С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет87/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Себеп-салдар үстеуі. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т.б.
Морфологиялық құрамы жағынан үстеу негізгі түбір үстеулер (ерте, еш, сәл, қазір, жоғары, т.б.), туынды түбір үстеулері (балаша, соншалық, жасырын, т.б.), күрделі түбір үстеулер (бүгін, биыл, қолма-қол, жапа-тармағай, күні кеше, ала жаздай, томаға тұйық, қаннен қаперсіз, т.б.) болып бөлінеді.
Үстеудің жасалуы төмеңдегідей:
1.Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -ша,-ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше; -лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: өлер-дей, шикі-лей, қыс-тай, т.б. -дайын.-дейін: тоты-дайын таранған,; -шалық, -шелік, -шама,-шеме: сон-шалық, осын-шама; -дайлық: сон-дайлық,; -шаң, -шең: көйлек-шең, етік-шең; -сыз,-сіз: қаннен қапер-сіз, ысырап-сыз: -ын,-ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.
2.Лексика-семантикалық тәсіл:
а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.
ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.
3.Семантикалық-синтетикалық тәсіл. Көлемдік септік формалары мен кейбір сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану (семантикалық) процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде екі түрлі процесс, бірі – қосымша үстелу, екіншісі – семантикалық процесс (таза семантикалық тәсілден айырмашылығының өзі осында, өйткені бұл қосымшалардың үстеу тудыру – негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр. Олар: а) барыс септік арқылы: босқа, жатқа, артқа, т.б.). ә) жатыс септік арқылы: мұнда, түнде, алда, б) шығыс септік: шетінен, тосыннан, қатеден, төтеден, кеңінен; в) көмектес септік: жайымен, жөнімен, шынымен, кезекпен,; -лап,-леп, дап,-деп, тап, теп; ойыншылар, жездейшілеп, т.б.
4.Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің қосарлануы: жата-жастана, аунап-қунап, жапа-тармағай, бірте-бірте, бет-бетімен, аз-аздап. б) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет