С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап)



бет199/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап)

Қылмыстың бұл түрінің қоғамға қауіптілігі орасан. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқыннан немесе қамаудан қащқан адам қылмыстық жауаптылықтан құтылаудан немесе жазаны өтеуден бұлтару мақсатын көздейді. Қылмыстың объектісі-сот және тергеу органдарының, сондай-ақ түзеу мекемелерінің бірқалыпты дұрыс қызметі болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу арқылы сипатталады. Заңда көрсетілген негіздер болмаған жағдайда жазасын өтеуді адамның бас бостандығынан айыру орнынан, алдын ала қамаудағы адамның тұтқын немесе қамау орындарынан өз бетімен кетіп қалуын көрсетілген орындардан қашу деп айтамыз. Яғни заңның диспозициясында көрсетілген бас бостандығынан айыру, тұтқындау немесе қамау орындарынан қашқан реттерде ғана осы қылмыс туралы сөз болады. Бас бостандығынан айыру орындарына-қоныс колониялары, түзеу колонияларының барлық түрі, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колониялары, түрмелер, тәртіптік әскери бөлімдер жатады. Алдын ала тұтқындау орындарына-ІІМ-нің, МҰҚК-нің айыпкерлерінен күдікті адамдарды ұстайтын уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары, оларды таситын арнаулы көлік құралдары, арнайы жабдықталған сот мәжілісінің залындағы орындар, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізушінің кабинеттері жатады. Қамау орындарына-арнаулы қамау үйлері жатады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады және ол көрсетілген орындардан кінәлының қашқан уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Бас бостандығынан айыру, тұтқын немесе қамау орындарынан қашу созылмалы қылмысқа жатады. Олар қашқындарды ұстаған немесе олардың кінәсын мойындап өздері келген уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Әкімшілік жолмен қамауға алынғандардың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 358-бабына жатпайды. Сондай-ақ заңсыз бас бостандығынан айыру, тұтқын немесе қамау орындарында отырғандардың (мысалы сот үкімінде белгіленген мерзімнен артық отырғандар) өз бетінше осы орындардан кету қашуға жатпайды, өйткені олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам заңсыз, негізсіз, тиісті рұқсатынсыз бас бостандығынан айыру, тұтқындау, қамау орындарын өз бетінше тастайтынын сезеді және осы орындардан қашуды тілейді. Қылмыстың мақсаты-қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден жалтару. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған бас бостандығынан айыру жазасын алып сотталған және осы жазаны өтеп жатқан адам, алдын ала қамауда отырған сотталушы, айыпкер немесе күдікті адам.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет