С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Етістіктің сөйлемдегі қызметі



бет85/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Етістіктің сөйлемдегі қызметі оның қандай тұлғада жұмсалуына байланысты. Етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Қимыл атаулары атау септікте тұрып бастауыш болады. Есімше тұлғалары зат атауымен тіркесіп (айтар сөз, барған кісі, беретін зат) келіп, қимыл атаулары ілік септікте тұрып, анықтауыш болады. Көсемше тұлғалары немесе етістік кейбір шылаулармен тіркесіп, пысықтауыш қызметін де атқарады: айқайлай жүгірді, ертегіні термек үшін жазбаймын. Қимыл атаулары септеліп, атау мен іліктен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш қызметін де атқарады: көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра.
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты























































































Лексика-грамматикалық категориялары




Грамматикалық категориялары




Категориялық мәнге ие бола алмайтын тұлғалары













































































































Салт, сабақты




Етіс




Болымсыз етістік




РАЙ




ШАҚ




ЖАҚ




Көсемше




Есімше




Тұйық етістік






Пысықтау үшін сұрақтар
1.Етістіктің грамматикалық категорияларына қандай ортақ белгілер тән?
2.Рай тұлғалары қандай мағына береді?
3.Шақ категориясын жасайтын қандай тұлғалар?
4.Жақтық ұғым қандай тұлғалар арқылы беріледі?
5.Жіктелу мен жақ категориясы бір ме, жоқ па?
6.Етістік қандай тұлғаларда жіктеледі?
7.Етістік сөйлемде қандай қызметтер атқарады?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 192-201- беттер.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 321-334-беттер.

  3. Ы. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1966. 3-79-б.

  4. Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. А.,1953. 39-114-б.

  5. С. Омарбеков. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде. ҚазССР ҒА Хабарлары, филология және өнертану сериясы, 1960, 1. 14-шығуы.

  6. Н. Оралбаева. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы.//Қазақстан мектебі. 1971. 4 .89-92-б.

  7. Н. Оралбаева. Етістіктің жіктелуі. //Қазақстан мектебі. 1963.2.

ХХІІІ. Үстеу


  1. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл үстеулері, мекен үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-салдар үстеулері, мөлшер үстеулері, күшейткіш үстеулері, сын-қимыл үстеулері.

  3. Үстеудің жасалуы.

  4. Үстеудің басқа сөзбен тіркесу ерекшеліктері.

  5. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.



Сабақтың мақсаты
Үстеудің семантикалық және грамматикалық (түрленбейтін) сипатын білдіру арқылы оның жеке сөз табы бола алатынын таныту және сөйлемнен үстеуді тауып, мағыналық, құрамдық түрлеріне талдай алып, қызметіне ажырата білу.

Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сиптаы болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасаладың (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет