С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе



бет225/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе
тастап кету (383-бап)

Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету әскери борыш пен антты бұзудың ауыр түрі болып табылады. Осыған орай бастықтың өзіне сеніп тапсырылған әскери жүктерді жауға беруі, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүргізудің басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 383-бабында көзделген. Бұл жерде қылмыс бастықтың жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кетуі арқылы көрініс табады. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен сипатталады. Қылмыстық ниет әдетте қорқақтықтан немесе жігерсіздіктен болуы мүмкін. Аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында істелмеуі керек. Қылмыс субъектісі арнаулы, өзіне сеніп тапсырылған әскери күштерді жауға берген, әскери техниканы, басқа құралдарды жауға қалдырған бастық.




Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап)

Тұтқынға өз еркімен берілу мемлекетке опасыздықтың арнаулы түрі, әскери қызметтен жалтарудың ең қауіпті нысаны болып табылады. Әрбір әскери қызметші ең қиын деген жағдайлардың өзінде Отан алдындағы борышын адал атқаруға, тұтқынға өз еркімен берілмеуге міндетті. Қорқақтық немесе жігерсіздік салдарынан өз еркімен тұтқынға берілгендік үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 384-бабында көзделген. Қылмыс әрекет арқылы өз еркімен тұтқынға берілу жолымен жүзеге асырылады. Әскери қызметшіні қарсылық көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда күшпен тұтқынға алу тұтқынға өз еркімен берілуге жатпайды, яғни мұндай ретте адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс тұтқынға өз еркімен берілген сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс субъектісі кез келген әскери қызметші.




Тонаушылық (385-бап)

Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын талан-таражға (тонау) салу- тонаушылық деп танылады (Қылмыстық Кодекстің 385-бап). Қылмыс объективтік жағынан алғанда өлгендердің, жараланғандардың заттарын талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Талан-тараж ашық, жасырын түрде бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатында жүзеге асырылады. Мұндай тонаушылық жәбірленушіге (мысалы контузия алғандарға, жаралыларға) зорлық әрекеттері де көрсетілуі мүмкін. Тонаушылық әрекеттері өлгендерге де, жараланғандарға да қолданылуы мүмкін. Тонаушылықтың жасалатын орны ұрыс әрекеті жүріп жатқан немесе болған шайқас даласы. Тонаушылық әрекеттері жәбірленуші өлтіру немесе оған әр түрлі дене жарақаттарын келтірумен ұштасса, кінәлының әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты пайдакүнемдік, жәбірленушінің мүлкін иемдену. Қылмыс субъектісі-кез келген әскери қызметші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет