С. Торайғырұлы әдеби мұрасының зерттелуі


С.Торайғыров - қазақ әдебиетінің классигі



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі22,44 Kb.
#18019
1   2   3   4
Байланысты:
11-апта семинар Ауханова

С.Торайғыров - қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың басындағы бостандық, теңдік идеяларын уағыздаған ағартушылық, демократтық бағыттағы әдебиетіміздің көрнекті өкілі. 1909 жылы жүрегі елім деп соққан есті адамдарды түгел елең еткізген үш кітаптың жарық көргенін айтуға болады. Олар –Абайдың өлеңдер жинағы, А.Байтұрсынұлының «Масасы», М.Дулатұлының «Оян, қазағы». Халықты мәдени өркендеуге, өнер-білімді,ғылымды игеруге шақырған ой Абайдың идеяларынан, Абай заманынан бастау алса, жаңа ғасыр басындағы қоғамдық жағдайда сол озат идеялар жалғасын тауып, жаңаша мағына алып, ұлттық ояну, азаттық үшін күресу идеясы ұлттық ұранға айналған болатын. Алаш ұранына ілескен Сұлтанмахмұтты да қоғамдық өмір сахнасына шығарған да жаңа тарихи-әлеуметтік жағдай, ұлттық арман-мүддеден туған мақсат-мұраттар». Ақынды ұлтжанды еткен де, ұлтшыл еткен де орыстың отаршылдық саясаты деген қорытынды жасаған еді.



ҚР ҰҒА академигі С.Қирабаев С.Торайғыровтың 1993 жылы жарық көркем шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Сұлтанмахмұттан қалған мұра әр салалы. Оның бәрі қазақ әдебиеті ұлт тағдырын тілге тиек ете бастаған заманда әдебиет жанрларының туып жетіле бастағанының куәсі. Сұлтанмахмұт- әдебиетіміздің бұл саладағы ізденістеріне, сондай-ақ реализм жетілуіне үлкен үлес қосты. Оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген. Оның тенденциясы да шыншыл. Ол ұлт көсемдері –А.Байтұрсынұлы, Ә.Ермеков, М.Дулатов идеясының жоқтаушысы болды. Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздады, бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырды. Ақынның Алашордаға тілектестігін, олардың жорлын қуаттап еңбектер жазуын кездейсоқтық қарауға болмайды» деп алаш әдебиеттануындағы, қазақ қоғамында алар орнын көрсетті. Шындығында ақынға патшаның құлауын пайдаланып, қазақ автономиясын құру жөніндегі алашордашылардың идеясы ұнаған еді. Ойы бар, намысы бар ұлт өкілінің оларды қолдамауының мүмкін еместігін білдірді. Сондықтан 1917 жылы Сұлтанмахмұт Семейге келген Ә.Бөкейхановты қарсы алып, Алашорда съезіне қатысқандардың ішінде болады. Бұл тарихи шындық.

Сұлтанмахмұттану мәселесін қозғағанда ауызға алынар алғашқылардың қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Еспенбетов Арап Сіләмұлының есімі тұрадыАқын шығармашылығына байланысты ізденістері жаңа тың деректермен толықтырылған. Ғалым Сұлтанмахмұттың туған жылы, туған жері, өскен ортасы, ұлт әдебиетіндегі орны ,алаш қозғалысына қатысы деген мәселе төңірегіндегі айтыс-тартыстың нүктесін қойып, тиянақты пікір қалыптастырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет