С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Кемпірқоdоs)сақ
34


 
Негізгі жүзеге асырылу қағидасы «Қарлы кесек» әдісіндегідей, тек
әріппен таңбаланған жетондардың орнына түрлі-түсті стикер беріледі. Топтың
және ондағы студент санына байланысты кемпірқосақ түстерін алуға болады.
Мысалы, 5 топ болса, сәйкесінше топ құрамы 5 студенттен тұрады және 5 түрлі
түс алынады. Ол үшін:
☺ бес шағын тоқа құрылады да, берілген мәтін бөлігін оқып, талдауға
кіріседі;
☺ топ мүшелерінің алдына белгіленген түстер таратылады: қызыл, тоқ
сары, сары, жасыл, көгілдір,...
☺ келесі кезекте әр топтан біркелкі түстер бірігіп, бір топ құрады,
кезекпен бір-біріне өздері оқыған мәтін бөліктерін әңгімелеп береді, сөйтіп, өз
ақпараттарымен бөліседі,
☺ кейін студенттер жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы
топқа» (кейде оны «үй тобы» деп те атайды) қайта оралады. Бұл одан әрі
талқылауға түрткі болады.
Жалпы кемпірқосақ табиғаттың ғажайып құбылысы екенін білеміз. Осы
керемет құбылыс туралы қызықты деректер көп. Атап айтатын болсақ, жаңбыр
тамшыларынан пайда болған түстерді әркім әртүрлі бұрыштан әрқилы көреді
екен, біреуге көрінген түс екінші адамға көрінбеуі ықтимал. Сонымен қатар екі
адам бір жерде бір мезгілде бола алмайды және бірі көрген түсті екіншісі көре
алмайды, сондықтан да кемпірқосақ туралы түрлі образ қалыптастырады екен
адамдар. Сол сияқты бір ғана мазмұндағы оқу материалын білім алушылардың
бәрі бір деңгейде қабылдай алмайды, әрқайсысы әрқилы меңгереді, түрліше
интерпретация жасайды. Ал пікірлерін ортаға салып, ақпаратпен бөлісе келе,
ортақ шешімге келулері ғажап емес. Сондай-ақ, кемпірқосақ шын мәнісінде біз
айтып жүрген жеті түстен ғана емес, миллионнан астам түстерден тұрады екен,
оның бәрін бірдей көруге адам көзі қабілетсіз. Осы айтқанымыздай, бір ғана
мәтіннен немесе тақырыптан бірнеше мәселе тудыруға да, соларды талдау
нысанына айналдыруға да болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет