§ 2021. ОртАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢтҮСтіКШЫҒЫС ЕУрОпА
ЕЛДЕрі
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (Поль-
ша, ГДР, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Албания)
соғыстан кейінгі кезеңде Шығыс Еуропа елдері аталды.
122
Еуропаны фашизмнен азат ету демократиялық құры-
лысты бекітуге және антифашистік демократиялық өзге-
рістерге жол ашты. Кеңес армиясының неміс фа шистерін
осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа
елдерінің ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес
Одағының бақылауында қалды.
Экономика саласында бұл мемлекеттерде индустрия-
ландыруға бетбұрыс жасалды. Олардың Чехословакия мен
ГДР-ден басқалары аграрлы ел санатына жататын. Индус-
трияландыру жеделдетілген сипат алды. Оның негізінде
өнеркәсіп, қаржы салалары, сауда орындары мемлекет
меншігіне алынды. Аграрлы реформа барысында жер қайта
бөлініп, ұжымдастыруға ұласты.
Экономикалық стратегия индустрияландыруға сүйенді.
Елдердің мүмкіндігі ескерілмей, ауыр өнеркәсіпті дамыту,
ірі комбинаттар құру, қуатты электрстансыларын тұрғызу
қолға алынды. Сондықтан қаржы мен бюджетке салмақ
салып, әлеуметтік жүйенің білім беру, денсаулық сақтау,
ғылымды дамыту мүмкіндіктерін қысқартты.
1970—1980 жылдары дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс кезеңінде және ғылыми-техникалық рево-
люцияның бастапқы кезінде индустрияландыру үлгісінің
дәрменсіздігі байқалды. Зор материалдық, энергетикалық
және еңбек шығындары, өндірістің экстенсивті түрі өзін-
өзі сарқыды. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР)
және оның негізінде өмірге келген шағын процессорлар,
ком пьютерлер, басқару жүйелері, есептеу техникалары
тез арада өндірістің материалдық-техникалық базасын
жаңартуды талап етті. Шығыс Еуропа елдері консервативті
әкімшілік жүйеде дамығандықтан, жаңа ғылыми-рево-
люциялық өзгерістерді қабылдай алмайтын халде қалды.
Бұл социалистік лагерь шеңберіндегі және жеке елдердегі
тоталитарлық социализм жүйесін дағдарысқа итермеледі.
Тоталитарлық социализм Еуропа өркениеті дамуының
табиғи-тарихи үрдісіне қайшы келді. Польшадағы, ГДР-
дегі 1953 жылғы көтеріліс және басқа елдердегі ереуілдер,
1956 жылғы венгр көтерілісі және 1968 жылғы Прага
көктемі атты қозғалыс КСРО және басқа социалистік
елдердің әскерлерімен басып-жаншылды.
123
1989—1991 жылдардағы демократиялық қозғалыстар.
Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі со-
циалистік лагерьдің барлық елдеріндегі экономиканы
қайта құруды талап етті. КСРО және Шығыс Еуропа
елдері ҒТР-дің даму қарқынына қосыла алмады. Реформа
мәселесі Венгриядағы көтерілістен кейін күн тәртібінен
түспей келген болатын, бірақ оны жүргізудің барлық
әрекеттері ескерілмей, тұйықталып қалды.
1970 жылдардың басында Польшада жұмысшылардың
бірінші аса ірі көтерілісі болып өтті. 1981 жылы Поль-
шада соғыс жағдайы енгізілді. Басқа елдерде революция
басқарушы партияның маңдайша жазуын алмастыру
әрекетімен, реформа жариялаудан басталып, олардың сая-
си сахнадан кетуімен аяқталды. Өкімет жаңа партиялар
қолына өтті. Мемлекеттік басқаруға жаңа жетекшілер:
Чехословакияда драматург Вацлав Гавел, Польшада
кәсіподақ қайраткері Лех Валенса, Болгарияда социолог
Желе Желев келді. Румынияда Чаушескудің диктатурасы
1989 жылы желтоқсандағы халық қозғалысы барысында
құлатылды.
Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік лагеріндегі
барлық елдерде көппартиялық жүйе енгізілді, әлеуметтік-
экономикалық құрылыс пен саяси жүйені өзгерту жолын-
да терең реформалар жүзеге асырыла бастады.
Реформалар мынадай ба ғыттарда жүргізілді: нарықтың
жоспарлы-реттеушілік рөлін және бағаны ырықтандыру-
ды қалпына келтіру, то лық мағыналы тауарлы-ақша
қатынасын орнату, меншік формаларын өзгерту, жеке-
меншікті мойындау, бұйрыққа сүйенген әкімшілік жүйені
жою, қысқарту.
Бұрынғы коммунистік партиялар саяси сахнадан ғайып
болып кеткен жоқ. Билікті жоғалтқанмен реформашыл
қанаттарына саяси күреске жаңа маңдайша жазуымен,
бағдарламаларымен қатысуына мүмкіндік берді. Поль-
шада біріккен жұмысшы партиясы өзін тарататындығы
туралы мәлімдеді, алайда социалистік партия қайтадан
өріс алды. Болгарияда солшыл күштердің демократиялық
партиясы құрылды және т.б. Солшыл саяси күштердің
қайта құрылуының жалпы үрдісі социал-демократтық
бағыттағы күштердің жаңа жетекшілеріне жол ашты.
124
Осының салдарынан қоғамда әлеуметтік қайшылықтар
күшейді және сонымен қатар әлеуметтік топтар мүд-
делерінің межелей бөлінуі байқалды. Қорыта айтқанда,
саяси оппозицияның жеңісін анықтайтын форумдар та-
рап кетті. Наразы халық 1994 жылы сайлауда бірқатар
мемлекеттерде өкімет басына социал-демократиялық
партияны — бұрынғы коммунистерді әкелді. Алайда көп
ұзамай саяси күштер өздерінің әлсіз екендігін көрсетті:
реформа ны жалғастыру барысына тек кедергі келтірді.
Сондықтан 1996—1997 жылдары Польшада, Болгария-
да, Венгрияда, Румынияда және бірқатар басқа елдер-
де социал-демократиялық топтар қайтадан жеңіліске
ұшырап, өкімет басына жаңа саяси күштер келді.
Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі
саяси және экономикалық өзгерістердің ерекшелігі.
1990 жылдардағы оңды-солды толқулар бұрынғы со-
циалистік лагерьдегі барлық мемлекеттердің бастан
кешірген өтпелі кезеңін бейнеледі.
Экономиканы ырықтандыру, нарықтық қатынасқа өту
салдарлары әртүрлі факторлардан көрінді.
Польша мен Венгрияда әлдеқайда ерте (1980 жыл-
дар) басталған реформалар ауыр жағдайды жеңілдетуге,
тұрақтылыққа өтуді жеделдетуге мүмкіндіктер берді.
Польшада 1995 жылы құнсыздану бірден төмендеді (20%-
ға дейін), мемлекет еуропалық деңгейге шықты. Сонымен
қатар елде жұмыссыздық сақталып (15%), әлеуметтік
шиеленіс шешілмеді. 1996 жылы Польшада президент
сайлауында солшыл күштің өкілі жеңіске жетсе, ал парла-
мент сайлауында (1997 ж., қазанда) оңшылдар басым
болды.
Өкіметті социалистер басқарған Болгарияда реформаға
бұғау салынды, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауыр
халге түсті. Елде ашаршылық етек алды, қаржы саласы аса
қиын жағдайда болды (сыртқы қарыз 10 млрд доллардан
асты). 1997 жылы президент болып оңшыл оппозицияның
өкілі сайланып, кезектен тыс парламент сайлауы өткізілді.
Албанияның реформаға кешігіп келуі, саяси мәде-
ниеттің төмен деңгейі, демократияның жоқтығы, биліктік
құрылымдағы алауыздық 1997 жылы елде терең саяси
дағдарыс тудырды және көтеріліске ұласты. Тобыр өкіметі
125
мемлекеттік институттарды қиратты, елді бүлдірді, бұл
оқиғалардың соңы азаматтық соғысқа жалғасып кету
қаупін туғызды.
Польша мен Югославияда ауыл шаруашылығын коо-
перативтендіру кең қанат жая қоймаған, сондықтан да
селодағы экономикалық қатынастар үлкен өзгеріске
ұшырамады.
Чехияда, Словакияда және Венгрияда жерге жеке-
меншік қалғанымен, кооперативтің жаңа формалары
пайда болды. Румынияда кооперативтер тарап кет ті, жер
меншік иелеріне қайтарылды. Болгарияда же ке коопера-
тивтер сақтала отырып, жеке фермерлік шаруашылықтар
қалыптасты. Алайда ахуал күрделі болды — ауыл шаруа-
шылығы мемлекетті құтқара алмады. Бұл аймақтың бар-
лық елдері үшін ортақ күрделі мәселе еді: капитал жоқ,
жұмыс күші тапшы болды, жердің аздығынан өндірілетін
өнімді толтырудың басқалай жолдары табылмады, не-
сие алу көзі және ауылшаруашылық құрал-жабдықтары
жетіспеді, ауылдағы шағын және орта бизнес артта қалып
қойды.
Бұл аймақта ұлттық және этникалық қақтығыстармен
қатар ұлтшылдық көріністер де байқалды. Чехосло-
вакиядағы 1990 жылғы революциялық үрдістер ұлттық
қақтығыстарға ауысты. Бұрынғы Югославия бірнеше
мемлекетке бөлінді. Егеменді Словакия, Босния, Герце-
говина, Македония, Хорватия мемлекеттері құрылды.
Югославияда Сербия мен Черногория қалды. Босния-
да халықтың діни құрамы күрделі болды (католиктер,
мұсылмандар, православтар). 1991—1992 жылдары өзара
қақтығыстар басталды. Ол ұлттық алалаушылыққа және
жаппай өлім-жітімге алып келді. Өзара араздық, өзара тар-
тыс тек бес жыл өткен соң БҰҰ, ЕО, НАТО және бірқатар
еуропалық мемлекеттердің, ішін де Ресей де бар, араласуы-
мен аяқталды. 1999—2000 жылдары Косоводағы албандар
тағдыры дүниежүзі назарын аударды. Осы мәселеге НАТО
араласып, мұсылмандарды қудалау тоқтатылды.
Балқан түбегіндегі Сербия мен Хорватия арасындағы
бақталас екі елдің сыртқы саясаттағы бағытымен ұштасты.
Ерте кезден бастап Хорватия жағы Германияға бет бұрса,
Сербия жағы ресейлік бағытты қолдап отырды. Аталған
126
текетірес жағдай діни (конфессиялық) қайшылықтармен
де ушыға түсті. Сербтердің православиялық нанымына
хорваттардың католиктік клерикалдық (лат. clericalis —
шіркеу, шіркеулік) нанымы қарсы тұрды.
Бұрын Югославия жеріндегі мұсылмандар діни қауым
деп мойындалса, 1961 жылдан бастап Броз Титоның
өкімі бойынша мұсылмандарға ұлттық мәртебе берілді.
Бұл жағдай Босния және Герцеговина аймақтарындағы
ислам топтарының қайта жандануына түрткі болды. Бұл
аймақтағы тұрғындар діни нышанға сәйкес үш этникалық
топқа бөлінеді: католиктер өздерін хорваттармыз
(15%), православтар сербтерміз (31%), ал исламшылдар
мұсылмандармыз (40%) деп бөлінеді.
Біртұтас мемлекеттің құрамындағы республикалар
егемендік жолына түсті. Егемендік әрекеттерді жақтаған
республикалардың алғашқы қатарында Словения мен
Хорватия тұрды.
Хорватиядағы үкімет басшылығына генерал Ф. Туджман
жетекшілік еткен Хорватия демократиялық Достасты-
ғы атты партия келді. Сербиядағы тәртіпті С. Милошевич
бастаған ұйымдар бақылады. 1991 жылдың көктемінен
бастап хорватиялық полиция топтары мен сербтердің
қорғаныс жасақтарының арасындағы қақтығыстар жиі-
лей бастады. 1991 жылдың желтоқсанында Хорватия
аумағындағы сербтер Серб Крайна атты тәуелсіз Республи-
касын жариялады. Хорватия мен Серб Крайна арасындағы
әскери-соғыс әрекеттер кең көлемді шайқастарға ұласты.
Бұл шайқастарға Югославия армиясының тұрақты бө-
лімшелері жиі қатысатын болды. Бұл жағдайда Батыс ел-
дер өкілдері Хорватия әрекеттерін барынша ақтап, кінәнің
бәрін Сербия жағына жауып отырды. Сербия әрекеттері
оқшаулана қала беретін жағдай қалыптасты.
1992 жылдың наурызында Босния және Герцеговина
тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылдың сәуірінде сербтер
мен мұсылмандар арасындағы әскери қақтығыстар орын
алды. Бітімгершілік әскери топтарының болғанын ескер-
мей, Босния және Герцеговина аумағына Югославияның
басқа аймақтарындағы сербтер топтары келсе, Таяу
Шығыстағы мұсылман елдерінен мыңдаған моджахеттер
топтары ағылды. Босния мен Герцеговина аумағындағы
127
қақтығыстар үш түрлі сипатта: православтық-като лик-
тік-мұсылмандық қырғындар кең өріс алды. БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңесі жағдайды ескеріп, Югославияға қарсы
экономикалық жазалау шараларын енгізуді жоспарла-
ды. 1992 жылы Сербия мен Черногория елдері бірлесіп
Одақтық Югославия Республикасын ұйымдастырған бо-
латын. АҚШ әкім шілігі БҰҰ-ның шешімін күш қолдану
жолымен орындауды барынша жақтады. НАТО әскери әуе
күштері серб әскерлері шоғырланған аудандарға оқ атып,
Босниядан Сербия әскерін дереу шығаруды талап етті.
Шиеленіскен саяси жағдайды тұрақтандыруға АҚШ
дипломатиясы да кірісті. 1995 жылдың қараша айын-
да Огайо штатындағы АҚШ әуе күштерінің Дейтон
базасында Босния сербтерінің жетекшісі Ф. Туджман,
Югославия Федерациясының басшысы С. Милошевич,
Босния мұсылмандарының жетекшісі А. Изетбегович
жанжалды реттеу шартына келісті. Дейтон келісімі
негізінде Босния және Герцеговина екі ұлттық бөлшекке
бөлінді: Мұсылмандық-Хорваттық Федерация және Сер-
бия Рес публикасына. Бейбітшілік келісімді іске асыра-
тын көпұлтты әскери күштер құрылды. Аталған әскери
топтар НАТО басшылығына бағынып, Біріккен Ұлттар
Ұйымының мандатына ие болды.
Балқан түбегіндегі жанжалдар Босния мен Герцеговина
аумағындағы тартыспен аяқталмады. 1998 жылдан бастап
Косово жеріндегі тартыстар қайтадан шиеленісе түсті.
Сербия полициясы мен Косовоны азат ету армия-
сы атты топтың арасындағы ушығып кеткен қарулы
шайқастарды басу үшін Югославия үкіметінің әскери
бөлімшелері Косово жеріне енгізілді. Мыңдаған Косово
тұрғындары көршілес Албания мен Македония елдеріне
ауып, босқынға айналды. Сербия жағы Косово ауданының
автономиялық құқығын одан сайын кеңейтуге үзілді-
кесілді қарсы болды. Бұл жердегі албандық тұрғындар Фе-
дерациядан шы ғып жеке дербес мемлекет құруды аңсады.
Халықаралық ұйымдар қатысқан келіссөздер нәтиже
бермегеннен кейін АҚШ бастаған НАТО әскери тобы бұл
мәселені күш қолдану арқылы шешуге кірісті. 1999 жылы
наурыз—сәуір—мамыр айлары бойы Косово аумағы және
Югославияның басқа да аудандарына үздіксіз бомба және
128
ракеталар тасталды. Косоводағы Сербия әскерлері толық
шығарылып, Албания тұрғындары Косовоға жиілеп
қайтып келе бастады. Ел ішіне бітімгерлік мақсатпен ха-
лықаралық әскери топтар енгізілді. 2008 жылдың ақпан
айында дербес егеменді Косово мемлекеті жарияланды.
Ресей Федерациясынан басқа, АҚШ және Батыс елдердің
басшылары жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекетті бірден
мойындады.
Аталған соғыстарда бейбіт халықтың жапа шеккені
үшін С. Милошевич және бірнеше Югославия басшылары
халықаралық сотқа тартылды.
Еуропа Одағы елдері Шығыс Еуропа мемлекеттерін
қауымдастық негізде мүшелікке қосуға жоспар құрды.
Ең алдымен НАТО мен серіктес мемлекеттердің әскери-
соғыс күштерінің сыйысымдылығына ерекше көңіл
аударылды. Осы жағдайды ескеріп 1994 жылы НАТО
тобының қамқорлығымен “Бейбітшілік жолындағы
серіктестік” атты бағдарлама жасалды. Орталық Еуропа
елдері осы бағдарлама негізінде өз армияларының санын
кемітіп, кеңестік қару-жарағын НАТО қару-жарағына
алмастыруға, офицерлер құрамын НАТО әскері құжатта-
ры негізінде қайта дайындауға тиісті болды. Ал келешек-
те бұл елдерді Еуропалық Одақтың экономикалық және
әлеуметтік құрылымына бейімдеу мәселелері қаралды.
1997 жылдың шілдесінде НАТО-ға кіруге бұрынғы
Варшава Достастығының үш мемлекеті — Венгрия, Поль-
ша және Чехия шақырылды. Бұл елдер НАТО құрамына
1999 жылы енгізілді. 2002 жылы Болгария, Румыния,
Словакия, Словения шақырылды. Аталған 4 ел НАТО
тобына 2003—2004 жылдары, ал Албания мен Хорватия
2009 жылы сәуірде қабылданды.
НАТО құрамына енген Шығыс Еуропа елдері Еуропа
Одағының мүшелігіне өтуге мүмкіншілік алды.
Кейінгі кезде АҚШ-тың зымырандарға қарсы қорғаныс
жүйесін осы аймаққа орнату жоспары Ресейді қатты алаң-
датуда. Ал елдер ішіндегі қайшылықтар да жеткілікті.
Румынияда, Словакияда, Болгарияда, Польшада және т. б.
елдерде үкімет ауысуда. Днестр бойындағы жанжал,
Украинадағы оқиғалар аймақтағы қауіпсіздікке өз әсерін
тигізді.
129
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шығыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтікэкономикалық құрылысты
сипаттаңдар. Оны Батыс Еуропа елдерімен салыстырыңдар.
2. Бұл елдердегі демократиялық революциялардың ерекшеліктері
неде?
3. Шығыс Еуропа елдерінің дамуына басқа жолдар бар ма еді?
4. 1990 жылдардағы өзгерістерді сипаттап беріңдер.
5. Шығыс Еуропа елдерінің НАТОға қосылуына Ресейдің ұстанымы
қалай?
§ 22. КЕҢЕС ОДАҒЫ. рЕСЕй ФЕДЕрАцИяСЫ
Соғыстан кейінгі жылдардағы Кеңес Одағы. Кеңес
Одағының экономикасы соғыстан әлсіреп шықты. Соғыс
жылдарында ол 25 млн-ға жуық адамынан айырыл-
ды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін жеңілдету
мақсатында КСРО үкіметі кеңес армиясы қатарынан
8,5 млн адамды қысқартты.
КСРО экономикасы бейбіт жағдайда қайта құрыла
бастады. Бұрынғы көптеген соғыс техникалары мен
құралдарын шығаратын зауыттар бейбіт өмірдегі тұрмыс
өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.
Соғыстан кейін Кеңес Одағының шекаралық шеңбері
өзгеріске ұшырады. Кеңестер Одағының құрамына — Оң-
түстік Сахалин және Курил аралдары Шығыс Пруссия
жері қосылды. Пруссияның орталығы Кенигсберг — Ка-
лининград болып өзгертілді.
1944 жылдың қазан айында Тува Республикасы КСРО
құрамына қабылданып, Ресей Федерациясының авто-
номиялық облысы деп мойындалды.
тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Аздаған демокра-
тиялық өзгерістер тұрақтамады. Кеңес қоғамының одан
әрі дамуына 50-жылдардың басында шырқау шегіне жет-
кен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін
тигізді. Жаңаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа
науқаны басталды. Көрнекті кино қайраткерлері, саз-
герлер (Прокофьев, Хачатурян, Мурадели) жөнсіз сынға
ұшырап, қызметтерінен қуылды. Еврей тұрғындарының
мәдени және қоғамдық ұйымдары, баспасөз органдары
жабылды.
130
Жаратылыстану ғылымдардың жаңа салалары —
толқындық механика, кибернетика, генетика салалары
жалған, шындыққа жанаспайды деп есептелді.
Бірақ бұған қарамастан, физика, химия, математика
салаларында атақты ғалымдардың және басқалардың
жетістіктері нәтижесінде АҚШ-тың атомдық монополия-
сы жойылып, ғарышты игеруде және авиация ұшақтарын
жасауда кеңес елі алдыңғы шепке шықты.
Халық шаруашылығының жағдайы. Бұл кезде елдің
ішкі құрылысында азын-аулақ демократиялық жеңілдік-
тер іске асты. Елдегі төтенше жағдай тәртібі жойылды,
8 сағ-тық жұмыс күні, апта сайын және жыл сайын
беріле тін ақылы демалыстар қалпына келтірілді. Барлық
кеңестер сайлауы өткізіліп, олардың жиындары заңға
сәйкес реттелді. 1947 жылы желтоқсанда карточка жүйесі
мен еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен
өлшеулі қамтамасыз ету жойылды. Сол жылы ақша рефор-
масы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің бағасы арзан-
дады. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза болғандардың
отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
1952 жылдың қазан айында партияның XIX съезі
болып өтті. 1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болып,
қыркүйек айында КОКП Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы болып Н. С. Хрущев сайланды.
Н. С. Хрущев. “Жылымықтың” басталуы. Ауыл шаруа-
шылығының маңызды мәселелерін шешу және дәнді
дақылдар өнімін арттыру үшін елде тың және тыңайған
жерді игеру басталды.
Еуропадағы социалистік елдердің өзара қатынастары
достық және ынтымақтастық келісімдер негізінде іске
асырылды. 1949 жылдан бастап социалистік елдер дің
шаруашылық қатынастары Экономикалық Өзара Кө мек
кеңесі құрылды.
1955 жылы КСРО және басқа ірі державалар Австрия-
ның демократиялық тәуелсіздігі мен мәртебесін сақтау
туралы келісімге қол қойды.
КОКпның ХХ съезі. 1956 жылы ақпан айында КОКП-
ның ХХ съезі өтті.
КОКП-ның ХХ съезі мынадай міндеттерді алға қойды:
өнеркәсіп өнімін өндіруді арттыру, ауыл шаруашылығын
131
одан әрі дамыту, өнеркәсіп салаларында 7 сағ-тық жұмыс
мерзімін енгізу, зейнетақы реформасын іске асыру, тұрғын
үйлер салу қарқы нын күшейту, өнеркәсіп өнімінің жан
басына шаққандағы үлесі бойынша жетекші капиталистік
елдерді басып озу.
ХХ съезд Сталиннің жекебас қа табынушылығын
айып тап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының
нормаларын қалпына келтіру, партиялық демократияны
өрістетудің жолдарын сөз етті.
Н. С. Хрущев есепті баяндамасында Iшкі Iстер Халық
Комиссариаты органдарының жалған құжаттар шығару
ше берлігін, саяси тұтқындарды азаптау әдістерін, олар-
дың тізім бойынша атылуын және айыптау құжаттарын
алдын ала дайындау сияқты зорлық-зомбылықтарын
әшкереледі.
1957 жылы қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау
істері жалғаса берді. Қалмақ, Шешен-Ингуш, Кабардин-
Балкар, Қарашай-Черкес АКСР-лері қалпына келтірілді.
Бірақ Еділ бойындағы немістер, қырым татарлары, жер
аударылған гректер, болгарлар және басқа халықтар ресми
түрде ақталған жоқ.
Интеллигенцияға, ғалымдарға, баспасөзге біраз же-
ңілдік жасалды, демократиялық қадамдар орын алды,
қуғын-сүргін тоқтатылғандай болды. Шетелдермен қа-
ты нас жөнделе түсті. Сол саясат “жы лымық” деп аталды.
60жылдардағы Кеңес Одағы. 50-жылдардың екінші
жартысы мен 60-жылдардың басында ғарыш кеңістігін
игеру, атом қуатын бейбіт мақсатта
қолдану ісі қолға алына бастады.
Химия өнеркәсібі күшті дамыды.
1961 жылғы 12 сәуірде кеңес
азаматы Юрий Алексеевич Гага-
риннің ғарышқа тұңғыш рет ұшуы
болды. Бұл кеңес ғылымы мен
техникасының жарқын жеңісі деп
қабылданды.
Ауыл шаруашылығы. КСРО
ауыл шаруашылығы дұрыстала
түсті. Тың жер игерілді, соның
нәтижесінде Қазақстан мемле-
кетке 1 млрд пұт астық өткізді.
Ю. А. Гагарин
132
Дегенмен ауыл шаруашылы ғына қажетті техника ауыл-
да әлі де төмен дәрежеде болды. Ауыл шаруашылығы
шыққан шығындарын өтей алмайтын. Оның негізгі
себептерін іздестіріп шара қол данудың орнына Хрущев
біресе жүге ріні барынша көп өсіруге, біресе егіншілікті
химияландыруға итермеледі. Шаруаларға еркіндік беру
мәселесі көпшілік талқысына салынбады.
Орталықтағы басшылар одақтас республикалардың
ұлттық ерекшеліктерін есепке алмады.
Сталиндік әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің тамыры
үзілмеді.
Қоғамның мәдени өмірі: даму бағыттары мен қай
шылықтары. 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың
басында оң талпыныстармен қатар, қайшылықтары мол
келеңсіз жағдайлар да байқалды.
Мектепті реформалауға көңіл бөлінді (1958 ж.).
1962 жылы облыстық партия ұйымы — өнеркәсіптік және
ауылшаруашылық болып екіге бөлінді.
Саяси қысымға қарамастан ел ішінде жоғары деңгей-
дегі көркем шығармалар да баспалардан басылып шығып
жатты. Олар болған қуғын-сүргінді, тоталитарлық жүйе-
нің әділетсіздігін әшкереледі. Мұндай еңбектердің
қатарында А. Твардовскийдің “О дүниедегі Теркин”,
Е. Евтушенко ның “Сталиннің мұрагерлері”, Э. Каза-
ковичтың “Жаулар”, Г. Николаеваның “Жол бойындағы
шайқас” еңбектері болды. М. Әуезовтің “Абай жолы” ро-
ман-эпопеясы жарық көрді.
Елдегі саяси басшылықтың алмасуы. 1964 жылы 14 қа-
занда партия пленумы Н. С. Хрущевты елдегі ұжымдық
басқарудың принциптерін бұзғаны және Қытаймен
арадағы қатынасты ушықтырғаны үшін қызметтен бо-
сатты. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л. И. Брежнев
сайланды.
Л. И. Брежневтің басқаруымен партиялық-мемлекеттік
басшылық саяси және әлеуметтік-экономикалық салада
жаңа бағытты іске асыруға тырысты. Реформалар ба-
сынан-ақ әміршіл-әкімшіл басқару әдісімен жүргізілді.
Өнеркәсіпті басқаруда министрліктер қайта орнатылды.
60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың ба-
сында кеңес халқының өмір сүру деңгейі, қоғамның өзгеру
барысы қайшылықты сипатта болды.
133
Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілді. Бірқатар
еңбекшілердің айлық жалақысы өсті. Ұжымшар мүше-
лерінің кепілдік еңбекақылары көбейді, төменгі жалақы
алатындар орта жалақы алатындар қатарына жетті.
Ауылшаруашылық өнімі өспей, шетелдерден жыл са йын
10—20 млн тонна астық сатып алу әдетке айналды. Тек
мұнайдан түскен кіріс қана елдің жағдайын бірқалыпты
сақтауға мүмкіндік берді.
Іс жүзінде шешімін таппаған ұлттық мәселелер жат-
ты. Кеңес Одағын құрайтын республикалардың өзін-өзі
басқару еркі үнемі шектелумен болды.
Брежневтің басқару кезеңі қоғамның саяси, әлеумет-
тік-экономикалық, рухани дамуына теріс ықпалын тигі-
зіп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің бақылаусыздық,
дәрменсіздік нышанын байқатты.
1968 жылы “Прага көктемі” аталған Чехословакиядағы
демократия үрдісін КСРО әскер күшімен таптау, Афри-
ка елдерінің ішкі істеріне араласу, Ауғанстанға кеңес
әскерлерін енгізу (1979 ж., желтоқсан) КСРО-ның дүние-
жүзі алдындағы беделін түсірді. Мұндай шешімдер Бреж-
нев бастаған бірнеше кеңес басшылары ның (Ю. Андропов,
А. Громыко, Д. Устинов) ғана ұйға руымен қабылданды.
Л. И. Брежнев 1982 жылы қайтыс болып, басшылыққа
Ю. В. Андропов келді. Бірақ 1984 жылы ол дүние салып,
елдің және партияның басшылығы К. Черненкоға тиді.
1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті-
нің Бас хатшысы болып М. С. Г о р б а ч е в сайланды.
80-жылдардың ортасында Кеңес Одағы экономикалық,
әлеуметтік және саяси дағдарыстың алдында тұрды.
Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі қазіргі дәуір шынды-
ғына жауап бере алмады. Қоғамның барлық жақтарын,
оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси
құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Алайда жаңарту
үрдістерінің тереңдігі, формалары, жолдары бірден айқын
болған жоқ. Кеңес қоғамында көптеген реформалар бастал-
ды. Бұл қайта құру деп аталды.
1987 жылы қаңтарда жариялылық туралы шешім
қабылданды. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарын-
да айтыс-тартыс пікірлер күшейе түсті.
134
Біртіндеп құқықтық мемлекет тің, азаматтық қо-
ғамның нормалары орныға түсті: азаматтардың, ерік-
ті одақтардың, қозғалыстардың, пар тиялардың заң
шеңберінде бірігуіне рұқсат берілді.
1990 жылы шілдеде КОКП-ның ХХVII съезі тартысты
жағдайда өтті. Съезд жабылар алдында Ресей елінің бас-
шысы Б. Ельцин өзінің партиядан шығатынын мәлімдеді.
ХХVII съезден соң бір жыл ішінде КОКП қатарынан
4 млн адам шықты.
1991 жылы 25 желтоқсанда М. Горбачев КСРО-ның
Президенттік қызметінен және Жоғарғы әскери бас-
шылықтан кететіндігін жариялады. Сол күні кешке таман
Кремльдің Үлкен Сарайының төбесіндегі діңгектен КСРО-
ның нышаны — қызыл жалау түсіріліп, тәуелсіз Ресейдің
ақ-көк-қызыл түсті жалауы көтерілді. 26 желтоқсан күні
бұрынғы Жоғарғы Кеңестің Республикалық палатасы —
КСРО-ның әрекеті тоқтатылғаны жөнінде Декларация
қабылдады.
КСрОның ыдырауы және тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының құрылуы. КСРО-ның даму қарқынының
бәсеңдеуі және алғашқы дағдарыстың белгілері 70-жыл-
дары айқындалып, 80-жылдары анық байқалды.
1985 жылдан басталған КСРО-дағы өзгерістер мем-
лекеттік құрылысқа да әсер етпей қоймады. КСРО кон-
ституция бойынша одақтас мемлекет бола тұрса да, шын
мәнінде 15 одақтас республиканың бірде-бірі өзіндік билік
жүргізе алмады. Сондықтан олар өз тәуелсіздігін талап
етті. Бұл талап күн өткен сайын күшейе түсті.
Елдегі экономикалық ахуалдың нашарлауына байла-
нысты Орталықтың бұл ұмтылысты тоқтатуға шамасы
жетпеді. 1989—1990 жыл дардағы сайлауда тәуелсіздікті
жақтаушы республикалар КСРО құрамынан бөлініп
шығуға бел байлады.
1990 жылдан бастап көптеген республикалар өздерінің
тәуел сіздігін жариялап, егемендік мәртебесіне ие болды.
1991 жылы 18 тамызда Фороста (Қырымда) дем-
алып жатқан М. С. Горбачевқа жоғары лауазымды мем-
лекеттік, әскери және партиялық құрылым басшыла-
ры келіп, үкіметті таратуды талап етті. Барлық КСРО
135
аумағында төтенше жағдай енгізі-
ліп, Мәскеуде Төтенше жағдай жө-
ніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК)
құ рылды, кеңес халқына арнайы ма-
нифест жарияланды.
Олар КСРО дамуын ескіше сақтау-
ды көздеген. Бір ден демократияға,
жариялылыққа халықтардың бостан-
дығына қарсы заңдар шығарылды.
Қайта құру үрдісіне жол бермеуге ты-
рысқан топ сонау 1917 жылы Қазан
төңкерісінен бастау алған әдісті пай-
даланбақ болып, өкіметті заңсыз
қолға алуға ұмтылған. Бірақ халық бұқарасы оларды
қолдамады.
19 тамыз күні таңертең Б. Ельцин ТЖМК әрекетін
мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай
ереуілге, ал әскерлерді ТЖМК бұйрығын орындамауға
шақырды.
20 тамыз күні Ресейдің көптеген қалаларында және
басқа республикаларда бүлікке қарсы митингілер, шеру-
лер болды. Ресей демократиялық күштері жеңіске жетті.
21 тамыз күні төңкерісті ұйымдастырушылар тұт-
қындалды. Заңдылық қалпына келтірілді.
Төңкеріс жеңілген соң КОКП қызметі тоқтатылып,
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қайта құрылатын-
дығы хабарланды.
1991 жылы 8 желтоқсанда ресей, Украина, Белорус
сия басшылары (Б. Ельцин, Л. Кравчук, С. Шушкевич)
Беловеж келісіміне қол қойып, КСРО-ның таратылғанын,
Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы (ТМО) құрылғанын мәлім-
деді. ТМО құрамына бұрынғы КСРО құрамындағы ел-
дердің кіруіне есік ашық деп жарияланды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес
Одағының құрамындағы тәуелсіз Әзірбайжан, Қазақстан,
Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан,
Белоруссия, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Укра-
ина басшыларының кеңесінде Тәуелсіз мемлекеттер
достастығын құру туралы келісімнің хаттамасына қол
қойылды. ТМД құрылуымен бірге, КСРО өмір сүруін
Б. Ельцин
136
тоқтатты. Алматы хаттамасы бойынша: ТМД мемлекеттік
емес және ұлттардың үстінен бақылау орнату құқығы жоқ
топтасу деп танылды.
ТМД елдерінің даму жолдары бірдей болмады. Бұрынғы
біртұтас кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан
жан-жақты шаруашылық қатынастардың үзілуінен на-
рықтық реформалар бірқалыпты қарқын ала алмады.
ТМД елдері одақтастығының құрылуына және қалып-
тасуына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. На-
зарбаев белсенді рөл атқарды. Еуразиялық одақ құруды
ұсынды.
1996 жылғы 29 наурызда Мәскеуде — Белоруссия,
Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы арасында
Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпал-
дастықты терең дету туралы келісімге қол қойылды.
2000 жылдың соңында Беларусь, Қазақстан, Қыр-
ғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері Еуразиялық
экономикалық қоғамдастық ұйымын құрды.
2000 жылдың соңында Б. Ельцин өз еркімен қызметтен
бас тартты. Президент орнына Конституцияға сәйкес
үкімет төрағасы В. Путин келді. Ел басшылығында болған
8 жыл ішінде В. Путин бірқатар мәселелердің шешілуіне
және ел арасындағы тәртіптің жолға қойылуына қол
жеткізді. Оның тұсындағы мұнай-газ бағасының жоғары
болуы ел экономикасына айтарлықтай көмектесті.
2008 жылы Ресей президенті болып Д. Медведев сай-
ланды. В. Путин үкіметті басқарды.
Ресей елі НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын
ашық түрде қаламайтындығын атап көрсе тіп, Украи-
на мен Грузияның НАТО құрамына қабылдануына қар-
сылығын білдірді.
2010 жылы Ресей, Қазақстан, Беларусь Кеден Одағын
құру туралы шарт жасасты, сонымен бірге басқа да
ынтымақтасу шаралары қолға алынды.
Кейінгі жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық
дағдарыс Ресейге де оңай тимеді. Елдің өндіріс саласы
25%-ға төмендеді. Үкімет банкілерге және кәсіпорындарға
жүздеген мил лиард рубль бөліп, жағдайды қалпына
келтіре түсті.
137
2011—2012 жылдардың ортасында даму қарқыны
4—4,5%-ға өсті. Газ бен мұнай бағалары жоғары болғаны
Ресейге шетел валютасы мен алтын қорын ұлғайтуға
жәрдемдесті. Әскери күштеріне, полицияға, инновация
жоспарларына қыруар қаржы бөлініп, олар реформалану-
да. 2012 жылы көктемде В. Путин қайта президент болып
сайланды. Д. Медведев үкімет басына келді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Кеңес халқы соғыстан кейін қандай қиыншылықтарға тап болды?
Кеңес Одағының шекарасында қандай өзгерістер байқалды?
2. 1960—1980 жылдардағы саяси өмірдің ерекшеліктері туралы жә
не экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар туралы әңгі
мелеңдер.
3. М. С. Горбачев бастаған жариялылық, қайта құру жайынан және
тоталитарлық социализм жүйесінің күйреуі туралы әңгімелеңдер.
4. КСРОның ыдырауынан кейінгі ТМД елдерінің алдында қандай мін
деттер тұрды?
5. Егемендік Ресейдің дамуы қалай жүруде?
Достарыңызбен бөлісу: |