иСТоричЕСКиЕ пЕрСоНАЛии
Е.К. рАхимоВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
54
собирал для них казахские сказки,
исторические и генеалогические
предания – шежире (буквально –
родословие) казахского народа, а
также многие свои этнографические
материалы передал Н.М. Ядринцеву,
учителю, близкому другу Чокана,
фольклористу, исследователю Востока
Н.Ф. Костылецкому. Часть этих
материалов хранится в архивах и
рукописных фондах России.
Интерес представляет следующее
сообщение Г.Н. Потанина: «Возвращаясь
из поездки 1880 года, я заехал в
Баянаульский округ, где провел неделю
в ауле Мусы Шормановича… Господин
Шорманов обязательно предложил мне
воспользоваться бумагами, которые
были приготовлены им для покойного
Чокана Валиханова...» [9, с. 17].
Э.А. Масанов отмечал, что
«Ч.Ч. Валиханов постоянно поручал
Шорманову сбор этнографических
материалов и требовал от него
серьезного отношения к делу»
[11, с. 200]. Видимо, именно поэтому
Мусе удалось позднее написать
несколько блестящих по содержанию и
языку этнографических записок [1-5].
Подытоживая наше небольшое
исследование, хочется еще раз отметить,
что Муса Шорманов являлся не только
близким родственником Чокана
Чингисовича Валиханова, но был его
покровителем, единомышленником,
информатором и корреспондентом.
Несомненно, Муса Шорманов
прямо или косвенно участвовал в
становлении личности Чокана. В то
же время мы видим явные факты
того, что М.Шорманов формировался
сам как этнограф-исследователь под
непосредственным влиянием Чокана.
литература
1. Шорманов М. О скотоводстве
у киргизов Западной Сибири //Сельское
хозяйство и лесоводство. С.-Пб., 1883, №1.
2. Шорманов М. Заметки о киргизах
Павлодарского уезда //Записки ЗСОИРГО.
Омск, 1906, кн. ХХХII.
3. Шорманов М. Зимовки или
зимние кочевки //газ. «Семипалатинские
областные ведомости».-Омск, 1871, № 37
4. Шорманов М. О кочевках киргиз
//газ. «Семипалатинские областные
ведомости».-Омск, 1871, № 33.
5. Шорманов М. Поминки по
усопшим у киргиз //газ. «Семипалатинские
областные ведомости».-Омск, 1871, № 32.
Также в газ. «Акмолинские областные
ведомости».-Омск, 1873, № 18.
6. Валиханов Ч.Ч. Собрание
сочинений. Т.4.-А.: «Наука», 1968.
7. Валиханов Ч.Ч. Собрание
сочинений. Т.5.-А.: «Наука», 1985.
8. Зиманов С.З., Атишев А.А.
Политические взгляды Чокана Валиханова.
А., 1965.
9. Казахский фольклор в собрании
Г.Н. Потанина.-А., 1972.
10. Марғұлан Ә.Х. Шоқан туралы
естеліктер.-А., 1983.
11. Масанов Э.А. Очерк истории
этнографического изучения казахского
народа в СССР.-А., 1966.
12. Нысанбаев А. «Порог нового
времени мы переступаем вместе с
Сатпаевым» //газ. «Казахстанская правда»,
4 мая 1999 года.
13. О кочевках киргиз //Собрание
сочинений Ч.Ч.Валиханова. Под ред.
Н.И. Веселовского, СПб., 1904.
ТАрихи ТұЛғАЛАр
55
14. Потанин Г.Н. Биографические
сведения о Ч.Валиханове //Собрание
сочинений Ч.Ч.Валиханова. Под ред.
Н.И. Веселовского, СПб., 1904.
15. Рахимов Е.К. Муса Шорманов
– общественный, государственный деятель
и исследователь традиционной культуры
казахов. Автореф. дисс. на соискание ученой
степени канд. ист. наук.-Павлодар, 2007.
16. Ядринцев Н.М. Биографические
сведения о Ч.Валиханове //Собрание
сочинений Ч.Ч.Валиханова. Под ред.
Н.И. Веселовского, СПб., 1904.
иСТоричЕСКиЕ пЕрСоНАЛии
Е.К. рАхимоВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
56
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
C.и. ЖақСыбаЕВ ӘОЖ 929.522(=574)
Екібастұз қ.
қАзАқ ШЕжірЕЛЕріНЕ қыСқАША ШоЛУ
Статья известного казахстанского краеведа дает
обзор материалам казахского шежире. Более подробно
автор остановился на происхождении казахского племени
аргын и его родословной.
Article of the known Kazakhstan regional specialist gives
the review to materials Kazakh shezhire. In more details the
author has stopped on an origin of the Kazakh tribe Argyn and
its family tree.
Қазақтың қариялары бағзы
заманнан бері ата-бабаларының
есімдерін ұрпактан-ұрпаққа ауызша
жеткізіп отырғаны белгілі. Қазақ
халқының құрамындағы жеке рулардың
ішіндегі ата-бабалардың есімдерін
таратып, қағазға жазылған шежірелердің
ертеден болмағаны көпшілікке аян.
Бұл жөнінде білгір шежіреші
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Біздің
бұл қазақта тасқа таңба басқандай
анық шежіре жоқ... Оқу мен жазудың
жоқтығынан жазылған шежіре
болмаған. Естігенін ұмытпай тұғын
құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі
бар, ұқпа құлақ жандар болған», - деп
жазады [10, 9 б.]. Осындай адамдар
арқылы ататек шежіресі атадан балаға,
баладан немере, шөбереге мирас болып,
ауыздан ауызға тарап бүгінгі заманға
дейін жетті. Мұны қазірде ғалымдар
«даланың ауызша тарихнамасы» (ДАТ)
деп атап жүр. Бірақ өкінішке орай,
бүгінгі кезде ел арасында шежіре
білетін, көпті көрген көнекөз қарттар
жылдан - жылға азайып барады, тіпті
жоқтың қасы деуге де болады.
Ел арасында шежіре ДАТ
арқылы дамыды десек те, кезінде
ардақты ойшылдарымыздың жазбаша
қалдырып кеткен жалпы қазақ
халқының тарихы мен шежірелері
туралы еңбектері де бар. Мысалы,
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-
и-Рашиди», Қадырғали Жалаиридың
«Жәми-әт-тауарих» жылнамалары,
Шоқан Уәлихановтың «Ұлы жүз
шежіресі», Мұса Шормановтың,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
шежірелері – халқымыздың қымбат
қазыналары. Сондай-ақ, қазақтың зиялы
азаматтарының шежірелері Ресейдегі
Қазан төңкерісіне дейін баспаханаларда
кітап болып басылып шықты. Олар:
Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911
жылы Орынборда басылған «Түрік
қырғыз - қазақ һәм ханлар шежіресі»,
Нұржан Наушабайұлының 1903 жылы
Қазанда жарық көрген «Манзумат
қазақиясы», Ғұсманғали Сыдовтың
Уфада 1914 жылы шыққан «Қырғыз
- қазақ шадманиясы», Әлихан
Бөкейхановтың «Қарқаралы уезі» деген
тарихи еңбектер. Осы кітаптардан кейін
57
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
Кеңес үкіметі кезінде қазақ шежіресіне
қатысты жарық көрген алғашкы еңбек
- Мұқамеджан Тынышбаевтың 1925
жылы Ташкентте басылған «Материалы
к истории киргиз-казакского народа»
атты орыс тіліндегі еңбегі.
Содан бері шежіре тақырыбына
өктемді отаршыл саясат 40 жылдан
аса уақыт тұмылдырық салып келді.
Тек 1968 жылы ғана В.В. Востров пен
М.С. Мұқанов жазған «Родоплеменный
состав и расселение казахов (конец XIX -
начало XX в.) атты кітабы жарық көрді.
Бұдан кейін шежірелік кітаптар - жеке
рулардың шежірелері Алматы және
облыс орталықтарында шыға бастады.
Осы аталған шежірелерді
мұқият оқып шығып, ондағы ататекке
байланысты қайсыбір деректерді
салыстыра отырып, ой елегінен өткізгенде
байқағанымыз: қазақ халқының түп
тегі, оның құрамындағы тайпалардың
тектері және олардан өрбіген рулар мен
аталардың көбінде, турасын айтсақ,
дәлдік жоқ; ауызекі әңгімелердің
желісімен кетіп, жансақтыққа ұрынудан
ала-құлалық, кем-кеттік, қым-қиғаш
мәліметтер, аталар таралымында өзара
жанаспайтын кереғар есімдер, тіпті
қоспалар да баршылық.
Енді осы айтылған жайлардың
ұзын - ұрғасы аясында әңгіме бастау
үшін қолда бар шежірелерден алынған
қазақтың түп тегі жайында жазылған
бірін-бірі қайталамайтын алты
сөздәйекті мысалға алып көрелік:
1. «Қазақ – Алаштың ұрпағы.
Алаштан-Жайылхан, Сейілхан...
Жайылханнан-Қазақ, Созақ, Ұзақ
туады... Қазақтан-Ақарыс (Ұлы жүз),
Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші
жүз) тарайды» [14, 12 б.].
2. «Алаштан-Сейілхан, Жайылхан,
Майқы, Созақ, Қазақ. Қазақтан -
Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта
жүз), Бекарыс (Кіші жүз)» [21, 86 б.].
3. «Нұх Пайғамбардың кіші ұлы
Яфас (Иапес. - С.Ж.), мұның үлкен ұлы
Түрік, Түрік әулеті Дәшті Қыпшақ.
Дәшті Қыпшақ әулеті Тұразбек
хан. Тұразбек ханнан Мухсин, одан
Зермәрдән, одан Рақаша, одан Нәдір,
одан Мәлік, одан Әнес, одан Мағаз,
одан Жәбал. Жәбалдан Шәһәйіл және
Ақшолпан. Ақшолпаннан Қырғыз.
Шәһәйілден Аққурай, Аламан.
Аламаннан халифалық түріктер.
Аққурайдан Алаш, Сейілхан.
Сейілханнан түрікпендер тарайды.
Алаштан Жәйілхан. Жәйілханнан
Майқы би. Майқы биден Өзбек пен
Сабиан. Сабианның балалары Қазақ,
Сазақ, Долағай, Айырқалпақ. Сазақтан
қарақалпақтар тарайды.
Қазақтан Ақарыс, Жанарыс,
Бекарыс деген үш бала туған, бұлар
үш арыс деп аталады. Ақарыстан Ұлы
жүз, Жанарыстан Орта жүз, Бекарыстан
Кіші жүз тарайды» [16, 4 б.].
4. «... казахи ведут свой род от
Яфса (Иапеса. - С.Ж), сына пророка
Нуха (Ноя), от народа Тукю (по-
китайски), т.е. тюрков... После этого
народ тюркский назывался Хун или
Гун (күн. - С.Ж)... В последующие
столетия тюрки известны под многими
именами, но мы - из ветви Уйгыр...
Народ этот составляли тайфы (қазақша:
тайпа. - С.Ж.): кыргыз, канлы, кыпчак,
аргынот (арғын. - С.Ж), найман, керейт,
C.и. жАқСыБАЕВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
58
доглат, ойсын (үйсін. - С.Ж.) - т. е. наши
прямые предки ... когда хан Озбек -
потомок Джучи - принял ислам, все,
кто в улусе его и предки наши стали
называться озбеками, а когда Аз-
Жанибек отделился от хана Ногая и
народ наш последовал за ним, мы стали
называться киргизами и казаками. В ту
пору наименование «казак» носили не
только три казахских жуза, но и другие
племена» [11, 41 – 42 бб.].
5. «...Қадыр, ... Қалша деген
аталарымыз болған... Олар әлде Түрік,
әлде Сақ, әлде Хун аталған деседі...
Қ а ды р ды ң б а л а с ы А л а ш
делініпті... Алаштан Жайыл туады.
Жайылдан Қазақ деген жалғыз ұл...
Қазақтан екі ұл болыпты: Жұман,
Тұман» [22, 34-35 бб.].
6. «... Алаштан Сейілхан, Жайылхан,
Елхан деген үш ұл туады... Сейілханнан
сегіз арыс Түрікмен тарайды. Жайылханнан
- Өзбек, Елханнан - Сабиян туады.
Сабияннан Айырқалпақ, Айырқалпақтан
Майқы би...
Майқыдан Қазақ, Созақ, Ұзақ
атты үш ағайынды тарайды» [6, 5 б.].
Осы сөздәйектерді оқып
шыққан әркім «Қазақ» деген баланың
есімдері бес түрлі әкеден туғанын
аңғарады. Атап айтсақ, ол әкелердің
есімдері: Жайылхан, Алаш, Сабиян,
Жайыл, Майқы. Тек жоғарыдағы
төртінші сөздәйектің авторы Шәкерім
Құдайбердіұлы ғана Қазақты ешкімнен
туғызбай, «қазақтар өзінің тегін Нұқ
пайғамбардың баласынан, түрік
халқынан бастайды» деп жазады.
Сонымен қатар, ол осы сөздәйекте
«қазақ» деген этнонимдік атаудың тек
үш жүзге біріккен біздің халыкта ғана
емес, басқа да тайпаларда бар екендігін
айтады. Бұл пікір, менің ойымша,
шындыққа жатады. Жоғарыда мысалға
алған сөздәйектерден байқағанымыздай,
Қазақтың әр басқа әкеден туылуындай
ала-құлалықты біз кітап болып шыққан
шежірелердегі өтірікті әшкерелеу үшін
айтып отырғанымыз жоқ. Құдай ондай
қүпірліктен сақтасын. Біздің түпкі
ниетіміз - кейінгі ұрпаққа ата-тегімізді
дәлірек анықтап түсіндіру.
Бұл жерде ендігі бір айтылар
сөз: Кейінгі кезде шыққан рулық
шежірелердің қай-қайсысында болмасын
кездесетін негізгі кемшілік - этнос пен
ру-тайпалардың атауларын әдетте
антропоним (кісі аты) ретінде алып
қарау. Мәселең «қазақ» деген сөз кісі
аты емес, этностың (халықтың) атауы.
Сондай-ақ, «арғын», «үйсін», «найман»,
«қоңырат» деген сөздер де антропоним
емес, тайпалардың атаулары, яғни олар
этнонимдер болып саналады. Демек,
қазақ Бәленшеден арғын Түгеншеден
туды деп айтуға әсте болмайды.
Әйтсе де өмірде нақтылы
болмаған Қазақты Бәленшеден туғызып,
одан Түгеншелер дүниеге келді деу
- көне замандағы ата - бабаларды
білмегенге мойымай жүйрік ойдың
қиялына бой алдыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлының
«Қазақтың түп атасы» деген 302 жолдық
өлеңінен мынадай деректерді оқи
аламыз [15, 30 б.]:
«Қазақтың түп атасы батыр түрік
Арабсың деген сөздің түбі шірік.
Пәленше сахабаның затысың деп,
Алдаған дін жамылған өңкей
жүлік.
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
59
А д а м н ы ң т ү қ ы м ы н а н Н ұ х
пайғамбар.
Үш Ұлы - Сәм, Хам, Япас міні,
осылар.
Япастың бір баласы Түрік деген,
Өрбіген сонан өсіп, талай жандар».
Осы Түрік бабамыздың өмір
сүрген кезінен бастап Түркі қағанатына
дейін шамамен 44 ғасыр уақыт өткен
екен. Бұл дегеніңіз - адамзат тарихының
тұңғиық дәуірі. Ал бұдан кейінгі Түркі
қағанаты мен Қазақ хандығының
құрылуы аралығын тоғыз ғасырдай
уақыт бөліп тұр. Осынау қиян дәуір
аясында да қазақ халқының құрамына
кірген тайпалар ішіндегі жеке рулардың
ататек шежірелері көнеден бар
түркілердің дәстүрі бойынша ұрпақтан
- ұрпаққа ДАТ арқылы беріліп отырса
да қағазға түспегендіктен бізге түгел,
толық күйде жеткен жоқ.
Түркілер арасында ежелден
жалғасқан ататек шежіресін ауызша
ұрпаққа қалдырып отыру үлгісі бары
жөнінде Рашид ад-Дин былай дейді:
«... монғол-түркілердің көнеден жеткен
салт дәстүрі бойынша, олар өздерінің
ата-тегің ру шежіресін есте сақтауға
айрықша мән беріп отырады. Олар
... балаларына өзге жұрт сияқты
тәрбие беру үшін тілі шығысымен-
ақ құлағына ру туралы, ру шежіресі
туралы аңыз-әңгімелерді құйып кояды.
Бұл дәстүрден олар бұрын да, қазір де
қылдай ауытқыған емес...» [17, 29 б.].
Мұны Рашид ад-Дин шамамен
XIV ғасырдың басында жазғаны
белгілі. Түркілер дәстүрі осылай бола
тұрсада, өкінішке қарай, қыпшақ
тілінде жазба ескерткіштер кем дегенде
бұдан бір жарым мың жыл бұрын пайда
болсада түркі жұртының әрідегі ата-
бабаларының шежіре-тарихы мәңгілік
ұмытылмастай етіліп, тасқа қашалып
жазылмағандықтан ДАТ арқылы бізге
жеткен мағлұматтарда кейбір аталар
мүлдем жоғалып үзілгені аксиомадай
анық нәрсе. Соңдықтан бүгінгі қай
шежірені алмасыңда, онда, мысалы,
өмірде болмаған Жанарыстың балалары
Арғын, Қыпшақ, Найман, Коңырат,
Керей, Уақ деп қате жазылуының
бар шындығы сол ұмыт болған арғы
аталарды білмеуде жатыр.
Міне, осы пайымдауды негізге ала
отырып, қазақ шежірелеріне қиялдан
шыққан ата-баба есімдері сыналап
кіргенге ұқсайды. Бұл арада мәселенің
шындығына келсек, қазірде ата таратуға
қолданып жүрген шежірелеріміздің
қайсыбірінде ғана арғы атаның есімі
әрі кетсе XIV ғасырдан, ал көпшілігінде
XVI ғасырдан белгілі. Яғни біздер
небәрі 15 - 21 атадан тұратын 5-7
ғасырлық шежірені пайдаланып жүрміз.
Одан арғы аталар ұмыт болған.
Дегенмен, біздің қазақта ата-
баба тамырын өте терең жылдарға
жеткізетін шежірешілер де болыпты.
Мысалы, Қазыбек бек Тауасарұлы:
«Біздің тектіміз - тамырымыз өте
алыста, одан бері ығылым замандар
өткен. Әңгімелейтін анық білдім
дейтін жердің өзі екі мың бес жүз
жылдай», - деп жазады да өзіне дейінгі
88 атасын есімдерімен атап береді
[22, 28 б., 124 – 126 бб.].
Содан кейін ол мынандай да ғажап
деректі айтады: «Бұқар аға (Бұқар жырау
Қалқаманұлын айтып отыр. - С.Ж.)
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
C.и. жАқСыБАЕВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
60
асқан шежіре, оның Арғынның жетпіс
үш атасына дейін айтқан шежіресін де
көшіріп бердім. Оны ұрпағы жаттап,
жадына сақтап өсер деген дәмелімін.
Бұқар жырау сияқты адам бүгінде біздің
тұстарымыз арасында сирек» [22, 383 б.].
Бұқар жыраудың өзіне дейінгі аталардың
артық-кемі жоқ 24 ғасырға жеткізе
таратып, қағазға жазылған осы шежіресі
біздің қолымызда жоқ және оны қайдан
табамыз? Әйтсе де, жоққа өкініш білдіре
отырып, үмітсіз болмайық, келешекте
бәлкім ол шежіре табылып та қалар.
Шежіреге байланысты тағы бір
нәрсе анық. Ол - әр адам сонау ықылым
заманнан тек өзінің қай тайпаның, рудың
ұрпағы екенін білуі. Бұл орныққан
дәстүр, меніңше, қазақтар арасында
күні бүгінге дейін сақталған. Қазіргі
күні кез келген қазақ жастарынан: «Қай
рудан боласың? - деп сұрасан көпшілігі
мүдірмей дұрыс жауап береді. Содан
кейін одан: «Жеті атаңды таратып бере
аласың ба деп сұрасан ілуде бірі ғана,
ары кеткенде төртінші атасына дейін
айтып бере алады.
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі
шежірелерге ғасырлар тереңінде жатқан
түп аталарымыздың ұмыт болуынан
кейбір иланымсыз қосымшалардың еніп
кеткенін қынжыла ескерте отырып, біз
халқымыздың касиеті боп саналатын
оның шежірешілдігіне еш күмән
келтірмейміз.
Ендігі әңгіме арғын тайпасы
туралы болмақ. Қазақ халқының
құрамындағы ең қомақты тайпа – арғын.
Арғындардың қазақ халқына ғана емес,
тіпті күллі түркі тектес халықтардың
тарихына өзіндік зор үлес қосқаны
белгілі. Олардың саны 1917 жылдың
қарсаңында 890 мың болып, жалпы
қазақ халқының 15 пайызын құраған
екен [25, 63 б.]. Ертеден айтылып келе
жатқан «аспандай арғың жұлдыздай
қыпшақ...» деген бейнелі теңеудің
мәні тегінде осы көптікте жатса керек.
Арғындардың белді жұрт екендігін Ұлы
Бұқар жырау өз толғауында:
«Мен Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын», - деп
аңғартады Сыр бойынан ауа көшіп бара
жатқан керейлерге [2, 95 б.].
Қытай, моңғол, парсы, араб және
Батыс Еуропа жазбаларында арғындар
жайында мәлімет кеп кездеседі.
Мысалы, Орхон-Енисей жазуларында
«ұлық-арғын» деген сөзтіркесі бар, ал
Қытайдың б.з. V ғасырын сипаттаған
тарихнамасында да «аргунь» деп аталған
жұрттың болғаны айтылады. Рашид
ад-Диннің «Жәмих әт-тауарихында»
арғын деген жауынгер тайпаның қазіргі
мұңғол жерінде V - VII ғасырларда өмір
сүргені айтылса, ал орыс зерттеушісі
Н.А. Аристов Шыңғыс хан жорығы
кезінде арғындардың найман мен
керей қосындарының алдында жүріп,
Батыс жактағы жерлерді жаулап алуға
қатысқанын жазады.
А р ғ ы н д а р б і з д і ң ж ы л
санауымыздан арғы кезде-ақ
арғытүркілердің Оңтүстік Сібірден
Дунай өзеніне дейінгі Ұлы қоныс аудару
көшінде солардың алдыңғы қатарында
болған. Содан кейін олардың Еділ
патшаның Батыс Еуропаға жасаған
жорықтарына да қатысқаны тарихтан
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
61
белгілі. Сол кезден бері арғындардың
Орталық Еуропаға кеңінен танымал
болғандығына сербтік Константин
Михайловичтің (1438-1502) «Записки
янычара» атты кітабында: «Поганые,
которые приняли закон Магомета,
различны: это аргины, персы, турки,
татары которые не имеют на своих
лицах огненных знаков» (үнділердің
маңдайына салынатын дөңгелек қызыл
белгі. - С.Ж.), - деп жазылған дерек те
дәлел болады [8, 35 б.].
Арғындардың біздің жыл
санауымыздың V ғасырынан 1758 жылға
дейінгі қысқаша тарихы Мұқамеджан
Тынышбаевтың еңбегінде бірсыдырғы
пайымды қамтылып жазылған [23, 73
– 78 бб.].
Енді, осы деректердің шындығына
шек келтірмей, ежелгі арғын тайпасы
туралы жазылған қазақ шежірелеріне
тоқталып өтелік. Қолымызда бар
шежірелердің бірінде Жанарыстан
Қарақожа, Ақтамқожа, Есмағұлқожа,
Қасымқожа, Дарақожа, Момынқожа туса
[16, 4 б.], ал екінші бір шежіреде одан
Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа,
Дарақожа, Есімқұлқожа, Қасымқожа
туған екен [10, 14 б.].
Осы екі шежіреде Жанарыстың
балалары деген тоғыз қожаның ішінде
үшеуінің ғана аттары бір-біріне сәйкес
келеді (олар: Қарақожа, Қасымқожа,
Дарақожа), ал қалған алтауы әр түрлі
аталады. Әрине, бұл шежірелерде өзара
жанаспайтын жаңсақтық бары анық.
Сондықтан бұлардан бәлендей иланымды
тұжырым жасауға болмайды. Үшінші
шежіре бойынша Жанарыстан жалғыз
Қарақожа ғана туады [21, 86 б.].
Біз жоғарыда «Қазақ» деген есімді
адамның тарихта мүлдем болмағанын
және одан Жанарыстың тумағаны
шындық екенін айтқан едік. Сондықтан
одан Бәленше, Түгеншелерді тарату -
ерте замандағы ұмытылған аталардың
орнын амалсыздан ойдан шығарылған
есімдермен толтыру деп түсіну қажет.
Жоғарыда айтылғандай, екі
шежіре бойынша Жанарыстан туған
тоғыз баланың ішінде тек Қарақожаның
ғана тарихта болғандығы туралы
жазба әдебиеттерде нақтылы
деректер жазылған. Мысалы,
Қадырғали Қосымұлы Жалаиридің
(1530 - 1605) «Жами ат-таурих» атты
шежіре кітабында: Алтын Орда ханы
Тоқтамыстың кеңесшісі Едіге батыр
«... қарауылға Ятым батырды, одан
кейін Тобал батырды, одан кейін арғын
Қарақожаны қойды», - деп жазғаны
[20, 252 б.] Қарақожа батырдың тарихи
тұлға екендігіне нақты дәлел деуге
болады. Және Қарақожа батырдың 1405
жылдың каңтар айында Ақсақ Темір
әмірге Тоқтамыс ханның атынан елші
болып келгендігі жөнінде де тарихи
дерек бар [28, 499 – 500 бб.].
Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан
Уәлихановтың еңбектерінен де
Қарақожа батыр туралы оқуға болады
[3, 232 б.]. Ол былай деп жазады:
«Караходжа был посланником от
Тохтамыша к Тамерлану. Курганы этих
героев находятся на правой стороне реки
Ишима...» [19, 19 б.].
Академик Қ.И. Сәтбаевтың «Ер
Едіге» жырын (ел аузынан жазып
алынған нұсқасын) 1927 жылы
Москвада жеке кітап етіп шығарғаны
Достарыңызбен бөлісу: |