С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет89/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Пысықтау үшін сұрақтар

  1. Үстеудің мағыналық сипаты қандай, яғни үстеу нені білдіреді?

  2. Үстеудің ерекшелігі неде?

  3. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

  4. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

  5. Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтір.

  6. Күрделі үстеулер қалай жасалады?

  7. Үстеудің сөйлемдегі қызметі қандай?

Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 201-219-б.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 347-358-б.

  3. А. Искаков. Наречие в казахском языке, А.,1950. 5-139-б

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998.432-б.



ХХІY. Еліктеу сөздер


  1. Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Еліктеу сөздердің түрлері: еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер.

  3. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері.

  4. Еліктеуіш сөздердің басқа сөз таптарын жасаудағы ролі.

  5. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі.



Сабақтың мақсаты
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан айналадағы алуан түрлі дыбыстарға еліктеуден, қимыл-әрекеттерді бейнелеуден тұратын, ерекше грамматикалық топ болатын сөздер екенін түсіну.

Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы тырс (етті), сарт (етті), жалт (берді), саңқ (етті), былш (етті), шорт (сынды), гүрс (етті), тарс (айрылды), шық (етті), ду (етті), сырт (ете қалды), дыз (ете түсті), қолп (ете қалды), жалт-жұлт, қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, қаңғыр-күңгір, ыржың-ыржың, т.б. Мысалдан анық көрінетіндей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарына, есту арқылы және көру арқылы әр түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт (етті), саңқ (етті), гүрс (етті), қорс (етті), сарт-сұрт, бұрқ-сарқ, қаңғыр-күңгір тасыр-тұсыр, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт (етті), қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, т.б. әр түрлі қимыл-әрекетке, құбылысқа еліктеуді көрсетеді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет етістігімен) тіркесіп немесе қайталанып келіп қолданылады.


Еліктеу сөздер айналадағы құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастарды бейнелі түрде дәл жеткізудің бір құралы болып табылады. Сондықтан да еліктеу сөздер көбінесе көркем әдебиетте жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет