С. Торайғыров атындағы Павлодар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.03.2017
өлшемі8,49 Mb.
#8840
1   2   3   4   5   6

Кандидаттық 

диссертацияңыз 

не  туралы  еді?  Қашан  қорғадыңыз, 

ғылыми жетекшіңіз кім болды?

–1945  жылы  қарашаның 15-і  күні 

қорғадым,  ғылыми  еңбегім  Қапшағай 

гидростанциясының  мүмкіндігі  тура-

лы  болатын.  Жетекшім  өз  саласының 

білгір  маманы  қарт  энергетик  В.П.  За-

харов деген кісі-тін.

–Докторлық  ғылыми  атақ  пен 

кандидаттықтың  араысында  қанша 

жыл жатыр?

– Сегіз жыл. Докторлықты 1953 жылы 

Москвада қорғадым.

– Осы жерде бір сұрақтың ыңғайы 

келді. 1965 жылы «Қазақстан» баспа-

сы  республиканың  ғлымдары  ту-

ралы  «Өмір  операциясы» («Опера-

ция  жизнь»)  деген  жинақ  шығарды. 

Сонда  Сіз  туралы  да  көркем  очерк 

жарияланған.  Очерктің  соңы  енді 

таяу  жылдарда  Алматы  маңында 

теңіз толқып жатады деп аяқталады. 

Ол  теңіз – бүгінгі  Қапшағай.  Сіздің 

кандидаттық 

тақырыбыңыз 

осы 

Қапшағай  туралы  ғой.  Ал,  енді  сол 

теңіз  астана  іргесінде  шалқып  жа-

тыр.  Сол  Қапшағай  мен  бүгінгі 

Қапшағай  бейнесі,  құрлысы  сізді 

қанағаттындыра ма?

–  Əрине,  бұл  менің  ғана  емес, 

көптеген  ғалымдардың  арманы  еді. 

Орындалды.  Қапшағай  теңізінің  игі-

лігін  халық  көріп  отыр,  ол  халық 

шаруашылығы  үшін  қыруар  пайда 

келтіруде.  Су  қоймасы – қазіргі  таңда 

өте  қажет.  Оңтүстік  обылыстарда  ги-

дроресурстар  өте  аз. 1918 жылы  Ле-

нин Академияға жазған хатында осы су 

қорын  сақтау,  оны  ұтымды  пайдалану 

туралы айтқан болатын.



– Сіздің салаңыз бойынша 300 ден 

астам ғылыми еңбектер жазғаныңыз 

Қазақ  Совет  энциклопедиясында 

айтыл ған.  Осынша  қыруар  еңбектің 

ішінен  қай  еңбегіңз  жүрегіңізге  жа-

қын?

–  Əрине,  бəрі  де  маңдай  тер,  маза-

сыз  еңбектің  жемісі  ғой.  Жеке  дара 

бөліп айту қиын. Мұндайда көп пікіріне 

жүгінген  де  жөн  болар. «Қазақстан 

энергетикасының  даму  негіздері»  де-

ген  көлемді  монографияма 1972 жылы 

Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығы 

берілді.  Бұл  еңбек  менің  көп  жылдық 

ізденісімнің 

үлкен 

бір 


жиынтығы 

секілді.  



–  Сіз  Сібір  өзендерін  Қазақстанға 

бұру  туралы  айтқан  алғашқы  адам-

дардың  бірісіз.  Бұл  күрделі  мəселе 

туралы  пікірталастар  көп  болады, 

əлі  де  біткен  жоқ.  Осы  жөнінде  бір-

екі ауыз сөз айта кетсеңіз.

– Сібір өзендерін əкелу туралы алғаш 

1871 жылы айтылған еді. 1964 жылдан 

бастап  бұл  пікір  қайта  жанданды.  Бұл 

үшін  ғылыми-зерттеу  экспедициялары 

да жасақталды, соның бірнешеуін, атап 

айтқанда, 1967 жылы Катунь өзені суын 

Бұқтарма  арқылы  Ертіс  өзеніне  бұру, 

1968  жылы  Аргун  өзені  суын  Ертіске 

бұру  эспедицияларына  қатыстым,  же-

текші  болдым.  Оның  алдында  бұл 

мəселе 1949 жылы  Қарағанды  секция-

сында  көтерілген. 1952-1953 жылдары 

қатты-қатты  айта  жүріп,  осы  мəселені 

шешуге  (ғылыми  негізінде)  рұқсат 

алған едік.

Солтүстік  мұзды  мұхитқа  жыл  сайын 

900  миллиард  метр  су  келеді.  Бірінші 

кезек  келгенде  біз 25 миллиард  тек-

ше  метр  су  алатын  едік,  бұл  оның 3 

проценті,  ал,  екінші  кезекте 60 мил-

лиард  текше  метр,  яғни 6-7 процент. 

Бұдан Сібірдің де, Қазақстанның да ауа 

райы өзгермейді. Қазақстанға су керек, 

егер  ол  су  келсе  екі  ортада  жатқан 90 

миллион гектар жерді игерер едік. Бірақ 

бұл мəселе қазіргі уақытта тоқтатылды. 

Əйтсе  де  күн  тəртібінен  түспесе  екен 

деймін.

– Шапық аға, енді жастар тəрбиесі 

туралы  тілге  тиек  етсек.  Қандай 

мінезді  қадірлейсіз,  қандайын  ұнат-

пайсыз,  сізді  не  ойландырады,  не 

сақтандырады?

–  Жастар  тəрбиесіне  жан-жақты 

қамқорлық керек. Мен ең құдіретті күш 

еңбек деп есептеймін. Еңбекқор жасты 

қадірлеймін. Жалқаулық – жаман дерт. 

Ал  тəрбие  мəселесі  қазір  босаңсып 

кеткендей.

Жастар  арасында  арақ  ішушілік, 

күнді  бос  даңғазамен  өткізушілік, 

нашақорлық, 

тіпті 

жеңіл 


жүріске 

салынушылық  белең  алып,  барша 

жұртты  елеңдетіп  отыр.  Мұндай  зиян-

ды  дерттерге  қарсы – қоғамдық,  рес-

ми  негізде  жұмыла  жүргізу  қажет.  Жа-

стар  бойындағы  ізеттілік  азайып  бара-

ды,  қатыгездік,  үлкенді  сыйламу,  кішіні 

қамқорлыққа  алмау  көбейген  секілді. 

Дабыл  қағатын,  дереу  шара  алатын 

шаруалар  баршылық.  Сондай-ақ  руха-

ни байлық – кітап оқуды үйренуі керек. 

Бізде көркем əдебиеттің насихатталуы 

нашар.

–  Осы  орайда  көркем  əдебиет  ту-

ралы  аз-кем  тоқтала  кетсек,  қазақ 

қаламгерлерінен  сіз  кімдерді  қадір 

тұтасыз, қадағалап оқисыз?

–  Мұхтар  Əуезовті  үнемі  қайталап 

оқимын.  Мұхаң  теңіз  ғой  шіркін.  Ғабит 

Мүсіреповтың  тіліне  тəнтімін.  Жастар 

одан  көп  үйренуі  керек.  Ақындардан 

Қалижан 


Бекхожин 

мен 


Сырбай 

Мəуленовты 

құрметтеймін. 

Жақсы 


өлеңдерін  жазып  алып  жүремін.  Осы 

ретте  айтайын  жастар  қазір  аз  оқиды. 

Кейбірінің  рухани  жан  дүниесі  жұтаң. 

Жəне  бір  айтайын  дегенім,  қазір  кітап 

жинау  модаға  айналып  барады.  Бұл 

мені  қатты  ойландырады.  Оқымайды, 

тек қана жинайды.

Біздің əңгімеміз ұзаққа созылды. Көп 

жайлар  айтылды,  көп  нəрселер  еске 

түсірілді. Шапық аға академияда бола-

тын  бір  жиналысқа  баруы  керек  екен, 

соған жиналды.

Республика  энергетикасының  негізін 

салушылардың  бірі, 1954 жылдан  көр-

некті  ғалым  қоғам  қайраткері  Шапық 

Шөкіұлы  Шөкин  аға  тағы  бір  келелі 

кеңеске асығып барады.

Осынау  ардагер  жанның  саналы 

өмірінде қазақ ғылымының жүріп өткен 

қиын  да  жемісті  жолы,  қазақ  ұлының 

бақытты  ғұмыры,  халқымыздың  өсу, 

есею, өрлеу ізі жатыр.

Еңселі  ғимараттан  еңсемді  көтеріп 

шықтым.  Астана  көшелерінде  ағаның 

ақ ниетіндей болып алтын жапырақтар 

жауып тұр еді.



Жолға шықты жүрегім,

Қыркүйек, 1982 жыл.

ЭНЕРГЕТИКА – ЕРЕН ҚУАТ

ЭНЕРГЕТИКА – ЕРЕН ҚУАТ

Белгілі  ғалым  Шапық  Шөкіұлы  Шөкиннің  ұлағатты  да 

Белгілі  ғалым  Шапық  Шөкіұлы  Шөкиннің  ұлағатты  да 

тағлымды  өмірін  бүгінгі  жастардың  біле  бермейтіні  рас. 

тағлымды  өмірін  бүгінгі  жастардың  біле  бермейтіні  рас. 

Қазақ ғылымына сүбелі үлес қосқан, Орталық Қазақстанның 

Қазақ ғылымына сүбелі үлес қосқан, Орталық Қазақстанның 

сумен қамтылуына атсалысқан, Қазақстан Республикасы 

сумен қамтылуына атсалысқан, Қазақстан Республикасы 

Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының 

Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының 

докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым 

докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым 

қайраткері,  Республика  мемлекеттік  сыйлығының  лау-

қайраткері,  Республика  мемлекеттік  сыйлығының  лау-

реаты  Шапық  Шөкиннің  Өтеген  Оралбайұлымен  болған 

реаты  Шапық  Шөкиннің  Өтеген  Оралбайұлымен  болған 

сұхбатын оқырмандар назарына ұсынудамыз.

сұхбатын оқырмандар назарына ұсынудамыз.

Осы  сұхбаттан  ғалымның  балалық  шағы,  өмірлік  жолы 

Осы  сұхбаттан  ғалымның  балалық  шағы,  өмірлік  жолы 

және  ғылым  жолы,  адамилық  болмысын  таниды  деп  ой-

және  ғылым  жолы,  адамилық  болмысын  таниды  деп  ой-

лаймыз.


лаймыз.

 



СҰ

Х

Б



А

Т


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті

С. То

С. То

7

20 тапсырма



20 тапсырма

1-ШІ ТАПСЫРМА

1-ШІ ТАПСЫРМА

Үкімет  «Нұр  Отан»  ХДП-  мен  бірлесіп 2013 

жылдың 1 сəуіріне  дейін  «Қазақстан – 2030 стра-

тегиясы  ережелері  мен  қазақстандық  əлеуметтік 

жүйе  мен  экономикалық  жаңғырту  міндеттері 

қоғамын 

бірлесіп 

дамыту 

мəселелеріне 

қатысты  басқа  да  стратегиялық  құжаттарға  арқа 

сүйейтін 2030 жылға  дейінгі  кезеңге  арналған 

Қазақстан Республикасын əлеуметтік дамытудың 

Жалпыұлттық  тұжырымдамасы  жобасын  жаса-

сын.

Елбасымыз  «индустриялық – инновациялық 

дамудан 

тыс 

ешқандай 

жаңғырту 

мүлдем 

мүмкін  емес», – деді  өз  сөзінде.  Жəне  Ол  ел 

болашағын 

білім-ғылым 

саласының 

дамып, 

индустрияларымыздың  инновациялық  жетілуінен 

көретінін  атап  кетті.  Əлеуметтік  жаңғыртудың 

əрі  оның  міндеттері  мен  мақсаттары  жай-

ында  Елбасымыз  жүйелеп  сараптап  берді.  Ол 

əлеуметтік  жаңғыртудың  мақсаттары  мен  мəні 

қоғамды  жаңа  индустриялық – инновациялық  эко-

номика  жағдайына  дайындау,  еліміздің  үдемелі 

экономикалық  дамуы  мен  қоғамдық  игіліктерді  мо-

лынан қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікке 

жету,  құқық  негіздерінде  əлеуметтік  негіздерді 

бекітуден тұратынын айтты. Мемлекет басшысы 

қарапайым халықтың үздіксіз өсуіне, инновациялық 

экономиканың  басты  қозғаушы  күші  креативті 

таптың пайда болуы мен дамуына жағдай жасауды 

мемлекеттік органдарға міндеттеді өз тапсырма-

сында.

 

БҰЛ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН 



НӨМІРІ БІРІНШІ МƏСЕЛЕ

«Біз  бүгінгі  күні  индустриялық-инновациялық 

бағдарламаны 

іске 


асырудамыз. 

Бұл – ел 

болашағы  үшін  нөмірі  бірінші  мəселе», – деген  Ел-

басы 


сөздерінен 

индустриялық-инновациялық 

бағдарламаның  ел  экономикасының  өсуі  үшін 

маңызды  тетік  екенін  түсінеміз.  Əлеуметтік  жаңғыру 

үдерісінің  негізгі  міндеттері – эволюциялық,  ортақ 

жауапкершілік, 

əріптестік 

қатысу, 


ынталанды-

ру,  кəсібилік  қағидаттар.  Бұл  жаңғырту  міндеттерін 

əрбір  азамат  өзіне  басты  қағидасы  етсе,  ел 

экономикасының  өркендеуіне  өз  үлесін  тигізері 

анық.  Əлеуметтік  жаңғыру  əрбір  қазақстандық  аза-

маттан  жəне  отбасынан  бастау  алады. «Жаңғырту, 

жалпыұлттық  тұжырымдама  мен  жоспар  арқылы 

жүзеге  асырылатын  болса,  əрі  тұтастай  үдемелі 

индустриялық – инновациялық  дамумен  байланы-

сты  нақты  экономикалық  табыстарға  негізделген 

жағдайда табысты болады», – деді Елбасы.

2012  жылы 9.3 млрд  теңге  көлемінде 20 

инвестициялық  жоба  жүзеге  асатын  болады.  Оның 

ішінде жалпы құны 3.6 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба 

индустрияландыру  картасы  бойынша  жүзеге  асу-

да. Осыдан басқа да жобалар елдің индустриялық – 

инновациялық  дамуына  көп  үлес  қосады  деген 

сеніміміз  бар.  Əлеуметтік  саясат  бəсекеге  қабілетті, 

инновацияны  дамытуға,  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 

Қоғамын құруға бағытталуы тиіс.



2-ШІ ТАПСЫРМА

2-ШІ ТАПСЫРМА

Үкімет  Парламентпен  жəне  «Нұр  Отан»  ХДП – 

мен  бірлесе  отырып 2012 жылдың  соңына 

дейін  əлеуметтік  саладағы  ұлттық  заңдарға 

түгендеу жүргізсін жəне əлеуметтік жаңғыртудың 

мақсаттары  мен  міндеттеріне  сəйкес  оны 

реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін.

Осы тұста, Елбасымыз жұмысшылардың қамына 

ортақтаса,  былай  деді: «Жұмысшылар  өздерін 

лайықты сезінулері үшін кəсіподақтар қозғалысы өз 

билігінде  болуы  тиіс».  Ал  қолданыстағы  «Кəсіптік 

одақтар  туралы»  Заңда  əлеуметтік  əріптестік 

туралы,  ұжымдық  шарттарды  жасау  мен  орындау 

тетіктері  туралы  мағлұмат  та  жоқ.  Əлеуметтік 

жаңғырудың  табысқа  жетуінде  Заңның  атқарар 

орны ерек. Еңбекші мен оның өз кəсібімен байланы-

сы, еңбек беруші мен жұмыскердің қарым-қатынасы 

толыққанды  үйлесім  тапқанда  ел  экономикасына, 

отбасы əл-ауқатына пайдасы тиетіні сөзсіз. Сапа-

лы еңбек, ғылым мен индустрияның, индустрияның 

инновациямен  қатар  қызмет  етуі  экономикалық 

сұранысқа ие болуы қажет.

ЖАҢА БІЛІКТІЛІКТІ МЕҢГЕРУДЕН ГӨРІ 

БАЗАРДА «ТАКСИ» ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУДЫ 

ҚАЛАЙТЫН ПСИХОЛОГИЯ.

«Егер  біз  бəсекеге  қабілетті  ұлт  болғымыз 

келетіндігі  рас  болса,  бұл  психологиядан  арылу 

қажет», – деді  өз  сөзінде  Елбасы.  Жаңа  біліктілікті 

жəне  жаңа  өндіріс  орындарына  барып,  жаңа  ин-

дустрияны  бағындыруға  ұмтылу  қажеттігін  атап 

өтті  Мемлекет  Басшысы.  Қазақстанда  жұмысы  бар 

халықтың  үштен  бір  бөлігі  осы  «өзін-өзі  еңбекпен 

қамтығандар».  Демек,  елдің  үштен  бір  бөлік  потен-

циалы  индустрия  саласынан  берік  орын  алып,  өз 

жемістерін берсе мемлекеттің экономикасының даму-

ына əлдеқайда көп үлесін тигізер еді. Мемлекет бас-

шысы  «Үкіметке  индустриялық  жəне  инновациялық 

экономикалық  жаңа  нысандарын  өзін-өзі  жұмыспен 

қамтыған 

халық 


неғұрлым 

көп 


шоғырланған 

өңірлерде құру туралы мəселені шешу керек», – де-

ген  сөзінен  халықтың  көпшілігі  тұрақты  жұмыс  ор-

нымен  қамтылуын  қамтамасыз  етуді  көздегенін 

аңғарамыз.  Индустриялық – инновациялық  мемле-

кет  құру  басты  мақсатымыз.  Олай  болса,  өзін-өзі 

жұмыспен  қамтып  жүрген  азаматтарымызды  нақты 

экономикаға 

араластырудың, 

ынталандырудың 

маңызы өте зор.

Былтырғы  жылы  Президент  өзінің  Қазақстан 

халқына  Жолдауында  еліміз  үдемелі  индус трия-

ландырудың 

мемлекеттік 

бағдарламасын 

іске 

асырудың  екінші  жылына  кіріскенін  атап  кеткен. 



Онда  Елбасымыз  жаңа  əлеуметтік  саясат  ең  ал-

дымен  халықтың  өмір  сүру  сапасын  арттыруға 

бағытталуы  тиіс  делінген.  Президент  жарты  жыл 

өткен  соң  əлеуметтік  саясаттың  жалғасы  іспеттес, 

əлеуметтік  саланы  жаңғырту  туралы  нақты  істердің 

жоспарын  ұсынып  отыр.  Мемлекетіміздің  əлеуметтік 

жаңғыртылуының негізгі қағидаттары мен міндеттері 

əрбір  қазақстандық  азамат  тұрмысының  өсуіне, 

отбасының  игілігіне,  ел  экономикасының  дамуы-

на  қызмет  етуінде  болып  отыр.  Еңбек,  білім-ғылым, 

əлеуметтік, экономика салаларымен ұштасып жатқан 

Елбасының  қазақстандықтарға  арнаған  бұл  жолда-

уы  елдің  өмір  сүру  сапасын  артыруға  бағытталған, 

əрі  сол  үшін  нақты  қадам  жасаудың  бағдарламалық 

құжаты болып табылады

Жаңа  инновациялық  жобалар  ел  эконо ми ка-

сы ның  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыра  тү седі. 

Инновациялық – индустриялық  даму  эко но-

микамыздың өркендеуіне, қазақстандық қоғамды 

əлеуметтік 

жаңғыртудың 

белесіне 

көтерері 

хақ. «Қазақстанның  Əлеуметтік  жаңғыртылуы: 

Жалпыға  ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай 20 қадам» 

жолдауының  мақсаты:  əлеуметтік  жаңғыртудың 

нақты  іс-шараларын  іске  асыру  ғана  емес, 

қоғамдық  сананың  жаңаруы  да  негізге  алынды. 

Жолдаудағы  жоспар  іске  асып,  мақсат  орында-

лып, халық игілігіне бола қызмет етсін! Сəттілік!

Жанар ЕЛЕШОВА

йд б

д

д й

д

ЖАҢА БІЛІКТІЛІКТІ МЕҢГЕРУДЕН ГӨРІ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖА

ЫРУДЫ  

ӘЛЕУМЕТТІК ЖА



ЫРУДЫ  

БАСТАУЫ – ИННОВАЦИЯ

БАСТАУЫ – ИННОВАЦИЯ

Еліміздің  Тұңғыш  Президенті  Нұр-

Еліміздің  Тұңғыш  Президенті  Нұр-

сұл тан 

Назарбаевтың 

қа зақс тан-

сұл тан 

Назарбаевтың 

қа зақс тан-

дық тарға 

арнаған 

«Қа зақ стан ның 

дық тарға 

арнаған 

«Қа зақ стан ның 

әлеу мет тік  жаң ғыр ты луы:  Жал пы ға 

әлеу мет тік  жаң ғыр ты луы:  Жал пы ға 

ор тақ Ең бек қо ға мы на қа рай 20 қадам» 

ор тақ Ең бек қо ға мы на қа рай 20 қадам» 

атты  ма қа ла сы  қо ғам да  кең  тал-

атты  ма қа ла сы  қо ғам да  кең  тал-

қылануда.  Елбасымыз  әлеуметтік  – 

қылануда.  Елбасымыз  әлеуметтік – 

экономикалық  дамыту  мәселелеріне 

экономикалық  дамыту  мәселелеріне 

арналған  кеңесте  елдің  әлеуметтік 

арналған  кеңесте  елдің  әлеуметтік 

жаң ғыртуы  мен  жаңа  индустриялық-

жаң ғыртуы  мен  жаңа  индустриялық-

инновациялық  экономикасын  да мы-

инновациялық  экономикасын  да мы-

тудың жолдарына кеңінен тоқ тал ды. 

тудың жолдарына кеңінен тоқ тал ды. 

Осыған  байланыс ты  Мемлекет  бас-

Осыған  байланыс ты  Мемлекет  бас-

шысы бірнеше ми нистр ліктерге және 

шысы бірнеше ми нистр ліктерге және 

«Нұр Отан» ХДП – на 20 нақты тапсыр-

«Нұр Отан» ХДП – на 20 нақты тапсыр-

малар жүктеді. Әлеуметтік жаңғырту, 

малар жүктеді. Әлеуметтік жаңғырту, 

индустриялық  –  инновациялық  даму 

индустриялық – инновациялық  даму 

мәселелерін  шешуге  арқау  болатын 

мәселелерін  шешуге  арқау  болатын 

бірқатар тапсырмаларға кеңінен тоқ-

бірқатар тапсырмаларға кеңінен тоқ-

тала кетсек:

тала кетсек:


8

№ 9 (143) тамыз, ұлу жылы 2012

Құндылық

Құндылық

(Басы өткен санында)

Шындыққа  тура  қарайықшы!  Біздің 

тəрбиеміздің негізі осы ғой. Əрине осы 

тектес те болуы мүмкін де шығар алай-

да айырмашылығы көп емес – ау.

Жоқ! Тəрбие бұлай болмайды, жалпы 

өмірді мұндай бейшаралықпен өткізуге 

бола  ма?  Айналдырған  қамшының 

сабындай 

қысқа 


өмірді 

осындай 


сорақылықпен өткізсек қандай бақытты 

жанұя,  Отан,  жəннат  қалайша  бізге 

бұйырады?

Оның  сара  жолы  біреу  ғана.  Сіз  оны 

білесіз.  Ол:  Алланың  жолы.  Құран 

жолы,  Ислам  жолы.  Бұдан  басқа 

шешім  жоқ.  Қорықпаңыз,  қорықпаңыз 

балаңыз  уаһабист,  террорист  бол-

майды.  Қызыңыз  күйеусіз  қалмайды. 

Туысқандарға  масқара  болмайсыз. 

Тек  мұқият  қадағаласаңыз  болғаны. 

Жоқ  əлде  əлгіндей  өмір  ұнай  ма? 

Айтыңызшы  бұл  өмірдің  қай  жері 

ұнайды? 


Балаларымыз 

осылай 


шайтанның  шылауына  батып  жат-

са,  аһ  ұрып  əке-шеше  мұңда  жатса, 

баланың  рахатын  көреміз  деп,  аза-

бын  тартса,  ақыры  тозақ  болса,  қай 

жері  жақсы?  Оны  істегенше  баланы 

тəрбиелеудің  негізгі  жолын,  ауырмай 

тұрып ауырмаудың жолын іздейікте.

Ата-ананың  тəлім  тəрбиесі  қандай 

болса  қоғамның  да  мінез-құлқы  сон-

дай  болады.  Өйткені  халық  та,  қоғам 

да,  Отан  да  ата-анадан,  айналдырған 

екі  адамнан  құралады.  Сондықтан  ең 

əуелі  адамның  өзі  дұрыс  болу  керек. 

Өзі  кір  адам  біреуді  қалайша  тазалай-

ды?  Өзі  қисық  адам  басқаны  қандай 

құралмен  түзетеді?  Ата-ананың  көңілі 

далада  болса  баланың  көзі  қайда  бо-

лады?


Бізді  жаратушы,  тəрбиелеуші  Алла 

Тағала:


ﻱَﺍ  ﺃَﻱﱡ ﻩَﺍ  ﺍﻝﱠ ﺫِﻱﻥَ  ﺁﻡَﻥُﻭﺍ  ﻕُﻭﺍ  ﺃَﻥﻑُﺱَﻙُﻡْ 

ﻭَﺃَﻩْﻝِﻱﻙُﻡْ ﻥَﺍﺭﺍً ﻭَﻕُﻭﺩُﻩَﺍ ﺍﻝﻥﱠ ﺍﺱُ ﻭَﺍﻝْﺡِﺝَﺍﺭَﺓُ



«Ей,  мүминдер!  Өздеріңді  əрі  үй 

іштеріңді  отыны  адамдар  мен  та-

стардан  болған  оттан  қорғаңдар, 

сақтаңдар»  деп  бұйырған. (Тахрим 

сүресі 6-аят)  Жаратқан  Жаббар  Иеміз 

неге мұнша қатты айтады деп сөкпеңіз, 

күнəміз  онсызда  аз  емес.  Ол  біздің 

қамымызды ойлап, жақсылық тілеп жа-

тыр.  Тозақтағы  отты  да  дайындайтын 

адамдардың  өзі  екен  өкінішке  орай. 

Жəне Таһа сүресінде:



«Үй  ішіңді  намаз  оқуға  бұйырып, 

өзің  де  оған  көңіл  бөл»  деген  аят-

тар түскенде Омар (р.а): «Ей, Алланың 



елшісі!  Біз  Алла  Тағаланың  азабы-

нан сақтануға тырысамыз. Ал, бала-

шағамызды  қалай  сақтандырсақ  бо-

лады?» – деп  сұрағанда,  Расулуллаһ 

(с.а.у): «Алла 

сендерді 

неден 

қайтарған  болса,  сендер  де  бала-

шағаларыңды  содан  қайтарыңдар! 

Алла сендерге нені істе деп бұйырған 

болса,  сендер  де  бала-шағаларыңа 

соны  істе  деп  бұйырыңдар! – деп 

жауап 


берді. (Абу 

Һурайрадан 

Имам  Бұхари,  Имам  Муслим  риуа-

ят  етті)  Бар  болғаны  осы  ма? – де-

ген  сұрақтарға:  Иə,  бар  болғаны 

осы  Алланың  екі  аяты.  Басқа  да  то-

лып  жатқан  аяттар  бар.  Бірақ  осы  бір 

екі  аятқа  амал  жасап  көрейік  əуелі. 

Алланың  тыйғанынан  тыйылып,  істе 

деп  бұйырғандарын  істеу  де  кез-

келген  мұсылман  баласының  қолынан 

келетін амал. Осыны істесеңіз, харам-

нан  тыйылсаңыз  жəннат  сіздікі.  Бала 

сіздікі.  Бұл  деген  сөз  ата-ана  намаз 

оқып, ораза ұстап, арамнан алшақ бо-

лып,  Аллаға  серік  қоспау  керек.  Жаны 

мен  тəні  таза  болуға  тиіс,  өмірдегі  ба-

сты  мақсаты  Алланың  разылығын 

табу  болуы  шарт.  Өзімізді  жəне  бала-

шағамызды  оттан,  бақытсыздықтан 

осы жолмен ғана сақтаймыз.

Бала 


дүниеге 

келмес 


бұрын 

тазалықты  айттық.  Енді  Алладан 

қайырлы ұл немесе қыз бер деп «дұға» 

жасауымыз  керек.  Алладан  ұялмай 

сұрауымыз  қажет.  Пайғамбарлардың 

барлығы  дерлік  Алладан  дұға  жасап 

иманды да тəрбиелі ұрпақ нəсіп ет деп 

жалбарынған дұғалары əлі күнге дейін 

Құранда  бізге  үлгі  ретінде  жазулы 

тұр.  Құранды  ашып  оқысаңыз  көзіңіз 

жетеді.  Əрине  əке-шешесі  залым, 

Аллаға  серік  қосушы  бола  тұра  бала-

сы ақ сүттей аппақ болуы мүмкін. Бірақ 

бұл  əрдайым  бола  бермейтін  жайт. 

Құрсақтан бастап тəрбиеге көшу керек. 

Ислам дініміздің білдей ғұламалары да 

осыны  растайды.  Адал  тамақтан  ба-

стап, көркем сөз, жақсы ойға дейін.

Егер біз балаларымызға діни тəрбие 

бермесек  бала  біздікі  емес.  Ол  бала-

дан  айрылдыңыз.  Өйткені  жəннатқа 

Алланың  бұйрығын  орындамай  кіре 

алмайсыз.  Жəннатқа  кірудің  жолын 

айттық. Я тозақта, я жəннатта бірге бо-

ламыз.  Кімге  қажет?  Сіздің  балаңыз 

қызып  тұрған  шоққа  қол  созса  шы-

дап, қарап тұра аласыз ба? Шырылдап 

жаны  шығардай  жылағанын  естігіңіз 

келмесе  қолын  шоқтан  дереу  ала-

сыз.  Олай  болса  біз  неге  балалары-

мызды  көреркөзге  шоққа  тастаймыз? 

Қай  бетімізбен  тозаққа  жетелейтін 

күнəларды  істеуге  қуана  қолпаштап 

жүрміз?  Осыдан  кейін  бетімізді  шым-

шимыз,  менің  балам  мұндай  емес 

еді,  арақ  ішпейтін  еді,  бұзақылық 

дегенді  білмеуші  еді.  Бəрі  жалған, 

өтірік.  Діни  тəрбие  алса  уаһабист  не-

месе  жынды  болады  деп  қорқамыз. 

Уаһһабист 

демекші 

көпшілікке 

топырақ  шашудан  аулақпыз  əрине 

алайда  шындыққа  шын  қарасақ  осы 

жолға  кетіп  жатқан  жастарымыздың 

ата-аналары  да  немқұрайлы  қарап, 

əйтеуір  намаз  оқыса  болғаны  деп-

те  жүргендері  аз  емес.  Бұл  кеселмен 

мешіт қызметкерлері, дінтанушы имам-

дар  барын  салып  айналысуда.  Ең  ба-

стысы бұл Ислам дініміздің бойындағы 

мін  емес,  адамның  қатесі.  Жастардың 

теріс  ағымдардың  жетегінде  кетуіне 

Ислам  не  Құран  кінəлі  емес,  қате 

өзімізде,  білімсіздігімізде.  Ал  ішкені, 

кигені  арам,  қыз  болса  ашық-шашық, 

ішкеніміз  арам  арақ,  оны  көріп,  сезіп 

өскен  бала,  алып  жатқан  білімінде 

шаруамыз  жоқ,  достары  кім,  қандай 

ортада  өсіп  жатыр?  Оған  да  бас 

қатырмаймыз.  Үйде  де  түзде  де  бала 

немен айналысуда? Дерті не? Мақсаты 

не?  Болашағы  қандай  болмақ?  Ең 

қиыны  Алланың  құзырына  барғанда 

діннен түк хабары жоқ, жүрегінде има-

ны  жоқ  баланы  менің  балам  еді  деп 

қалайша  айтамыз?  Өзіміздің  рухани 

хал-ахуалымыз ше? Ол өзінше бір тау. 

Демек қате бізде.

Бір 


ауылда 

мұсынманшылықты 

жақсы 

ұстайтындықтарын 



ойлай-

тын  адамдар  болған  екен.  Сон-

да  сол  ауылдың  имамы:  Уа,  құрметті 

жамағат!  Ауылдың  шетіне  бір  ұры 

келіпті, балаларға ұрлықты үйретіп жа-

тыр,  мына  бұрышына  жезөкше  келіпті 

қыздарымызға  шешінуді  үйретіп  жа-

тыр екен не істейміз? – депті. Жамағат 

у-шу  болып: «Ойбай  оларды  құрту  ке-

рек, бастарын шабу керек» – деп айқай 

салыпты.  Сонда  имам: «Дұрыс  айта-

сыздар  сіздер  балаларыңызға  қатты 

жандарыңыз ашиды ғой, мен оны білем. 

Бірақ  ешбіріңіз  мұны  істеп  жатқан 

жоқсыздар.  Жиырма  төрт  сағат  бала-

лармен тілдесіп жатқан теледидардың 

басын  кім  шабады? – деген  екен. 

Бұдан теледидар көрмеңдер деген сөз 

шықпайды  əрине.  Егер  біз  жастайы-

нан  балаға  діни  тəрбие  берсек,  апта-

да  бір  мəрте  жұма  намазға  барғанына 

риза болып қана қоймай бес уақыт на-

мазын  қадағалап,  намаз  оның  жаман 

қылықтарының  жойылуына  əсер  етіп 

жатқандығын  бақылап  тəрбиелейтін 

болсақ  не  көру  керек,  нені  көруге 

мүлдем болмайды оны баланың өзі-ақ 

айырып  алады.  Əке  де  шеше  де  бірге 

тыржалаңаштарды,  бұзақылықтарды 

төрт  көздерімен  бақырайып  қарап  от-

ырса балаңыз не істемейді?

Əкелердің 

сардары 

Мұхаммед 

(с.а.у.): 

«Əкенің 

бала 

алдындағы 

міндеті:  жақсы  ат  қою  жəне  жақсы 

тəрбие  беру»  деп  ата-анасының  ба-

ласы  алдындағы  негізгі  міндетін  де 

тайға  таңба  басқандай  айтып  кет-

кен.  Бабаларымыздың  нақыл  сөзінде 

айтылғандай:  «Ардақты  ата-аналар! 

Бір  жасынан  бастап  алты  жасына 

дейін  баланың  құлы  болыңдар,  алты 

жастан  он  бес  жасқа  дейін  сендердің 

құлдарың  болсын,  он  бес  жастан  ба-

стап  ол  баламен  дос  болыңдар»  деп 

тəрбиенің  өзегін  біздерге  түсіндіреді. 

Құл  деген  сөзді  жақсылап  түсіну  ке-

рек.  Мен  баламның  құлы  болуым  ке-

рек  екен  деп  алты  жасқа  дейін  отқа 

да,  шоққа  да  жіберіп,  не  сұраса  соны 

беріп, айтқанын екі етпей еркелету де-

ген сөз емес, мен əке екенмін деп алты 

жастан  бастап  аямай  жұмсап,  ұрып-

соғып  құлға  теңемеу  қажет.  Керісінше 

пайғамбарымыз  алты  жасына  дейін 

ненің  не  екендігін  көрсетіп,  түсіндіріп, 

əсем  табиғатпен  таныстырып,  ащы 

мен  тəттіні,  ыстық  пен  суықты,  жа-

ман  мен  жақсыны  түсіндіру  үшін  асты 

үстіне  түсу  керек  дейді.  Алты  жеті  жа-

сынан  бастап,  яғни  оң  солын  ажы-

рата  бастағаннан  бастап  намазға 

үйрету  керек.  Имам  Тирмизи,  Имам 

Абу  Дəуіт  сияқты  ғалымдар  риуаят  ет-

кен  Пайғамбарымыздың  хадисінде. 

«Ұл-қыздарыңа  жеті  жастан  бастап 

намаз  оқуды  үйретіңдер.  Он  жастан 

бастап  намазға  тұруды  үйретіңдер, 

тұрмаса  ұрыңдар,  əрі  сол  кезден 

бастап  жататын  жерлерін  бөлек 

етіңдер» деп өсиет етеді. Жеті жастан 

бастап  үйретілмеген  намаз  он  жасын-

да кеш болады.

Сөккенің болсын сүйгенің,

Күйгенің  болсын  достығың – деп  да-

наларымыз  текке  жырламаса  керек. 

Біздің  мақсат  Ар  сүю,  Адам  сүю,  Отан 

сүю!


Бұлақтың  тəтті  суынан  дəм  татқан 

бұлақтың  көзін  де  табады.  Бұлақтың 

көзі,  өмірдің  мəні,  бала-шағамыздың 

бақыты асыл дініміз Исламда.

Бір  қолымен  бесікті,  екінші  қолымен 

əлемді  тербететін  ақ  жаулықты  ана-

ларымызбен,  асқар  тауға  теңелетін 

əкелеріміз  ұлағатты  ұрпақ  өсіріп,  ата-

аналарға  да  Алладан  дұға  тілейтін 

иманды жастарымыз көп болсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет