С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
 
әдіс
 
– қойылған мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар
зерттеудегі әрекеттерді үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар
қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден, әрекеттердің бірізділігінен
тұрады. Басқаша айтқанда әдіс – зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына
негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Кез келген зерттеу нысаны мен
зерттеу әдісі арасында біржақты байланыс бар. 
Тәсіл
– ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі ұсақ, одан гөрі нақтылау болып
келген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай
екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан
алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызметін атқарады. Ол зерттеушінің
зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету
үшін қолданған тәжірибелік амал. Зерттеуші өзінің алдына қойған мақсатына
жету үшін белгілі бір зерттеу әдісін, немесе әдістерін таңдап алады. Содан
кейін қажетті материалды жинап алғаннан кейін оны сұрыптап, жүйеге
келтірудің амал-тәсілдерін іздестіреді. Осындай зерттеудің амалдары мен
жолдары зерттеудің тәсілі болып табылады. Тәсіл әдістен туындайды. Ол –
зерттеушінің мақсатына жету үшін қолданған құралы. Тәсіл мен әдіс бір
бірімен тығыз байланысты.
Оқыту тәсілі
-әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша
кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және әдіс
модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен
тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына
қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. 
Негізінде әдіс те, тәсіл де - нәтижесінде білім, шеберлік пен дағды
берілетін оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара әрекет.
Айырмашылығы: тәсіл – бір ғана нақты білім, шеберлік, дағдыны
қалыптастыру үшін қолданылатын, қысқа мерзімді амал. Ал әдіс — бірнеше
тәсілдерді біріктіріп, көптеген кезеңдерден тұратын ұзақ үдеріс. Сол себепті де
оқыту тәсілі әдістің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет