С. П. Макаревич, М.Қ. Қылышқанов Автоматты реттеу теориясы бойынша лекциялар


Логарифмдік амплитудалық жиіліктік сипаттамалар бойынша түзеткіш құрылғыларды синтездеу



бет35/36
Дата03.08.2023
өлшемі10,8 Mb.
#105006
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
5.6 Логарифмдік амплитудалық жиіліктік сипаттамалар бойынша түзеткіш құрылғыларды синтездеу

Әрбір АРЖ-сі орнықтық шартынан басқа да белгілі бір сапалық талаптарға сай келу керек. Дербес жағдайда жүйе орныққан режимдерде қажетті реттеу қателігін қамтамасыз етуі керек, оның ең аз асқын реттелуі және қажетті шапшаң әрекеттілігі болуы керек. Көп жағдайларда бастапқы жобаланған АРЖ-сі оған қойылатын талаптардың барлығына бірдей жауап бере алмайды, осыған байланысты түзеткіш құрылғыларды синтездеу мәселесі туындайды. Бұл түзеткіш құрылғылар АРЖ-сінің қасиеттерін талаптағыға неғұрлым жақын болатындай етіп өзгертуі керек. Түзеткіш құрылғыларды синтездеу әдісі тұйық емес жүйенің логарифмдік жиіліктік сипаттамалары мен оның статикалық және динамикалық сипаттамаларының арасындағы сәйкестікке негізделген.


Синтездеу мәселесін шешу үшін түзету енгізілмеген жүйенің тұйықталмаған күйдегі ЛАЖС-сын білу керек. Қажетті статикалық және динамикалық қасиеттері бар бұл ЛАЖС-ны тұйық емес АРЖ-сінің талаптық логарифмдік амплитудалық жиіліктік сипаттамасы деп атайды. Содан кейін АРЖ-сіне түзеткіш құрылғыны қосу нұсқасын таңдап алу керек.
Түзеткіш құрылғыны тізбектей қосу керек деп санайық. Сонда түзетілген жүйенің алдын-ала жобалаған құрылымы 5.16 суретте көрсетілгендей түрде болады.



5.16 сурет


W0(p) және L0(p) арқылы сәйкесінше түзету енгізілмеген жүйенің беріліс функциясын және ЛАЖС-сын белгілейік, ал WТ(p) және LТ(p) арқылы сәйкесінше түзету енгізілген жүйенің беріліс функциясын және ЛАЖС-сын белгілейік. Сонда тізбекті түзеткіш құрылғының логарифмдік
жиіліктік сипаттамалары мен параметрлерін анықтау реті мынадай болып табылады:
1) Түзету енгізілмеген жүйенің L0(p) ЛАЖС-сы салынады (5.17 сурет).



5.17 сурет

2) Тұйық емес жүйенің қажетті ЛАЖС-сы тұрғызылады. Егер тұйық емес жүйенің беріліс функциясының беріліс коэффициенті мен астатизм дәрежесі талаптарға сай болса, онда түзету енгізілмеген АРЖ-сінің төменгі жиіліктік асимптотасы қажетті ЛАЖС-ның 1 жиілікке дейінгі төменгі жиіліктік асимптотасы болып табылады (5.17 сурет). Олай болмаған жағдайда төменгі жиіліктік асимптотаны 4=k нүктесі арқылы 20 дБ/дек көлбеулікпен жүргізеді (5.17 суретте үзік сызықпен көрсетілген), мұндағы k  тұйық емес жүйенің қажетті (талаптық) беріліс коэффициенті.


Қажетті ЛАЖС-ның ортаңғы жиіліктік сипаттамасын салуды Қ қиылу жиілігін таңдаудан бастайды. Ол үшін Қ=/tp қатынасын қолдануға болады. Осыдан соң Қ нүктесі арқылы қажетті ЛАЖС-ның ортаңғы жиіліктегі асимптотасын 20 дБ/дек көлбеулікпен жүргізеді. Ортаңғы жиіліктегі асимптота ұзындығы мен 2 және 3 түйіндес жиіліктерді мына теңсіздіктермен берілген шарттар бойынша таңдайды


; . (5.9)

Осының нәтижесінде тұйық емес жүйенің қажетті ЛАЖС-сы анықталады.


3) L() қажетті ЛАЖС-ның ординатасының түзету енгізілмеген жүйенің L0() ЛАЖС-ның ординатасын шегеру арқылы түзеткіш құрылғының LТ() ЛАЖС-сын анықтайды.
4) LТ() сипаттамаларының түрі бойынша пассив төртполюстіктің көмегімен жүзеге асырылатын түзеткіш құрылғының беріліс функциясын анықтайды. Кейбір пассив төртполюстіктердің принциптік электрлік нұсқалары, беріліс функциялары және ЛАЖС-сы әдебиеттерде келтіріледі. Дербес жағдайда, 5.17 суретте көрсетілген LТ() ЛАЖС нұсқасы 5.18 суретте көрсетілген түзеткіш құрылғының көмегімен жүзеге асырылады.



5.18 сурет

5) Синтезделген жүйенің сапасы тексеріледі, ол үшін белгілі әдістердің көмегімен жүйенің өтпелі сипаттамасын салу керек. Жүйеге қойылатын талаптар елеулі түрде орындалмаса, яғни асқын реттелу мен реттеу уақыты рұқсат етілген мәндерден артық болса, онда қажетті түзетулер енгізіп есептеулерді қайта жүргізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет