С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Баланы ауыстыру (134-бап)



бет37/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Баланы ауыстыру (134-бап)

Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объектісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері. Қылмыс объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыстыруды айтамыз. Мысалы қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға, іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде-босану үйлерінде немесе балалар үйлерінде немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып алу арқылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның баласымен ауыстыруда осы қылмыстың құрамын құрайды. Жаңа туған нәрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру-қылмыс құрамын түзбейді. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтінде кінәлы адамның қылмысы әшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін ақырына дейін жеткізе алмаса, онда кінәлының әрекеті осы қылмысқа оқталғандық болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның әрекеті қылмыс болып табылмайды. Пайдакүнемдік ниетке-баланы ауыстырып материалдық олжа, пайда табу әрекеттері, ал зұлымдық ниетке-кек алу, қызғаныш, ұлттық, нәсілдік пиғылда жасалған әрекеттер жатады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам (босану немесе балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.


Бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап)

Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 135-бабында көзделген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол кінәлы адам асырап алған балаға немесе үшінші жаққа бала асырап алу құпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-аналарына орны толмас моральдық зиян келтіреді. Қылмыстың тікелей объектісі-бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асыранып алынғандардың мүдделері. Қылмыс объективтік жағынан бала асырап алу құпиясын жария ету арқылы жүзеге асырылады. Аталған адамдар бала асырап алушының немесе асырап алынған баланың еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпияны не пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуі қылмыс болып табылады. Бала асырап алу құпиясын жария ету деп ол туралы кез келген адамға, оның ішінде туыстарына, таныстарына, асырап алынған адамның өзіне ауызша, жазбаша, басқадай байланыс немесе ақпарат құралдарын пайдаланып отырып жасаған әрекеттерін айтамыз. Қылмыстық жауаптылық бала асырап алу құпиясын жария ету, оны асырап алушының еркіне қайшы түрде жүзеге асырылғанда ғана пайда болады. Бала асырап алушының еркі деген ұғымға-оны асырап алған жұбайлардың екеуінің де еркі жатады. Осыған орай ерлі-зайыпты жұбайдың біреуінің екіншісінің еркінен тысқары жағдайда бала асырап алу құпиясын жария етуде қылмыс қатарына жатады. Қылмыс бала асырап алу құпиясын жария еткен уақыттан бастап, қандайда бір зардаптың орын алған немесе алмағанына қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам бала асырап алу құпиясын жария етудің қоғамға қауіптілігін сезеді және де осы құпияны жариялауды тілейді. Ал бала асырап алу құпиясын өзге адамдардың жария етуі пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: бала асырап алу құпиясы қызметтік немесе кәсібіне байланысты белгілі болған адамдар. Оларға-жергілікті өкімет органдары қызметкерлері, бала асырап алуға кеңес берген адвокаттар, АХАЖ қызметкерлері жатады.Екінші топқа бала асырап алу фактісінен хабардар болған өзге де адамдар. Олар: жұбайлардың біреуі, жақын туыстары, таныстары. Қылмыс субъектісінің жас мөлшері 16-ға толған адам. Лауазымды адамдардың бала асырап алу құпиясын жария етуі ауыр зардаптарға әкеліп соқса (жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, психикалық науқасқа ұшырауы т.с.с.) олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 307-бабымен саралануға жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет