С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
1.6-
суретҚасиеттер редакторы 
1.7-
сурет. Құжат инструментарийі 


1.2. 
Dreamweaver программасының негізгі мүмкіншіліктері 
11
Олардың біріншісі барлық ашық терезелерді программа терезесінде сіз олардың атаулары 
мен мазмұнының бір бөлігін көре алатындай етіп орналастырады. Екінші және үшінші 
тармақтар программа терезесінде құжаттар терезесінен олар бір-бірін жауып 
қалмайтындай етіп, «мозайка» құрады. Мұнда екінші тармақ «мозайканы» көлденең, ал 
үшінші тармақ – тігінен құрады. 
Insert
жәнеPropertiesтармақтары нысандар панелі мен қасиеттер редакторын 
экранға шығару немесе жасыру үшін қызмет етеді. Егер осы тармақтардың бірінің сол 
жағында қанатша белгісі тұрса, онда осы панель экранға шыққан. Панельді алып тастау 
үшін қажетті тармақты қайта таңдаңыз, сонда панель қанатшасымен бірге жойылады. 
Таңдау кезінде өз мәнін қарама-қарсы мәнге ауыстыратын мұндай мәзір тармақтары 
ажыратқыш деп аталады. Insert және Properties тармақтарын таңдау орнына сіз 
сәйкесінше [Ctrl] + [F2] және[Ctrl] + [F3] перне комбинациясын баса аласыз. 
Егер сізге ашық веб-парақшаны кедергісіз қарап шығу үшін уақытша барлық 
панельдерді жасыру керек болса, Windows мәзірінде Hide Panels тармағын немесе View 
мәзіріндегі аттас тармақты таңдаңыз.Бұл тармақ ажыратқыш секілді жұмыс істейді, яғни, 
бірінші рет таңдау кезінде ол барлық панельдерді жасырады, ал екінші рет таңдағанда 
оларды экранға қайта шығарады. Сіз [F4] пернесін де баса аласыз. 
Әр панельдер тобы қосымша мәзірге ие. Сонымен бірге әр жеке панельдің қажетті 
қосымша парақшаны тінтуірдің оң пернесімен басу кезінде пайда болатын контекстік 
мәзірі болады. 
Бұл мәзірдің тармақтарын пайдалана отырып, сіз түрлі әрекеттерді орындай аласыз: 
■ 
Close Panel Group
тармағын таңдап, панельді жабасыз; 
■ 
Maximize Panel Group
тармағын таңдап, панель өлшемін ол тігінен компьютердің 
экранын толық алатындай етіп үлкейтесіз. 
■ 
Group <
топ немесе панель аты> withтармағын таңдап, одан әрі пайда болған 
экранда қажетті панель тобының атына сай тармақ – кіші мәзірді таңдап
таңдалған топты немесе жеке панельді басқа топқа ауыстыру; 
■ 
Rename Panel Group
тармағын таңдап, топ атауын өзгерту. Содан кейін сізге 
Rename Panel Group
диалогтік терезесінде Panel Group Nameенгізу жолағында 
жаңа атауды жазу және оны сақтау үшін ОК нүктесін немесе жою үшін Cancel 
нүктесін басу ғана қалады; 
■ 
Group <топ немесе панель атауы> with тармағын таңдап, одан әрі пайда болған 
экранда New Panel Groupкіші мәзір-тармағын таңдап, таңдалған панельді жаңа 
топқа орналастыру; 
■ 
Help
тармағын таңдап, осы панель бойынша анықтама алу. 
Экранға қажетті инструментарийді шығару үшін Viewмәзірінің Toolbarsкіші 
мәзіріндегі қажетті тармақ-ажыратқышты таңдаңыз.Инструментарий санына байланысты 
ондай тармақтар екеу: 
■ 
Standard 
тармағы басты инструментарийді шығарады; 
■ 
Document 
тармағы құжат инструментарийін шығарады. 
Сондай-ақ сіз контекстік мәзір немесе инструментарийді пайдалана аласыз. 
Тінтуірдің оң пернесін кез келген инструментарийге басыңыз сол тармақтарды қамтитын 
шағын мәзірді көресіз. 


1.2. 
Dreamweaver программасының негізгі мүмкіншіліктері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет