№ 12 (134)
желтоқсан, қоян жылы 2011
5
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІН НЫҒАЙТУ –
БІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ
Осы күндері киелі ордамыздың көк
туын биікке самғатып, ұлы құндылық –
тəуелсіздікке қол жеткізгеніміздің 22 жыл-
дық мерекесі атап өтілуде. Тəуелсіздік –
қазақтың ең басты құндылығы, біз үшін
оңайға түскен емес, оның тірегіне айнал-
ған – халқымыздың қажырлы еңбегі, су-
дай аққан қан мен тері. Тəуелсіздік – бұл
даналығы мен көрегендігі арқасында ел
басқарған арыстарымыздың, дара тұл-
ғаларымыздың – қазақ хандары Жəнібек
пен Керей, Қасым, Абылайдың, еліміздің
алғашқы Президенті, Елбасымыз Нұрсұл-
тан Əбішұлының көшбасшылығы мен кө-
регендігі, алты алаш елінің қайсалмастай
жігері мен ерлігі, отансүйгіштігі мен рухы-
ның биіктігі. Еліміздің тəуелсіздігінің мəн-
мағынасын ұғыну үшін халқымыздың жа-
дындағы егемендік пен мемлекеттіліктің
тарихи маңызына көз жүгірту қажет.
«Етектен кесіп жең болмас, егемен
болмай ел болмас» деген халық дана-
лығы еліміздің əрқашан тəуелсіздікке,
еркіндікке ұмтылысын байқайтады. Көш-
пелі əлемнің бүкіл жетістіктерін дүние
жүзіне паш еткен халқымыз ежелден
бері тəуелсіздік пен мемлекеттіліктің
құндылығын жоғары бағалаған. Ғұн-түркі
замандарында қазақ даласында специ-
фикалық көшпелі қоғамға тəн тəуелсіз
мемлекеттілік институты туындап, Еура-
зия халықтарының тарихына əсер еткен
өркениет ошағы қалыптасты. Түркі зама-
нында ерекше көшпелі əлемнің мемле-
кеттілік нышанына айналған – қағанат
жүйесі Еуразия халықтарының тарихын-
да өшпестей із қалдырды, көптеген көрші
халықтардың мемлекеттілігінің дамуына
үлкен əсер етті.
Қазақ хандығының дəуірі – бұқа-
ра халықтың ұлттық егемендігі мен
тəуелсіздігінің шарықтаған шыңы. Ал-
ғашқы қазақ заңнамасының дамуы,
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім хан-
ның ескі жолы», Тəуке ханның «Жеті
Жарғысы» – тайға таңба басқандай қа-
зақ мемлекеттігінің нышандары, қазақ
тəуелсіздігінің айқын айғағы.
ХVIII-ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағ-
дыры үшін сындарлы, шешуші сəттерге
толы, қайғылы да қасіретті кезең. Бұл қа-
зақтың өз мемлекеттігі мен тəуелсіздігі
үшін күресте жанталасқа түсіп, «найзаның
ұшына, білектің күшіне» жүгінген қиын-
қыстаулы тарих беттері. Осы кезеңде елді
ішкі саяси бытыраңқылық пен алауыз-
дық биледі, қазақ
халқының
басы-
на төнген сыртқы
қауіппен қосталды.
Қазақ тəуелсіздігі-
не ең басты қауіп-
қатер – Жоңғар
хандығы тарапынан төнді. Қалыптасқан
саяси жағдай қазақ халқының тарихында
өшпестей із қалдырған – Ақтабан-шұбы-
рынды қасіретіне əкелді. Алайда, қазақ
халқының бостандыққа ұмтылысы жоң-
ғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық
соғысындағы асқан ерліктің арқасында
елдігімізді, тəуелсіздігімізді сақтап қалуға
мүмкіндік берді. Сол кездің өзінде халқы-
ның болашағы үшін бүкіл күш-жігерін сал-
ған суырыла сөйлейтін шешендер, топты
бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар,
елді ерлікке шақыратын жыраулардың қо-
ғамдық маңызы жоғары еді.
Еуразияның алпауыттары – Ресей мен
Қытай империялары арасында заманның
ауыр азабын тартқан Қазақ хандығының
тағдыры шешілді. Тек кейінгі екі ғасыр-
дың ішінде халқымыздың өз бостандығы
жолында Ресей империясы мен басқа
да отаршыларға қарсы екі жүзден астам
ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны –
халқымыздың тəуелсіздікке ұмтылысы-
ның айғағы.
Елдің етек-жеңін жиып, басын құрап,
халық мүддесін қорғаған қаһармандар-
дың – кешегі күннің Кенесары, Сырым,
Исатай, Əлихандар бастаған алаш аза-
маттарының, қаһарлы Желтоқсанның
азабын тартып, алаңда тоталитарлық
тəртіпке қарсы шыққан кешегі Қайрат
Рысқұлбековтер сынды жас қазақтар-
дың бас арманы – халықтың бостандығы,
азаттығы еді.
Тəуелсіздікке қол жеткізу – бұл мəсе-
ленің бір ғана тұсы, ал елдің бағына ай-
налған тəуелсіздіктің, егемендіктің гүліне
нəр беріп, оның əлсіз сабағын тамыры
терең, тірегі берік бəйтерекке айналды-
рудың маңызы зор. Тəуелсіздіктің тірегін
нығайту елдің əр азаматының қолында.
Тəуелсіздік əрбіреуіміздің атсалысуы-
мызды, белсенді араласуымызды талап
етеді.
Қ.Қ. Батталов,
С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті Қазақстан
тарихы кафедрасының меңгерушісі,
т.ғ.к., доцент.
НЕЗАВИСИМОСТЬ РЕСПУБЛИКИ – ГОРДОСТЬ КАЖДОГО КАЗАХСТАНЦА
15 декабря 1991 года был принят за-
кон о независимости и государственном
суверенитете нашей Республики. Я ду-
маю, что каждый из нас в этот день заду-
мывается над тем, что же дала она на-
шей стране и, конечно, каждому из нас.
Дать полностью исчерпывающий ответ
на этот вопрос не представляется воз-
можным, потому что за это время прои-
зошли большие изменения во всех сфе-
рах жизни страны. Народ Казахстана
хорошо знает ценность завоевания Не-
зависимости. Результаты 22-х лет разви-
тия Казахстана – это полномасштабные
реформы во всех сферах жизни обще-
ства, проводимые под непосредствен-
ным руководством Президента Респу-
блики Н.А. Назарбаева. В республике
выполнены задачи, поставленные Стра-
тегией «Казахстан-2030», и сейчас по
инициативе Главы государства разрабо-
тана и реализовывается долгосрочная
Стратегия «Казахстан-2050», которая,
по признанию зарубежных аналитиков,
по степени позитивного влияния на все
сферы жизни общества, по глубине це-
лей не имеет аналогов в мире.
Сегодня наша страна демонстриру-
ет высокие показатели в областях по-
литики и экономики, достигнуты поли-
тический и социально-экономический
прогресс, возрос авторитет страны в
решении международных вопросов, до-
стигнут высокий международный уро-
вень в сферах образования и науки.
Результаты влияния Независимости
можно продемонстрировать деятель-
ностью нашего же Павлодарского госу-
дарственного университета им. С. То-
райгырова. Достаточно отметить, что у
нас в университете выполняется осно-
вополагающие требования концепции
Болонского процесса. В университете
создан Центр академической мобиль-
ности, ведет плодотворную работу
управление международного сотуд-
ничества. Благодаря их деятельности
только в этом году три профессора из
Польши, Германии и России проводили
занятия на нашем факультете метал-
лургии, машиностроения и транспорта,
кроме того, двое магистрантов факуль-
тета обучаются за рубежом, осущест-
влена краткосрочная командировка
двух преподавателей в Чехию. Подоб-
ные мероприятия, проводимые в на-
шем университете, позволяют добить-
ся выполнения требований Концепции
Болонского процесса – развитие еди-
ного образовательного пространства,
добиться конвертируемости дипломов,
получение двудипломного образования
и т.д.
В
настоящее
время
вопро-
сы
духовности
имеют не мень-
шее
значение,
чем вопросы ма-
териального
и
экономического
характера. Думаю, что профессорско-
преподавательский состав нашего уни-
верситета с честью справится с зада-
чей воспитания достойного поколения,
которое должно реализовать Страте-
гию «Казахстан – 2050» – программу по
долгосрочному развитию страны, кото-
рую возможно было разработать только
в условиях завованной Независимости
Республики.
А.Н. Нуржауов,
доктор технических наук, профессор
ПГУ им. С. Торайгырова
ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – ҰЛТТЫҢ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ
ЖАСАМПАЗДЫҒЫ МЕН
МӘҢГІЛІГІНДЕ
«Тəуелсіздік» деген мен үшін ұлы
ұғым болып есептелінеді. Біздің бала
кезімізден кеңес дəуірінде алған
біліміміз, тəрбиеміз өте жақсы болды.
Əр заманның өз ерекшелігі, жақсы-
лығы, болады. Сол заманның өзіндік
идеологиясы болады. Біз кеңестік дəуір
идеологиясымен өмір сүрдік. Ол за-
ман да жаман болған жоқ. Өйткені, біз
сол кезеңдегі біліммен, көзқараспен
бақытты ғұмырымызды кештік. Мен
өскен ауылда 14 ұлттың өкілдері тұр-
ды. Міне, осы 14 өкіл өзінің ұлттық тəр-
биесін алып өсті. Мен мектепте қазақ
тілінде білім алдым. Бірақ, қазақ сы-
ныбында оқитындардың аздығы, теле
хабарлардың қазақ тілінде аз тараты-
луы сияқты мəселелер үйде отбасында
айтылғанымен, ондай мəселелерге біз
көңіл бөлмедік. Бұл мəселе алдымнан
тек жоғары оқу орнына түсуге келгенде
ғана кезікті. Мен Павлодар қаласына
қазақ тілі əдебиеті пəнінің мұғалімі ма-
мандығы бойынша оқуға келдім. Мұнда
қазақ тілі мұғалімі түгілі, қазақ тілін-
де білім беретін топтардың жоқ екенін
білдім. Мектепті үздік тəмамдадым,
қолымда алтын медалім бар. Мектепті
жақсы бітірген балаларды Ресейге қа-
рай жіберуге асығатын. Мені Омбыда-
ғы Авиациялық институтына жібермек
болды. Дегенмен, мен үмітімді арқалап
қазақ мəдениетінің орталығы Алматы
қаласына білім алуға кеттім. Қыздар
педагогикалық институтында қазақ тілі
мен əдебиеті бойынша белгілі жазушы,
ғалымдардың алдынан дəріс алдым.
Ғабит Мүсірепов, Фариза Оңғарсынова,
Зейнолла Қабдолов, Мəриям Хакімжа-
нова, Əмина Мəметова, Ісмет Кеңес-
баев, Сейілбек Исаев сынды қазақтың
дарынды тұлғаларынан сабақ алып, то-
лыққанды ұлттық қазақи тəрбие алдым.
Ал енді 16-17-ші желтоқсан оқиғасына
келер болсақ, ол бір күнде ұйымдасты-
рылған оқиға емес. Қазақ даласында екі
жүзден аса көтерілістер болды десек,
сол күнгі желтоқсанның ызғарлы оқиға-
сы көп уақыттан бергі жиналып келген
жараның жарылған күні. Мысалы сол
кезде Алматы қаласында қазақ тілін-
де білім беретін жалғыз ғана №12 мек-
тептің болуы, жəне соның жабылуына
шақ қалған кезі еді. Ұлттық құндылықта-
рымызды жоғалтып алар шақтың алды
еді. Ал, Д. Қонаевтың алынып тасталып,
орнына басқа ұлттың өкілін қазақ еліне
басшы етіп қоюы шыдамның ұшар нүк-
тесі еді. Ал алаңға жастардың шығып
кетуіне келер болсақ, жастар албырт,
жаңашыл, ұйымшыл келеді. Сол жел-
тоқсан күндері де жастар студенттері,
жұмысшысы болсын ұлттық идеология
мүддесі үшін алаңға шықты. Біз жастар
алаңға талаптарымыз орындалады де-
ген сенімімен шықтық. Бізді қуады, ұра-
ды, қудалайды деген титтей де ой бізде
болған жоқ. Есерсоқтар, маскүнемдер,
нашақорлар алаңға шықты деп бізге
айып та тағылды. Сондықтан мен үшін
16 желтоқсан күні ең алдымен қаралы
күн болып есептелінеді. Өйткені ондағы
жастардың көз жасы мен төгілген қаны,
ащы зары бар. Ал
екінші жағынан,
Қазақ Елі жаңа
заманға,
яғни
Тəуелсіз Қазақс-
танның заманауи өмірі, жаңа қоғамдық
бетбұрыс басталған күн. Қазақ жастары
өз ұлттық мүдделері үшін алаңға шы-
ғып, ерлік көрсетті. Алаңда қазақ зия-
лылары Əзірбайжан Мəмбетов, Мұхтар
Шаханов, Олжас Сүлейменов сынды
азаматтарымыз төбе көрсеткені бізге
күш берді. Желтоқсан оқиғасының ақи-
қаты əлі ашылған жоқ. 27 жыл өтсе де
желтоқсан оқиғасына қатысқан адам-
дардың толық тізімі шықпаған. Шындық
əлі айтылады. Жылда жаңа есімдер шы-
ғып жатыр, ақиқат ашылады, баға бері-
летін болады. Қазақ елінің Тəуелсіздік
орнауына төгілген соңғы қантөгіс жел-
тоқсанның ызғарлы күндері болса, оны
тарихшылар мен əдебиетшілер жазуы
керек. Бұрын Қазақстан тарихы 16 бет-
тен тұрса, бүгінде тарихымыз том-том-
дап жазылып жатыр.
Ендігі Тəуелсіздігімізді сақтап қалу
жолындағы көтерілісті – рухани кө-
теріліс деп айтар едім. Жаңа заманның
көтерілісі – ол ұлттық құндылығымыз
үшін күрес. Ол үшін біріншіден, ана
тілімізге құрмет, көркем ойлау, ше-
шен сөйлеуді жолға қойғанымыз жөн.
Екіншіден, дəстүрлі ислам дінін дəріп-
теу маңызды. Үшіншіден, салт-дəстүр-
лерімізді жаңғырту, бұрыс, асыра сіл-
теп жүргізілетін салттарымызды түзету
керек. Демек, ұлттық салт-дəстүрлер
институтын құрып, теологтар мен та-
рихшы мамандары тарапынан қазақ
дəстүрлері туралы кітаптар жазылуы
қажет. Төртіншіден, қазақтың ділін, яғни
ұлттық мінез-құлқымызды сақтауымыз
тиіс.
Осы ұлттық құндылықтарымызды
сақтап қалу үшін ең бастысы, отбасы
тəрбиесі өте маңызды. Екіншіден, қо-
ғамдық тəрбие, яғни, жастар үшін айна-
ласын қоршаған ортаның ықпалы зор.
Үшіншіден, ұлттық тəрбиенің жастарға
əсері мол болатыны сөзсіз. Ұлттық тəр-
бие дегеніміз – ұлттық идеология, ұлт-
тық мүдде. Ол – Елбасының, үкіметтің,
жергілікті əкімшіліктің, Қазақ Елінің
қойып отырған идеологиясы. Ал, сол
идеологияда міндеті түрде ұлттық тəр-
бие болуы керек. Міне осы үшеуін қо-
сып, бірге алып жүрер болсақ, онда біз
балалар, жастар, қоғамның əр мүшелері
арқылы елдігімізді құруда өз еңбегімізді
сіңіре аламыз, Тəуелсіздігімізді сақтай
аламыз! Біз қазір елдің Тəуелсіздігін
сақтайтын идеологияны құрудамыз.
Ел Тəуелсіздігі тұғырының мықтылы-
ғы – көп ұлтты халқымыз бен қазақ ұл-
тының зерделі білімінде, ынтымағы мен
бірлігінде, ұлттың құндылықтарының
жасампаздығы мен мəңгілігінде екенін
ұмытпауымыз қажет!
А.Ф. Зейнулина,
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті Қазақ тілі
кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.,
профессор
ГЛАВНОЕ – БЫТЬ ПАТРИОТОМ
СВОЕЙ СТРАНЫ
День независимости Казахстана –
один из главных праздников для нашей
республики. Это особенный день, когда
вся страна вспоминает историю ста-
новления и развития суверенного го-
сударства, сложный путь, по которому
пришлось пройти казахстанцам до тор-
жественного момента обретения статуса
независимой республики.
Являясь ровесником Казахстана как
независимого государства, я считаю,
что любой гражданин нашей огромной
страны, если он – настоящий патриот,
признает всю важность этого события и
искренне радуется
даже самому ма-
ленькому успеху
своей родины.
Возможно,
не
пережив и не уви-
дев воочию мно-
гих событий, трудно объективно гово-
рить о судьбе страны. Но, несмотря на
это, я уверена, что будущее Казахста-
на – светлое и прогрессивное!
Мария Синцова,
магистрант,
группа МФр(я)-12н
Тәуелсіздік тұғыры
6
№ 12 (161) желтоқсан, жылан жылы 2013
Тәуелсіздік тұғыры
ПМУ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН ТОЙЛАДЫ
2013 жылдың 12 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай
ұйымдастырылған салтанатты мерекелік концерт өтті.
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі
қарасаңында еліміздің гүлденуі мен дамуы-
на жемісті еңбек етіп жүрген университет
қызметкерлері мен оқытушыларды С.Торай-
ғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профес-
сор Серік Өмірбаев марапаттады.
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі
мен өркендеуіне табысты қызмет етіп жүр-
гені үшін ЖОО-ның ғалымдары мен қызмет-
керлеріне Павлодар облысы əкімідігі мен
университет əкімшілігінен алғыс хаттар ұсы-
нылды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мем-
лекеттік университетінің ректоры Серік
Өмірбаев салтанатты мерекелік жиынды өз
құттықтау сөзімен бастады. Ол өз сөзінде:
«Қазақстан Тəуелсіздігі арқасында біз жаңа
əлемге жол аштық. Ғылыми жаңалықтары-
мыз бен толағай табыстарымыз баршамызға
ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республика-
сының өркендеуіне қызмет етуде. Бұл жеңісті
де жемісті табыстар Тəуелсіздіктің арқасында
жүзеге асқанын ұмытпауымыз керек», – деді.
Мерекелік жиын əуезді əн салған əншілер
мен мың бұралған бишіліердің өнерлерімен
жалғасын тапты. С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университетінің Сту-
денттік филармониясының өнерпаздары,
Орындаушылық өнер кафедрасының дарын-
ды студенттерінің орындауындағы əндер мен
қойылымдар жиылған көпшіліктің көңілінен
шықты. «Алау», «Грация» би дуэті, «Джем»
сынды өнер топтары көрерменді тамаша
əуенмен əуелеп, қуанышқа бөледі.
Жанар Елешова
ФЛЭШМОБ КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
13 декабря 2013 года в аллее перед главным
учебным корпусом ПГУ им. С. Торайгырова состо-
ялся флэшмоб, посвященный Дню Независимости
Республики Казахстан.
За двадцать с небольшим лет наша страна, благо-
даря мудрой, миролюбивой, твердой и последова-
тельной политике Президента Республики Казахстан
Н.А. Назарбаева, стала уважаемым и признанным
во всем мировом пространстве государством. Осо-
бый вклад в дело процветания республики вносит
и казахстанская молодежь – поколение инициатив-
ных, творческих и активных молодых людей, всегда
готовых поддержать любое мудрое начинание Главы
государства. И проведенный в нашем университете
флэшмоб – прямое тому доказательство.
Организаторы флэшмоба: профсоюзная органи-
зация студентов, студенческий ректорат, комитет по
делам молодежи, университетская ячейка Альянса
студентов Казахстана ПГУ им. С. Торайгырова.
Целью танцевального флешмоба является укре-
пление мира и дружбы среди жителей города, при-
витие студентам университета чувства патриотизма,
приобщение их к культуре и ценностям казахстанско-
го народа, а также к активной общественной жизни.
Студенческий ректор ПГУ им. С. Торайгырова Габит
Хафиз отметил: «Мы гордимся завоеваниями Неза-
висимости и знаем высокую цену кропотливого и не-
устанного труда наших отцов и дедов во имя благопо-
лучия и процветания нашей Родины».
Во флэшмобе приняли участие 60 человек из числа
активистов студенческой молодежи ПГУ, в том числе
и танцевальная группа «Джем».
В ходе мероприятия были исполнены танцы в на-
родном («Қара жорға»), а также в современных жан-
рах, таких, как хип-хоп и др.
«Мы, нынешние студенты, считаем себя особым
поколением казахстанцев, потому что практически
все мы являемся ровесниками Независимости. Мы
росли вместе с нашим молодым государством», –
подчеркнул активист студенческой молодежи ПГУ
им. С. Торайгырова Данат Бекжасаров.
Руфина Торпищева
Вместе – к новым победам!
В Послании Президента Республики Казахстан, Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Ка-
захстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» сказано: «Физическая культура и спорт должны стать
особой заботой государства. Именно здоровый образ жизни является ключом к здоровью нации». Глава государства сам
личным примером активно пропагандирует здоровый образ жизни и занятия спортом.
Ко Дню Первого Президента Респу-
блики Казахстан и в честь празднова-
ния Дня Независимости нашей страны
в Павлодарском государственном уни-
верситете им. С. Торайгырова был про-
веден ряд соревнований по различным
видам спорта.
Настольный теннис. В соревнованиях
приняло участие 20 юношей и 20 деву-
шек, состязания прошли среди 7 фа-
культетов (ФММиТ, ФФМиИТ, ЭФ, ГПФ,
ФХТиЕ, ФЭФ, АСФ). По итогам соревно-
ваний I место заняла команда ФММи-
ИТ, II место – команда ФЭФ, III место
завоевала команда ФХТиЕ.
Шахматы. В соревнованиях приняло
участие 45 студентов из 8-ми факуль-
тетов университета (ФММиТ, ФФМи-
ИТ, ЭФ, ГПФ, ФХТиЕ, ФЭФ, АСФ, АТФ). I
общекомандное место заняла команда
ЭФ; II общекомандное место у команды
ФММиТ; III общекомандное место – ко-
манда ФФМиИТ.
Волейбол (девушки). В соревновани-
ях приняло участие 6 команд факуль-
тетов АСФ, ГПФ, ФФМиИТ, АТФ, ФХТиЕ,
ЭФ в количестве 50 человек. I обще-
командное место – команда ФХТиЕ; II
общекомандное место – команда ГПФ;
III общекомандное место заняла коман-
да АТФ.
В городском спортивном меропри-
ятии команда профессорско-препо-
давательского состава ПГУ им. С. То-
райгырова по мини-футболу приняла
участие в футбольном турнире, посвя-
щенном Дню Первого Президента РК
среди учреждений г. Павлодара.
Сборная команда ПГУ им. С. Торай-
гырова приняла участие в городском
кроссе по набережной города, посвя-
щенном Дню Первого Президента РК.
Участвовало 30 студентов университе-
та.
Ко Дню Независимости РК в универ-
ситете прошли соревнования по волей-
болу, по тогызкумалак, по шахматам и
по настольному теннису.
В соревнованиях университета по во-
лейболу среди юношей и девушек при-
няло участие 48 студентов из 8-ми фа-
культетов (ФММиТ, ФФМиИТ, ЭФ, ГПФ,
ФХТиЕ, ФЭФ, АСФ, АТФ). I общекоманд-
ное место заняла команда АТФ; II обще-
командное место – команда ФФМиИТ;
III общекомандное место – команда ЭФ.
В соревнованиях университета по то-
гызкумалак среди юношей и девушек
приняло участие 16 студентов из 8-ми
факультетов (ФММиТ, ФФМиИТ, ЭФ,
ГПФ, ФХТиЕ, ФЭФ, АСФ, АТФ). В личном
первенстве I место заняла Абдыханова
А. (гр. Қт-101), II место занял Байженов
Б. (гр. МТ-101), III место – Аблайханов Б.
(гр. Қт-101).
В соревнованиях университета по
шахматам приняло участие 20 человек
(10 юношей и 10 девушек) из факульте-
тов ФММиТ, ФФМиИТ, ЭФ, ГПФ, ФХТиЕ,
ФЭФ, АСФ, АТФ.
I место среди девушек заняла Алку-
динова Н., II место – Ишимова Г., III ме-
сто – Нургалиева Д.
I место среди юношей занял Нукенов
К., II место у Балгудинова С., III место –
Жетписбаев А.
В соревнованиях университета по на-
стольному теннису приняло участие 20
юношей и 20 девушек, соревнования
прошли среди 7 факультетов (ФММиТ,
ФФМиИТ, ЭФ, ГПФ, ФХТиЕ, ФЭФ, АСФ).
По итогам соревнований I место заня-
ла команда ФММиИТ, II место – коман-
да ФЭФ, III место завоевала команда
ФХТиЕ.
Достарыңызбен бөлісу: