Абай — Қазақ Әдебиетінің классигі



бет1/3
Дата18.12.2022
өлшемі42,35 Kb.
#57901
  1   2   3

Абай – қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Абай – қазақ әдебиетінің классигі.
2. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы.
3. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы.


АБАЙ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ
Сонда жауап бере алман мен бишара!
Сіздерге еркін тиер байқап қара!
Абай.
1. Еленбеген ерекшелік
Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай ысырмалаушылар, оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр; ол — өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдерден де Абайдың әдебиеттегі үздіктігі.
Армения мен Грузияны былай қойып, басқа бастас елдердің өткенін шолып қарасақ, ең озығы Қазан татарлары екен де, өңгелері содан кейін қарай тізіледі екен.
Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан — қысқасы, — бүтін Орта Азия XIX ғ. ұзына бойында ескі Күншығыс ислам мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып, батыс ауасынан әлі тыныс ала қойған жоқ еді.
Түрікпен әдебиетінің атасы саналатын Мағтумқұлидың де күрделі еңбегі — ескі шағатай әдебиетінің шеңберінен шығып, аз да болса, халық әдебиетінің үлгісіне жуыса жүргендігі ғана еді. Бірақ тозған мұсылман күншығысының мәдени қалыбын бұзып, көнерген халық даналығының тар аумағынан шығып, әдебиет маңдайын жаңа арнаға қарай бұрған, жер жүзі әдебиетінің кеуде жеріне қарай жетелеген ақын-жазушы ол кезде, Орта Азия былай тұрсын, — Ресей күншығысы ғана емес, мемлекетті ел — Түркияда да кем болған. Онда да «бармақ өлшеулі»[1] өлең «Каба ділі»[2], «қара халық» белгісі болып саналып, «нәфис әдебиетте»[3]араб-парсы «ғарузының»[4] «қаңсығы таңсық» көрінетін-ді.
Башқұртстанға келсек […] шығарған кітаптарын татар тілінде ғана жазған, кейін башқұрт еліне жау болған Зәки Уәлиди сияқты қашқындарды санамағанда, Шайқызада Бабич секілді талантты ақындары да өз тілімен жазып жарымаған.
Татарстанда Абаймен бастас екі-ақ адам бар еді. Мұның бірі — Чиһабудтин Мәржани, екіншісі — Қаюм Насири.
Еділ бойын басқан ескі фанатизм тұманының арасынан алғаш сәуле берген, татардың жаңа өсіп келе жатқан жас буржуазиясына мәдениет жөнінен жол ашпақшы болған XIX ғасырдың соңғы жарымындағы татар жаңашылдары осы екеуі болатын.
Мәржани — шіріген ислам іргесін ақыл кездемесімен жамамақ болған, схолостикаға қарсы шығып, елді ақылға бағындырып, мектепке дейінгі ғылымы мен орыс тілін енгізу қамында өткен, өзінше, Қазанның Лютері[5] еді. Дін жөнінде Абайдың ұстаған жолы да осы жол болатын.
Бірақ, Лютер шіркеудің «Авги азбарын»[6] ғана тазалап қоймай, неміс тілінің азбарын тазартып, осы күнгі неміс прозасының іргесін қалаған…[7] болса, Мәржани дін реформасын ұсынғаннан, тарих жайында біріндеп зерттеу жүргізгеннен әрі аспаған; татар тілін ислам ласынан арылтудың орнына, шығарған кітаптарын араб тілімен жазып, ауызекі сөзін де, көбінесе, арабша сөйлеген оқымысты бір молда ғана еді.
Мәржанидың бұл кетігін толтырған — замандасы Қ. Насири болды. Бұл да, Мәржани сияқты, ескіше оқыған молда болғанның үстіне, орысша білімі бар, Қазанның ғылым орындарына қатынасып жүрген адам еді. Ескі түркі кітаптарындағы шағатай тілі үлгісін жойып, татар әдебиет тілін Қазан төңірегінің сөйлейтін тілінше құруға ең алғаш еңбек сіңірген адам осы Насири еді. Бірақ, соның өзінің Насиридің «таза татаршасы» да Абайдың қазақшасындай таза бола алмай, араб-парсы сөздерін көп кіргізген бүйрелеткі тіл болатын.
Сөйтіп, XV-XVI ғасырлардағы неміс Лютерінің бір өзі атқарған қызметін XIX ғасырдың соңғы жарымындағы Татарстанда Мәржани мен Насири екеуі бірігіп барып атқарған […]. Ал Абайға келсек, мұның жөні басқарақ секілді.
Энгельс ренессанстың тарихи ірі мәнін айта келіп, ол дәуірдің ірі адамдар керек қылғанын, сол дәуір тудырған титандардың бірі Лютер екенін айтады[8]. Сол Лютердің Энгельс көрсеткен еңбегі, жоғарыда айтқандай, дін реформасын жасау үстіне, дін жайында жазған кітаптарын неміс тілімен жазғандығы, жаңа шіркеу музыкасын жазып, оған жаңа түрлі дүғалар шығарып беруі болатын. Бір елдің әдебиет тілін жасауда мұндай еңбек сіңірген адамды біз Энгельсше бағалай білетін болсақ, XIX ғасырда қазақ ауылында жасаған, сеңсең тон, шидем күпі киіп, Шыңғысты жайлаған Абайдан пролетариат төңкерісіне басшы болуды, немесе «Капиталдың» авторы болуды талап етуіміз орынсыз; бойына шақтап тон пішуіміз керек.
Неміс прозасының іргесін қалаған М. Лютердің тырнақ алды еңбегі «Жаңа өсиетті» («Новый завет») аударғаны болатын. Оның 1521 жылдан 1534 жылға шейін 13 жыл ұдайынан істеген әдебиет қызметі тәуратты (библияны) неміс тіліне аудару болған. Сонда да оған Энгельс «библияны неге аудардың?» деп ұрыспай, тілге сіңірген еңбегін бағалап отыр. Абайдың аударғаны құран емес, Байрон мен Лермонтов, Пушкин мен Гете, Крылов. Өз жанынан жазғандары да дінге қатысты трактаттар ғана емес, «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін ондай сала алмайтын» сұлу өлең, шешен сөз. Сонда да оған «діншілсің» деп ұрсып:
«Мені»-менен «менікі»-нің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес,-
дедің, идеализмге түсіп кеттің! — деп өкпелейміз-ау! Бұл, әрине:
Түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, ішін көрмей! —
деп жалынып кеткен Абайдың «арызын» құлаққа ілмегеніміз ғой. Әйтпесе:
«Өлді» деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? –
деген сияқты даусыз ақиқатты да көрген, образды көркем сөзбен пәлсепелік концепцияның қайсысы қай жерде жүргенін де аңғарған болар едік.
Асау жүйрік аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз…-
болса да бір сыр, қай кезде дұрыс басқан жерін де «шалыс» деп шатаспаған болар едік.
Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдебиет тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, онда ақымыз кететін түрі жоқ. Оның үстіне Абайдың ірі ақын болғанын, оның өлеңі бол, қара сөзі бол, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындардан да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек, Абай бейнелі ақын ол кезде қазақта ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.
Үйткені, алғаш «Мұхаммедие» ізімен, түрік тілінде жазып жүріп барып, бері келе Европа үлгісіне түскен, сөйтіп, татар өлеңі тарихында жаңа дәуір ашқан Абдолла Тоңайлар «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» жазылғанда, туған да жоқ еді9.
Қырымда сол жылы Ресей пантюркизмнің атасы Измайл Гаспринский «Тілде, істе, пікірде бірлік», «Жоғалсын татаршылық!» ұрандарын көтеріп, «Тәржіман» газетін шығарды. «Тәржіманның» тілі біраз жеңілтіп алған Осман түрігінің тілі еді. Оның «Тілде бірлігінің» астары — бүкіл түрік-татар халықтарының ана тілін құртып, жойып, бәрін де Осман түріктерінің тіліне шоқындыруы еді. Соның әлегінен Қырым татарлары енді-енді құтылуға айналып, өзінің ана тілін жаңа-жаңа тауып келе жатыр. Жуырда болып өткен «Тіл, емле конференциясы» ғана Қырым татар әдебиет тіліне орнықты, тура жол белгіледі.
Азербайжанда Абай өлгеннен екі жыл соң «Шелале», «Пуюзат» журналдарының басында Ахмет Камал, Сабри-бей-зада Налид, Һүсейн-зада сияқты түрікшілдер отырып алып, «Сенің тілің бұзылған Осман тілі… Сенің өзіңде тіл жоқ…»10 — деп, азербайжан еңбекшілерінің өз тілін өзіне бермей, осынысы үшін Гаспринскийден Һүсейн-зада алғыс алып еді11. Азербайжан халқының ана тіліне жеңдіріңкіреп жазылған Нариман жолдастың «Тойы» Абай өлгеннен көп кейін жазылған еді.
Рас, азербайжанның бұл жөнінде бас бәйгі алатын бір реті бар. Үйткені темір жол барып ұштасып, Бакуды капитализм арнасына салып жіберген кезден — 1900 жылдардан көп ілік, XIX ғасырдың орта шенінде ескіліктің қай тарауына да төтепкі беруге талаптанған онда бір адам болды. Ол — Мырза-Фатали Ахундов болды. Мырза-Фатали араб жазуынан қашумен бірге, ескі шығыс мәдениетінің, ескі халық надандығының әр түріне де қарсы күш жұмсаған, сонымен қатар, бірнеше әдеби мұра да қалдырып кеткен адам еді. Азербайжан халқының ана тілі де алдымен соның шығармаларында ғана болмашы орын алған еді […].
Сөйтіп, Абайды көрші елдердегі замандастары, бастастарымен салыстырғанда Мырза-Фаталиден басқа ешкім де шендесе алмай шығады. Ұлт тіліне, әдебиетіне сіңірген еңбегін, ақындық күшін алғанда, Абай бәрінен де озат шығады. Үйткені ол кезде таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған ол елдерде адам болған жоқ.
Абайдың бір қатар сыншылар ескермей жүрген бір оқшаулығы осы.
Абайды өзгеден өңге қылатын оның тағы бір ерекшелігі бар: бұл — Тоқай мен Дәрдімәнддей, Ғали Асқар Камал мен Фатих Әмірхандай, тіпті Мәржани мен Насиридай — кезінің қолайлы жағдайы жарыққа шығарған, өсіңкі тұрмыс тілегі тікелей тудырған адам емес. Ол — ояну дәуірінің толқынынан пайда болған неміс Лютері, француз Малербиі де емес. Сондықтан, Ренессанстай ұлы нөсердің ірі жемістері: Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер болуы да Абайға «бұйырмаған».
Абай — жағдайының жағдайсыздығы тудырған, басып тұрған қараңғылық ішінен келер таңның шолпаны болып елестеп, тұнып тұрған тымырсықта келер дауылдың дауылпазы болып күңіренген адам. Бұл — өз ортасының Дантесі сияқты. Бірақ, Данте — ескінің соңы, жаңаның алды еді. Орта дәуір мен ояну дәуірінің аралығындағы көпір еді. Ал, Абайдың алды жоққа жуық та, арты ғана бар; ол — соны дәуірдің басы, жаңалық желісінің шет бұршағы сияқты. Үйткені, оның төңірегі Эгей теңізі емес, Сарыарқаның шөлі де, өткені классик Рим емес, үдере көшкен қайшылық өмір ғой.
Абайдың осы алды жоққа жуықтығы, салған жолының сонылығы — еленбеген ерекшелігінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет