С өЖ-3 А. С. Макаренко тәрбие туралы


Ұстаздық дастан поэмасына шолу. Ұжым туралы теориясы



бет3/4
Дата19.11.2023
өлшемі326,37 Kb.
#124905
түріПоэма
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогика. СӨЖ-3 Секербай Армантай (копия)

Ұстаздық дастан поэмасына шолу. Ұжым туралы теориясы.

Совет үкіметінің жазушысы А.С.Макаренконің аса танымал және өте маңызды шығармасы «Ұстаздық дастан» поэмасы 1933-1935 жылдарда жарық көреді .20жылдары балалар еңбектің отарындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу жөнінідегі кітапты жазып шығарды


Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.
"Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің "Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.
Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы "параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. "Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды.
Ұжымның негізгі заңдарының бірі "ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.
Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет "Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талданды.
"Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп жазды Макаренко.
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әр уақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.
Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады.Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу.
Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.
Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді, екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік сезімін кешірді.
Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.
Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.
Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.
Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.
Ұжымды ұйымдастырушы – педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.
Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.
Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.
Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты: ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы; жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы; Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін.
Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.
"Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазған кім?
Бұны А.С.Макаренко жазған және оны «Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары» атты мақаласында жазады 
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко айтуы бойынша....
әр уақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді деп айтқан болатынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет