С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


ХХYІ. Одағай және модаль сөздер



бет95/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
исаев морфология

ХХYІ. Одағай және модаль сөздер


  1. Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Одағайлардың түрлері.

  3. Модаль сөздер, олардың жеке сөз табы болуы.

Сабақтың мақсаты
Одағай мен модаль сөздердің семантикалық ерекшеліктері (адамның әр түрлі көңіл-күйін және айтушының ойға қатысын, көзқарасын білдіру) мен грамматикалық сипатын (сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түспей, оқшау қолданылуын) меңгеру арқылы жеке сөз таптары ретіндегі қасиеттерін білу, түрлерін ажырату.

Одағай – адамның әр түрлі көңіл-күйін, соған байланысты шығатын дыбыстық ишаратты және төрт түлік малға, үй хайуандарына арнайы шақыра айтылатын сөздер.


Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл-күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Мысалы, Япырау, қайда сол күндер?! (А.), Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ.М.). Моһ-моһ кешкі тымық даланы басына көтерді (С.М.).
Берілген мысалдардағы япырмау, қап деген одағайлар арманды, өкінгенді білдіріп тұрса, моһ-моһ деп сиырға қаратылып я сиырды шақыру үшін айтылады.
Одағайлар сөйлемде басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі де болмайды. Синтаксистік жағынан оқшау сөздің қатарында болады.
Одағайдың түрлері. Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үшке бөлінеді. 1. Көңіл-күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау.т.б.
2.Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә, т.б.
3.Шақыру одағайлары мал-құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, т.б.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Япырау, осы сізге түсер пайда бар ма?(М.Ә.). Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын! Сізге, тәйірі, со да сөз болып па? Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы, Мұны бастаған кім, ә? Соны айтшы, бәсе! Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Одағай ерекше көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін де леп белгісі қойылады. Мысалы; Пай-пай! Шіркін қазақтың келіндері-ай!.
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, әй-әй, құр-құр, т.б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес яғни әр түрлі көңіл-күйін, жекіру мәндерді білдірумен байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалога кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы;
– Жаңа бір күш біткендей болды!
– Бәрекелді!
– Япырай, ә!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет