С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет88/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Үстеудің емлесі. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай, т.б.
Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша, яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым, т.б. сөздер айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, бұл+йыл, қыстың+күні, жаздың+күні, ендігіден+әрі, ана+құрылым деген сөздерден біріккен. Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бәрғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.
Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-түні (істеді) т.б.
Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т.б.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеу сөйлемде көбіне етістікпен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын, яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін (М.Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А.). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ.Мұст.).
Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), бише (қалай отырман?), жоғары (қайда көтерілу) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (ІІІ жақ), сонда (ІІІ ж) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Кейде үстеу атау септікте тұрып, заттанып келіп, бастауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал). Бүгін – мереке.
Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді. Тым-ақ қиын іс болды (А.). Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.
Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдерімен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет