(RНЕІРОRМЕS) Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді, түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 /сг-ға жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Оңтүстік Американың жазық далалы аймақ-тарында оның екі түрі тараған. Kөбірек тараған түрі кәдімгі нанду (Rеа аmеriсапа). Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп, топтасып жүреді. Көбею кезінде бір еркегіне 5—7 үрғашысы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Үрықтанған ұрғашылары жүмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын еркектері ғана басады. Олар жұмыртқадан шыкданнан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 20—30 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созы-лады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай үй құстары есебін-де өсіреді.
3-отряд. АВСТРАЛИЯ ТҮЙЕҚҰСТАРЫ НЕМЕСЕ КАЗУАРЛАР (САSUАRIlFОRМЕS) Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұ-лардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсын-дары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша са-бағы болады.
Э м у т у ы с ы (Dгоmісеіиз) біркелкі сұр түсті болүмен және мойны мен басының қауырсындарының болуымен сипатта-лады. Олардын. бойының биіктігі 170 см, салмағы 37—55 кг болады. Бүлардың бір түрі (Ог. поvаеһоllапdіае) Австралияның шөл, далалы жерлерінде кездеседі. Бұлар топтанып, 4—6-дан бірігіп жүреді. Моногамды, еркегі үяларын жэсап, жүмыртқа-ларын басып, балапандарын шығарумен қатар, оларды ертіп жүріп жауынан қорғап қамқорлық та жасайды. Екінші бір ерек-шелігі еркектері үяның маңына ұрғашыларын жақындатпайды. Бір ұяда 7—16 жұмыртқа болады, инкубация кезеңі орта есеп-пен 52 күнге созылады. Қоректері негізінен өсімдіктер. Егер оларды дұрыс асырап күтсе, бізде орталық және солтүстік зоопарктерінде көбейеді. Ересектері суыққа төзімді болады. Дымқылды көтере алмайды.
Казуарлар (Саsиагіиs) туысына Жаңа Гвинейға және Авс-тралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойнының үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олардың жалпы түсі қара, қауырсындары ұзын қылтық сияқты болады. Казуарлар ыстық жақтың ағашты бө-лімдерінде тіршілік етеді. Көбею және қоректенуі негізінен эмура ұқсайды.
160
4-отряд, ҚАНАТСЫЗДАР НЕМЕСЕ КИВИЛЕР