С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі



бет92/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
исаев морфология

Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер жалаң түрінде де, қосарланып келіп те көбіне көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады.
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп қолданылғанда, көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп, басқа да қызмет атқарады. Мысалы: Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді (Ғ.Мұст.). Жаппамыз теңселіп тұрғандай, астымыз дір-дір етеді (Ғ.М.). Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ыр етіп барып бас салды (М.Ә.). Қалт еткенді аңдып отыр. Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
Берілген мысалдағы көмекші етістікпен тіркескен мыңқ етпеді, дір-дір етеді деген еліктеу сөздер (Боқай қайтпеді?) күрделі баяндауыш болса, ыр етіп барып (қалай?) пысықтауыш, қалт еткенді (нені аңдып отыр?) – толықтауыш, елең еткен (қандай адам?) – анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Пысықтау үшін сұрақтар
1.Еліктеу сөздер қалай жасалады?
2. Еліктеу сөздердің қандай түрлері бар?
3.Еліктеуіш сөздер қалай пайда болады?
4.Бейнелеуіш сөздер қалай пайда болады?
5.Туынды еліктеу сөздер қалай жасалады?
6.Күрделі еліктеу сөздер қалай жасалады?
7. Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 254-260-б.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 359-373-б.

  3. Ш. Сарыбаев. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. А.,1960.

  4. Ш. Сарыбаев. Қазақ тіл білімі мәселелері. А.,2000

  5. Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 108-б.



ХХY. Шылаулар


1. Шылаулардың лексика-грамматикалық сипаты.
2. Шылаулардың түрлері:
а) жалғаулықтар, қызметі мен мағыналық түрлері;
ә)септеуліктер, қызметі мен мағыналық түрлері;
б) демеуліктер, қызметі мен мағыналық түрлері.


Сабақтың мақсаты
Лексикалық мағынасы болмаса да, өзіне тән грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметі арқылы шылаулардың өз алдына жеке сөз табы болуын біліп, сөйлемде оларды тауып, түр-түріне ажыратып талдай алу.
Шылаулар – семантикалық сипаты жағынан лексикалық мағынасы жоқ, белгілі бір сөздердің жетегінде (шылауында) жүріп, оған әр түрлі мән, грамматикалық мағына үстейтін сөздер.
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (А). Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр (Ғ.Мұст). Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын (М.Ә.) Бұл мысалдағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ. Бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және ертегіні термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра (сабақтастыра) байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салаластыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:
1.Шылаудың толық мағынасы болмайды.
2.Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
3.Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
4.Шылаулар түрленбейді және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Шылаулар – лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінде туған көмекші сөздер.
Шылаулардың көпшілігі сөйлемде сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұрады. Осындай мағыналық (грамматикалық), қызметтік ерекшеліктеріне қарай шылаулар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып үшке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет