айт-қы-ң кел(е)ді
Сендердің бар-ғы-ларың кел(е)ді, кел-гі-лерің кел(е)ді, айт-қы-ларың кел(е)ді.
Сіздің бар-ғы-ңыз кел(е)ді, кел-гі-ңіз кел(е)ді, айт-қы-ңыз кел(е)ді.
Сіздердің бар-ғы-ларыңыз кел(е)ді, кел-гі-леріңіз кел(е)ді, айт-қы-ларыңыз кел(е)ді
3. Оның бар-ғы-сы кел(е)ді, кел-гі-сі кел(е)ді, айт-қы-сы кел(е)ді
Олардың бар-ғы-сы кел(е)ді, кел-гі-лері кел(е)ді, айт-қылары кел-(е)ді.
Бүл түрленудің ерекшелігі сол қалау рай тұлғалы күрделі етістік негізгі тәуелдік жалғау тұлғасында (3-жақтың бірінде) тұрады да, көмекші етістік кел жедел өткен шақ (келді) немесе ауыспалы келер осы шақ ке-леді тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3-жағында айтылады: келді дегенде нөлдік форма, келеді дегенде -ді жалғауы 3-жақ жіктік жалғауы. Сөйлемді аяқтап, тия-нақты етіп тұратын предикаттық (баяндауыштық) тұлға, осы яғни нөлдік формалы я -ды тұлғалы 3-жақ жіктік жалғау болса керек, бірақ бұл басқа жақта қолданылмайды, өйткені формальды түрде оның грамматикалық субъектісі ретіндегі сөз — тәуелдік жалғау арқылы заттанып тұрған субъект ілік септігінде анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Осы қалау рай тұлғалы сөйлем, бұл тұлға баяндауыш болғанда, бастауышы болмайтын себепті жақсыз сөйлем деп аталып жүр. Шындығында, бұнда логикалық субъект (қимылды іске асырушы) бар, ол 3-жақтың бірінде тұра-ды, бірақ бастауыш болатын атау септігінде емес, ілік септікте болады. Кейде ілік септіктегі есімдіктер жақты сөйлем үлгісімен атау тұлғалы болып та айтылады: мен барғым келмейді, ол барғысы келмейді т.б.
Сондай-ақ -у тұлғалы түйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.
1. Менің бару-ым, қажет, керек, мүмкін. Біздің бару-ымыз қажет, керек, мүмкін.
2. Сенің бару-ың қажет, керек, мүмкін. Сендердің бару-ларың қажет, керек, мүмкін. Сіздің бару-ыңыз қажет, керек, мүмкін. Сіздердің бару-ларыңыз қажет, керек, мүмкін.
3. Оның бару-ы қажет, керек, мүмкін. Олардың бару-лары қажет, керек, мүмкін.
Сөйтіп, қазақ тілінде жіктелу тұлғаларын төмендегідей топтап беруге болады.

Сөздер

1- жақ жекеше, көпше

2- жақ жекеше, көпше

3-жақ

Есімдер, есімше,
қалып етістіктері
Көсемше -а,-е,-й -ып, -іп,-п

Жедел өткен шақ, шартты рай


Бұйрық рай


Қалау рай Модаль мәнді тіркес

-мын, -мін, -бын, -бін -пын, -пін, -мыз, -міз
-быз, -біз, -пыз, -піз

-мын, -мін, -пын, -пін


-мыз, -міз, -пыз, -піз

-м, -қ,-к


-айын, -ейін
-айық, -ейік

-ғы-м
-ғы-мыз кел(е)ді


у-ым
-ымыз
қажет

-сың, -сің, -сыз, -сіз
-сыңдар, -сіңдер
-сыздар, -сіздер

-сың, -сің, -сыз, -сіз


-сыңдар, -сіңдер
-сыздар, -сіздер
-ң, -ңыз, -ңіз -ңдер,
-ңдар, -ңыз -дар,
-ңіздер
-ыңыз, -іңіз, -ңыз
-ңіз, -ыңдар, -індер,
-ндар -ндер
-ыңыздар, -іңіздер,
-ңдар, -ндер
-ғы-ң-ңыз кел(е)ді
-ғы-лар-ың -ыңыз
-у-ың-у-ларың
-ыңыз-ларыңыз қажет

ды, -ді
-ты, - ті
-сыи, -сін
-ғы-.сы кел(е)-
ді- у, -
ы-ла
ры
кажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет