С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Параға немесе коммерциялық сатып алуға



бет207/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Параға немесе коммерциялық сатып алуға
арандату (349-бап)

Қылмыстың объектісі лауазымды адамның немесе коммерциялық және өзге де ұйымдардың басқару функциясын атқаратын адамдарын заңды қызметі. Қосымша тікелей объект осы адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті. Қылмыстың затына ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулер жатады. Қылмыстың объективтік жағы параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату, яғни қылмыстың жасалуына не бопсалауға қолдан айғақтар жасау мақсатында лауазымды тұлғаға не коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын атқарушы адамға оның келісімінсіз ақша, бағалы қағаздар беру, өзге де мүліктер немесе оған мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуге тырысу әрекеті арқылы көрініс табады. Бұл жерде кінәлының әрекеті лауазымды тұлғаға не коммерциялық өзге де ұйымдарға басқару функцияларын атқаратын адамға пара беруге оқталу көрсетілген адамдардың келісімінсіз істеледі және олардың тарапынан бұл әрекетке тойтарыс беріледі, яғни пара затын алу немесе сатып алу фактісі мүлдем болмайды. Сондай-ақ жәбірленушілерге заңсыз мүліктік немесе мүліктік сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тырысу әрекеттері де жүзеге аспай қалады. Кінәлы адамдар мұндай әрекеттерді әділсоттылықты жүзеге асыратын адамдар жөнінде де істеуі мүмкін. Қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да ол параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату әрекетін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам заңда көрсетілген адамдарды параға немесе коммерциялық сатып алуға тырысу арқылы, оларды пара алғаны және сатылғаны жөнінде жалған айғақтар жасау арқылы қылмысқа арандататынын немесе бопсалайтынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъективті жағының тағы бір белгісі қылмыстық мақсат. Ол заңда-қылмыстың жасалуына не бопсалауға қолдан айғақтар жасау мақсаты деп көрсетілген. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.




Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі сот, анықтама, тергеу органдарының дұрыс қызметі, қосымша тікелей объект процеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделері. Қылмыс объективтік жағынан алғанда мазмұны жағынан екі түрлі қылмыс нысанының жасалуы арқылы көрініс табады. Оның біріншісі куәні, жәбірленушіні олардың жалған жауап беруі мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруі мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу (354-баптың 1-тармағы) Сатып алу-заңда көрсетілген адамдарға кез келген материалдық заттарды, игіліктерді кінәлының өзінің немесе басқа адам арқылы беруі, немесе беремін деп уәде беруі болып табылады. Егер сарапшы немесе аудармашы лауазымды тұлға болса, онда олардың сатылуы пара алу ретінде сараланады. Куәні, жәбірленушіні жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны дұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету осы қылмыстың жасалуының екінші бір көрінісі болып табылады. Мәжбүр етуге жәбірленушінің еркіне тікелей әсер ететін оның өзінің қалауы бойынша, ерікті түрде әрекет етуіне жол бермейтін әрекеттерді қолдану жатады. Заңда мұндай мәжбүр етудің тәсілдері: бопсалау, өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін, осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп қорқытумен ұштасқан әрекеттер көрсетілген. Бопсалау және қорқыту жәбірленуші үшін нақты іске асатын, объективтік ақиқат ретінде қабылдануы қажет. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол сатып алу немесе мәжбүр ету әрекеттері орын алған сәттен жалған жауап беру немесе жалған жауап беруден жалтару, жалған қорытынды беру не қате аудару болғанына не болмағанына қарамастан аяқталған деп саналады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам заңда көрсетілген адамдарды сатып алу немесе мәжбүр ету арқылы заңсыз әрекеттер істейтінін сезеді және соны тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың мақсаты жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға қол жеткізу болып табылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет