С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет72/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын,-ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ки-ін-ді, тазала-тазала-н-ды, көр-(дәрігерге) көр-ін-ді, шеш-шеш-ін-ді, тара-тара-н-ды, сұра-сұра-н-ды, сүрт-сүрт-ін-ді т.б. Осы мысалдан көрінетіндей, біріншіден, қимыл, іс-әрекет іс иесі субъектіге қарай бағытталады, сөйтіп, субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне-өзі субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзін-өзі киіндіреді, өзін-өзі тазаланады, өзін (дәрігерге) көрсетеді, өзін-өзі шешіндіреді, өзін яғни шашын өзі тарайды, өзін біреуден, жұмыстан босатуға ма, бір жаққа баруға ма сұрайды, өзін, денесін, бетін сүртеді. Бұл жерде түбірдегі сабақты етістіктердің обьектісі субъектінің дене мүшесіне, өзіне т.б. қарасты сөздер, ал өздік етісте ол объекті түгел субъектінің өзіне көшеді. Екіншіден, өздік етіс жұрнағы негізінен сабақты етістікке жалғанады, бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді яғни барлық сабақты етістік түбірге өздік етіс қосымшасы жалғана бермейді, тек қимыл, іс-әрекет субъектінің өзіне қарай бағыттала алатын сабақты етістіктерден ғана өздік етіс жасалады және онда өздік етіс қосымшасы сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады. Мысалы, айт, оқы, бер, (атты) ағат, ат т.б. сияқты сабақты етістіктерден өздік етіс жасалмайды, өйткені бұл сияқты сабақты етістіктердің тура объектілері (өлеңді, әңгімені айту, кітап, оқу, қарызды, кітапты беру, атты ағыту, біреуді ату) іс иесі субъектіге тура қаратыла алмайды. Кейде жыр мәтіндерінде өздік етісті сөйлемде тура объекті де бөлек беріліп, қимылдың субъектіге байланысты нақты қай жеріне бағытталғанын білдіреді. Енді белін түйінді, Асыл киім киінді (Қыз Жібек) – Бұл - әдеттегі қолданыстан гөрі стильдік мақсаттағы нормадан ауытқу болып табылады.
Сонымен бірге өздік етіс көрсеткішіне құранды (күрделі) қосымша -лан,-лен, -дан,-ден, -тан,-тен, де жатқызылады: ой-лан, намыс-тан т.б. Бұл құранды қосымша сөзжасам -ла, -ле, -да, -де, -та, -те қосымшасы мен өздік етіс қосымшаларынан құралғанын көру қиын емес. Бірақ И.Маманов бұл қосымшаларды етіс тудыратын қосымшалар қатарына жатқызуға болмайтынын көрсетеді. „Сондай-ақ намыстану, мейірлену, шаттану, жандану, булану, сияқты етістіктерді де сыртқы тұлғасының ұқсастығына қарап, өздік етіс деуге болмайды. Өйткені бұл етістіктерде дербес морфемалық қызмет атқарып тұрған жоқ. Олар -лен, -тан, -дан жүрнақтары жалғану арқылы есім сөздерден жасалған туынды түбір етістіктер. Сондықтан бұлар өздік етіс бола алмайды" (М.И. -ҚҚТ, 37)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет