Аналогты абоненттік түйіс.
Цифрлық АТС-ті құру алдында, цифрлық АТС-ке аналогты телефонды қондырғысы бар аналогты абоненттік желіні қосу керек. Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын жасап шығарылған телефондық қондырғы аналогты телефонды желілерде қолдану өте тиімді болды. Біріншіден, оның құрамында бұрыштық микрофон- қуатты күшейткіш болды. Екіншіден, барлық қажетті сигналдар түрлендіргішсіз телефонды станциядан әңгімелесу бойынша беріледі, бұл кезде толықтырғыш қатарлар керек емес. Үшіншіден, аналогты электрлік тербелістерде әңгімелесу алдында микрофоннан бір абоненттен екінші абоненттің телефонына түрлендіргішсіз беріледі. Төртіншіден, телефондық қондырғының өзі электрлік жүйе бойынша қалай қарапайым болса, солай конструктивті болады. Осы телефондық қондырғы көмегімен үлкен сенімділікке қол жеткіземіз. Бесіншіден, аналогты телефондық қондырғылар бағасы қымбат емес, өйткені олар бұрыннан шығарылады.
Аналогты телефондық қондырғы идеалды емес: көмірлік микрофон гигроскопты және шуылдық көз ретінде қызмет атқарады, дискті нөмір тергішті телефондық қондырғысы жиі істен шығып қалады. Сондықтан, көптеген жылдар бойы микрофондарды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр және көмірлік микрофон орнына басқа жүйелер, мысалы дискімен бірге кнопкалы нөмір тергіштер шығарылып жатыр.
Дүниежүзіндегі телефондық қондырғылардың нақты санын ешкім білмейді, бірақ сенімді түрде жүздеген миллион данасы бар деп айтуға болады. Мұның өзінде абоненттер жұмысқа тиімді әрі қарпайым қондырғыны басқа қымбатырақ цифрлық телефондық қондырғыларға ауыстыруға асығып жатқан жоқ.
Цифрлық АТС-ке аналогты абоненттік желісін қосу алдында туындаған мәселелер BORSCHT аббревиатурасымен (орысша транскрипциясы – БОРЩ бейнеленеді). Бұл аббревиатурасының сипаттамасы төменгі кестеде берілген.
Кестеден көріп отырғанымыздай, цифрлық АТС-ке аналогты абонентті желілерді қосу алдында тораптарды ұйымдастырудағы мына мәселелер тобын шешуге тура келеді:
- таратушы сөздік сигналдар түрлері бойынша (Сoding функциясы -кодалау) келісу және әңгімелесу трактының екі сымды жүйесінен төртсымды жүйеге өтумен байлыныстылығы және керісінше (Hybrid функциясы – дифжүйесінің функциясы);
- таратушы сигналдар деңгейі бойынша келісу: телефондық қондырғылар жағына жоғарғы деңгей сигналдары жіберіледі (Battery feed функциясы және Ringing), АТС-ке бұл сигналдар өтпеуі керек (5…12В қоректенуі бар БИС және СБИС негізінде тұрғызылған цифрлық АТС );
- абоненттік сигнализацияларды қамтамасыз ету (функция - Signalling сигнализация).
- Testing (бақылау) функциясы және Overvoltage protection (қауіпті кернеуден қорғану) аналогты абонентті желісінің түйісін ұйымдастыруға тікелей қатынаспайды, алайда оның шынайылығы абоненттік желілердің пайдалану процесстерін АТС персоналдарын қауіпті кернеулерден қорғануға мүмкіндік береді.
Аналогты абоненттік түйістердің дамуының негізгі жолдарында бірнеше нақты мысалдарды қарастырайық.
6.1 К е с т е - BORSCHT функциясының сипаттамасы
Аббревиатура
әріптері
|
Функцияның ағылшынша аты және оның қазақша аударымы
|
Функциялар сипаттамасы
|
B
|
Battery feed
(микрофондарды сіңдіру)
|
Абоненттік желіге көмірлік микрофондарды сіңдіру үшін қажетті кернеулер (U=60B, I=20мА , СССР).
|
O
|
Overvoltage protection
(Күдікті кернеуден қорғану)
|
Арнайы құрылғылар көмегімен бекітілген цифрлық АТС 220 (380)В абоненттік сызық кернеуінің түсуінен, найзағай түсу кернеуінен қорғайды
|
R
|
Ringing
(Шақырушы сигналдарды жіберу)
|
Шақырушы абонентке 25 Гц жиілікпен және 95 В кернеуімен "Шақыру" сигналы жіберіледі (кейбір мемлекеттерде кернеу 110 В болуы мүмкін)
|
S
|
Supervision, немесе Signalling
(Бақылау немесе сигнализация)
|
АТС приборлары трубканың көтерілуін және тасталуын тіркеу керек және шақырылушы абоненттің нөмірінің санын тіркеумен қамтамасыз етуі керек
|
C
|
Сoding
(Кодтау)
|
Абоненттік желі арқылы түскен аналогты сигнал, цифрлық сигналға түрленеді және керісінше.
|
H
|
Hybrid
(дифжүйе функциясы )
|
Аналогты абоненттік желі екі сымды болады, ал цифрлық АТС-гі сигналының коммутациясы және таратылуы төрт сымды. Сондықтан түрлену дифжүйесі арқылы жүзеге асырылады.
|
T
|
Testing
(Бақылау)
|
Абоненттік желі және телефондық аппараттар жұмысы, сонымен қатар жоғарыда аталған құрылғылардың жұмысы бақыланады.
|
ЭАТС-200 жүйесіне аналогты абонентті желілерді қосу
ЭАТС-200 жүйесінде абоненттік желілер 16 абоненттік желілерді құрайтын комплект SLU16C стандартты абоненттік комплектілердің блогына, немесе SLU8C (8 АЖ қосылады) толықтырғыш қызметімен цифрлық абоненттік комплектілер блогына қосылады. SLU16C және SLU8C комплектілерінің құрылымы бірдей. Бірақ SLU8C комплектісі бірнеше қосымша функциялармен қамтамасыз етеді
АТС ЭАТС 200 абоненттік түйісі SUB абоненттік модулінің құрамына кіретін төрт платада орындалады.
6.2 Сурет - ЭАТС 200 жүйесіндегі аналогты АЛ қосылуы
SLU16С -16 АЖ қосу үшін стандартты абоненттік комплектілер блогы;
SUC - кодер (64 АЖ); SUD - декодер (64 АЖ); LTEST – АЖ тексеру құрылғысы.
№7 дәріс. Цифрлық абоненттік түйіс
Дәрістің мазмұны:
- цифрлық абоненттік түйісті құрастыру принциптері;
- бағыттаудың жиілікті бөлінуімен қамтылған екі сымды жүйе;
- ақпаратты бағыттаудың уақыттық бөлінуімен қамтылған екі сымды жүйе.
Дәрістің мақсаты:
- цифрлық АТС түйістерін құрастыру принциптерін оқып үйрену;
- екісымды жүйенің құрылуының негізгі ерекшеліктері.
Әртүрлі фирмалармен құрылған цифрлық телефондық қондырғыларды ISDN технологиясының аппараттарының қосымша мүмкіндіктеріне балама ретінде қарастыруға болады. Алайда стандарттау тұрғысынан қарасақ, цифрлық абоненттік түйіс әрбір фирма үшін құқығын жазуға болатын "таза парақ" болып табылады. Бұл дегеніміз, цифрлық телефондық қондырғы, мысалы Siemens фирмасының телефондық қондырғылары ISDN телефонының барлық функциясын жүзеге асыруда, тек Siemens (EWSD, Hicom) фирмасының телефонды станциясына қосылу кезінде ғана жұмыс істей алады. Сонымен қатар, бұл цифрлық Ericsson, Alcatel ТҚ-да қатысты. Әрбір фирма өз станцияларына "өзінің" цифрлық ТҚ-на "туыс" протоколда жұмыс жасайтын, белгілі интерфейсті жасап шығарады. Сондықтан абоненттік түйісті сипаттау үшін тек абоненттік желі бойынша цифрлық алмасуды ұйымдастырудың жалпы принциптері жайлы ғана айтуға болады.
АЖ арқылы цифрлық ақпаратты екі жақты тарату үшін жүйенің төрт типін қолдануға болады:
- төрт сымды жүйе;
- тарату бағытын жиілікті бөлуі бар екі сымды жүйе;
- тарату бағытын уақыттық бөлуі бар екі сымды жүйе;
- бейімді эхоккомпенсаторы бар екі сымды жүйе.
Төртсымды жүйе
Бұл жүйе алғашқыда цифрлық абоненттік желілерде цифрлық ақпараттардың екі жақты тәуелсіз цифрлық ақпаратты таратуда абоненттерге телефондық емес қызмет көрсетулерді көрсету үшін енгізілді.
Төрт сымды цифрлық ақпараттардың лайықтылығы бір-бірінен станция арқылы алыстатылуында, сонымен қатар, жүйелік есептеулер қарапайымдылығында табылатын абоненттік терминалдардың ерікті қосылуында. Жүйе жеткілікті түрде ауыспалы бөгеуілдерге тұрақты сигналдың тітіркенуінсіз, желі өшулігінің өзгертілуіндегі ерекшеліктерге мүмкіндік береді. Алайда ол кабельдің тарту мүмкіндігін төменгі дәрежеде қолданумен сипатталады. Ескеруімізше, цифрлық АТС-тің абоненттік желісі бойынша жоғары жиілікті тарату қажет емес, себебі бұл жүйе экономикалық тұрғыда тиімді емес. Осымен байланысты берілген жүйе тұтынушылар үшін шектеулі.
Бағыттың жиілікті бөлінуімен қамтылған екі сымды жүйе
Бұл кластың шынайы құрылған жүйесі сұлбада қамтылған, дифжүйедегі негізгі айырмашылығы-ақпараттарды таратудың өзара әсерін төмендетуге мүмкіндік берді. Ақпараттарды тарату бір фазалық кода бойынша беріледі. Бір бағытта Х1 ақпарат бір период\ символ (BiPh1) коды түрінде, ал басқа бағытта Х3 ақпараты үшін период \ символ (BiPh3) коды түрінде беріледі.
Тарату бағытының уақыттық бөлуі бар екі сымды жүйе
Бағыты уақыттық бөлумен қамтылған жүйесінде тарату және қабылдау үшін интервалдар уақыт бойымен бөлінген.
Станциядан абоненттік тарату кезінде цифрлық сигнал буферлік есте сақтаушы құрылғыда жинақталады. Содан кейін екі есе үлкен жылдамдықпен оқылады. Бұл кезде сигналдар пакет түрінде таратылады. Абоненттік жақта станциядан тартылатын сигналдар буферлік есте сақтаушы құрылғыда жинақталады да үздіксіз цифрлық сигнал тізбегі түрінде оқылады.
7.1 Сурет - Бағыттың жиілікті бөлінуімен қамтылған екі сымды жүйе сұлбасы
7.2 Сурет - Бағыттың жиілікті бөлінуімен қамтылған және дифжүйесі бар тарату жүйесінің сұлбасы
Абоненттен сигналдың станцияға жеткізілуі бос уақыттық интервалды қолданылуы бар пакеттер түрінде іске асырылады. Бұл әдіс "пинг-понг" деп аталады.
Кабель бойынша тарату жылдамдығы бастаудан таратылатын сигналдар жылдамдығына қарағанда екі есе үлкен болғандықтан, төрт сымды таратуға қарағанда бұл кезде өту әсері алып тасталынады.
Алайда, аз шығын кететіндей "пинг-понг" әдісін жүзеге асырудың бір кемшілігі бар, ол аз ғана әсер ету аймағы бар ( 2км жуық). Сондықтан үлкен сыйымдылығы мен аумағы бар жүйені ұйымдастыру үшін уақыт бойынша компрессиялаудың түрлі әдістерін қолданады. Егер бір кабель арқылы синфазалық тартуды жүзеге асыратын болсақ, желі аумағын біраз шамаға үлкейтуге болады.
Суретте бағыты уақыт бойынша бөлінуі бар екі сымды трактының құрылымдық сұлбасы көрсетілген. Ол толық дуплексті жұмыс істеу режимімен қамтамасыз етіледі. Тарату абоненттік жартылай комплект АПК және станционды жартылай комплекті СПК арасында импульстер жинағы түрінде жүзеге асырылады.
Станциялық және абоненттік жабдықтардың тарату режиміне аустыру немесе қабылдау К коммутаторлары арқылы синхронизация құрылғыларынан алынатын сигналдар арқылы іске асырылады. Ақпараттық ағымдардың түйістері екі жақта да төрт сымды сұлба бойынша жүзеге асырылады. Кіріс цифрлық ақпарат жадылық құрылғыда жазылады. Жиындарды тарату жылдамдығы эффективті жылдамдығына тең немесе кірістегі сандық ағымның жылдамдығынан асу керек. Әйтпесе, ақпараттың бір бөлігі жоғалуы мүмкін. Бағыттарды уақыт бойынша бөлуі бар жүйелер үшін негізгі мақсат жиынтықты тарату жылдамдығымен оның ұзындығын таңдау болып табылады. Бір жақтан тарату жылдамдығы тарату ортасының өткізу қабілеттілігімен шектеледі. Ал басқа жақтан тарату жылдамдығы ұйымдастырылатын байланыс қызметтерінің талаптары арқылы анықталады. Цифрлық телефондық аппарат бірінші кезекте 64 Кбит/с жылдамдықты қажет ететін телефондық байланыс қызметімен қамтамасыз етуі керек.
Алайда, бұл жылдамдық дыбысты дифференциалды және бейімді кодалау әдістерін қолданғанда азаюы мүмкін. Бұл жағдай байланыс желісінің ұзындығын үлкейтуге мүмкіндік береді.
Бейімді эхокомпенсаторлары бар екі сымды жүйе
Жоғарыда айтылғандай, цифрлық сигналдардың тартылуының бағытын бөлу үшін дифжүйелер қолданылады. Бұл жағдайда, тартқыштың шығыс кедергісінің желінің комплексті кедергісі мен келісімділігі кезінде желідегі сигнал амплитудасы таратылатын сигнал аиплитудасының жартысына тең болуы керек. Сондықтан тартылатын сигнал желідегі сигнал қосындысынан таратқыштың шығыс сигналын шегеру арқылы алынуы мүмкін.
Алайда, стандартты дифжүйелер тарту мен қабылдау трактерінің толық бөлінуін қамтамасыз ете алмайды. Кең жолақтағы соңғы нүктеде өтпелі өшу бойынша талап етілген сипаттаманы ұстап тұру үшін ЭХК енгізіледі.
Бұдан басқа, анықтаушы мән соңғы нүктеде тарату сапасына өтпелі әсер ететіндіктен, дифжүйелердің балансировкасы кезінде тарату желісінің ұзақтығына мән беріледі. Сымдардың әртүрлі диаметрлерінің бар болуына және бір абоненттік желінің құрамындағы әртүрлі сипаттамаларды қамтитын әртүрлі маркалы кабельдердің бар болуына байланысты жағдай қиындай түседі. Цифрлық абоненттік желіге абоненттік желінің кіріс кедергі көлемінің шашылу компенсациясы үшін дифжүйенің балама контурының автоматты түрде құрылуы қаралады. Алайда, бұл жағдайда толық пайда болмаған АРУ мен қамтамасыз етілген символ аралық интерференцияны алып тастау техникалық жағынан өте қиын.
Абоненттік желі бойынша цифрлық сигналдарды тартылуымен байланысты туындайтын қиындықтарды жеңу үшін цифрлық ЭХК-мен біріктірілген цифрлық дифжүйелері ұсынылады. Соңғысы 45 дБ-ден кем емес өлшеммен эхосигналдардың берілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан оларды абоненттік желілерде қолдану өте орынды.
№ 8 дәріс. ISDN абоненттік түйісі
Дәрістің мазмұны:
- цифрлық АТС түйісі туралы ұғым;
- ISDN абоненттік түйісін құру принциптері.
Дәрістің мақсаты:
- цифрлық АТС торабын құру принциптерін оқып,үйрену;
- ISDN абоненттік түйісін құру принциптерін оқып үйрену.
Бірінші кезекте, цифрлық абоненттік желілерді қолдану тұтынушыларды сапалық байланыспен қамтамасыз етуге, сонымен қатар көрсетілімді қызметтердің спектрін кеңейтуге, оның тарату жылдамдығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Цифрлық телефондық желілердің дамуы, ISDN (Integrated Services Digital Network) технологиясымен байланысты. Телефондық желілерден басқа ISDN келесідегідей мүмкіндік береді: деректерді таратуға, (ЛВС) жойылған жергілікті есептеуіш желілерді біріктіруге, интернетке қатынауды, бейне конференциялды байланысты трафигін жеткізуге мүмкіндік береді.
ISDN технологиясы дерекқорлы қатынауды (BRI немесе BA) және біріншілік қатынауды (PRI или PA) қосады. Дерекқорлы қатынау абоненттерге трафиктердің таратылуы (В типі) үшін екі арнаның 64 Кбит/с бойынша көрсетілімін және бір сигнализация арнасының 16 Кбит/с (D типі) көрсетілімін қарастырады. Ал, біріншілік қатынау- абоненттерге трафиктердің таратылуы үшін 30 В - 64 Кбит/с бойынша арналардың және бір D типі арнасының сигнализация көрсетілімін қарастырады.
Цифрлық АТС-ке абоненттердің қосылуы электрлік екі сымды кабельдер бойынша жүзеге асырылады:
- Uо интерфейс типі арқылы дерекқорлы қатынау үшін;
- Uк2 интерфейс типі арқылы біріншілік қатынау үшін.
Мұның алдында міндетті түрде, МСЭ – Т ның бұл интерфейс стандартизацияларын өткізбейтінін белгілейік. Uо интерфейсі үшін ISDN қолданылатын желінің физикалық қасиеттері официялды себеп болып табылады. Бұлар әртүрлі елдерде бір-бірінен ерекшеленеді, ал сигнал формасы түйісі осы сипаттамалармен келісуі керек. Алайда, көптеген мамандардың ойы бойынша, негізгі себеп телекоммуникациондық құрылғыларды шығаратын байланыс операторлар компания интерфейстерінің сәйкес келуі болып табылады. Біріншілері U- интерфейсі үшін жасалынған әртүрлі стандарттарға өзгертулерді енгізгілері келмейді, ал екіншілері терминалдық құрылғыларды жалға беру арқылы ақша тапқылары келеді.
Цифрлық қатынауға қарағанда ISDN абоненттік қатынауда мұндай көп мүмкіншілік болмады. Қазіргі кезде әлемде үш типті U-интерфейсі қолданылады, олар кодтау сызығының хаттамасымен ерекшелінеді: 2В1Q, 4В3Р немесе Uр0. Соның ішінде Европада кең таралған 2В1Q коды U номинальды кернеумен 90-120 В терминалдық құрылғының дистанционды қоректенуімен көзге түсті. Мұндай шешім барлық европалық компанияларда қолдау тапты (Siemens, Ericsson, Alcatel, Italtel және т.б). Сондықтан, қазіргі таңда абоненттердің терминалдық құрылғысы қолданатын сандық АТС-пен бірге қосылып жұмыс жасайтындығы туралы шындық бар.
Цифрлық АТС абоненттік желісі комплекті (LT) сызығына және (ЕТ) станциондық шеткісіне қосылады.
Uк2 интерфейс құрылғысы стандартты емес, себебі берілген жай интерфейс физикалық және арналық сипаттамаға, Е1 стандартты арна циклдық құрылымға сәйкестендірілген (G.703, G.704 МСЭ – Т ).
Uо және Uк2 типті интерфейстердің өзара мүмкіншіліктері:
- РRI үшін қосылу тек "нүкте - нүкте" режимі үшін. ВRI "нүкте – көп нүкте" режим қосылуын ұстап тұрады;
- РRI интерфейс қорегі жеке арна қорегімен немесе жеке блок қорегімен қамтамасыз етілуі керек;
- РRI физикалық деңгейі активті болып тұрады (күнделікті жұмыс жасап тұратын негізгі интерфейс құрылғылары үшін). Осы байланыс кезінде активизация және дезактивизация PRI интерфейсі болмайды;
РRI және ВRI де сигналдық ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру үшін ИКМ-ның 16-лық арналық интервалына сәйкес келетін белгіленген арна (Д - канал) қолданылады.
U типті интерфейстерде хаттамалар қолданылуы мүмкін, оның негізгілері кестеде көрсетілген. Европада олардың ішінен E - DSSl (басқа аттары- lSDN, ETSI) хаттамасы кең таралған. Ал Ресей мен Белоруссияда E – DSSl lSDN желілері үшін ол ұлттық стандарт ретінде ұсынылған.
Цифрлық АТС-ке NТ шеткі пунктінің желілері қосылады: NТВА немесе NТРА. (кейбір жағдайда біріншілік қатынау кезінде NТРА УПАТС- ке қосылуы мүмкін.) Желі шеткі пунктін тағайындау Uв интерфейсін (SO "қолданушы - желі") lSDN құрылымына қосылу кезінде керек. SO интерфейсі төртсымды байланыстыру сызығын және рекомендацияланған МСЭ - Т I.430,Q.921, Q.931. стандартталған құрылым қолданылады. Егер құрылғы мен АТС арасындағы шақырым 100 км-ден аспайтын болса, цифрлық АТС тізбегі lSDN құрылғысын қосуда SO типті кірістірілген түйісін иемденеді,.
lSDN желісін қосудың мысалдары. Қорытындыға келетін болсақ, РRI немесе ВRI интерфейстері көп жағдайда АТС мекемелерін телефондық желілерге қосу кезінде қолданылады (ВRI интерфейсі 2 байланыс желісін қамтамасыз етеді, ал РRI - 30 байланыс желісін қолдану тиімді).
Е - DSSl. Мұндай түйістер іс жүзінде абоненттік және желілік болып саналу керек.
8.1 К е с т е - ISDN желісі үшін хаттамалар
Хаттамалар
|
АТС-пен әрекеттесу
|
Таралу аймағы
|
E-DSSl
|
Бәрімен
|
Европа
|
CorNet -T
|
Siemens
|
Европа
|
CorNet - N
|
Siemens
|
Европа
|
1TR - 6
|
Bosch/Telenorma
|
Германия
|
TNlR6 -T
|
Bosch/Telenorma
|
Германия
|
TNlR6 -N
|
Bosch/Telenorma
|
Германия
|
NI - 1, NI - 2
|
Lucent, NORTEL, Harris
|
Солтүстік Америка
|
Цифрлық АТС-тың желілік түйістері. Желілік түйіс астында цифрлық АТС-ке қосылу құрылғысын түсінеміз. Олар АТС-тің басқа қатынау желілеріне қосылу құрылғылары: қатынау желісі, мәліметтерді тарату және т.б. қосылу түрлері бар.
Қатынау желісімен қосу түйіс. Іс жүзінде қазіргі уақытқа дейін МСЭ-Т КЖ-ның сандық желілерін қосу үшін интерфейстер стандартизациясын жүргізген емес.
Бүгінгі таңда барлық дерлік цифрлық АТС-тері үшін, 2048 Кбит/с тракты қоданылатын интерфейстер үшін, әртүрлі құрастырушылардың өз хаттамалары қолданылып келеді. Бұл байланыс операторларының станционды кеңейту кезінде қосымша жабдықтар таңдауын шектейді.
Жалпы түсінікте қатынау желісі деп абоненттер категориясының номенклатурасын (дыбысты, мәліметті , бейнені тарату) және басып шығару құралдарын (металды және талшықты оптикалық кабельді, сымсыз қатынау) айтамыз. Абоненттік қатынаудың барлық технологиясын бір жүйеге келтіретін универсалды интерфейс V5 қатынау желісінің интерфейсі деп аталады.
V5 интерфейсінің мынадай екі түрі бар:V5.1 және V5.2. V5.1 интерфейсі 2048 Кбит/с сандық трактысы бойынша АТС-ке 30 аналогты АЖ-ны концентраторсыз қосуға мүмкіндік береді. Бұл кезде сигналдар ортақ арна бойынша жүзеге асырылады. V5.2 интерфейс бірнеше 2048 Кбит/с тракттерінен құралады және 8-ден аспайтын коэффициенті бар концентрацияны қолданады және арналық интервалдардың динмикалық тағайындалуын қолданады, міне бұл жағдайда V5.1 және V5.2 интерфейстерінің принципиалды айырмашылығы көрсетіле береді. V5.1 интерфейс арналық интервалдары абоненттік тракттердің цифрлық арналарына қатты бекітіледі, яғни бұл арналар арасында тұрақты байланыс болады. Ал V5.2 интерфейстерінде тасушы арналардың абоненттік порттар арналарына қатты бекітілуі болмайды. V5.1 және V5.2 интерфейстерінің салыстырмалы сипаттамалары келесі кестеге енгізілген.
8.2 К е с т е - V5.1 және V5.2 интерфейстерінің салыстырмалы сипаттамалары
V5.1 интерфейс
|
V5.2 интерфейс
|
АТС-ке бір Е1 трактын қосуға мүмкіндік береді (30В - арналар)
|
АТС-ке топтық тракты қосуға мүмкіндік береді (16ға дейін) 2048 Кбит/с
|
Абоненттік желінің концентраторлық функциясын қамтамасыз етпейді, Е1 тракт арналық интервалымен абонентті беру жүйесінің тікелей сәйкестігі
|
Абоненттік желінің жүктемесінің концентрациясын қамтамасыз етеді. Арналық интервалының динамикалық тағайындалуы
|
ISDN біріншілік қатынауын қолдамайды
|
ISDN біріншілік қатынауын қолдайды
|
Сигнализация интерфейстік тракттың ортақ арнасымен жүзеге асырылады
|
Әр 2048 Кбит/с тракт үшін бірнеші сигнализация арнасы қарастырылған
|
Интерфейс трактының бас тартуы кезінде резервтеу функциясымен қамтамасыз етпейді
|
Интерфейс трактының бас тартуы кезінде басқа интерфейс трактына ауыстыру арқылы резервтеу функциясымен қамтамасыз етпейді
|
№9 дәріс. ЦКӨ-мен байланыстыру түйісі
Дәрістің мазмұны:
- цифрлық АТС-пен ЦКӨ-нің түйісінің түсінігі;
- келісімді құрылғылардың сұлбаларын құрастыру принципі.
Дәрістің мақсаты:
- цифрлық АТС-пен ЦКӨ-нің түйістерін құрастырудың принципін оқып, үйрену;
- келісімді құрылғылардың сұлбаларын құрастыру принципін оқып, үйрену.
Цифрлық АТС-ті басқа цифрлық АТС-пен қосу кезінде немесе цифрлық АТС-пен қосылатын таратудың цифрлық жүйесінің аналогты АТС-і арасында цифрлық түйіс ұйымдастырылады. Бұл жағдайда ЦКӨ-нің керекті мүмкіндіктерінің бірі жүзеге асырылады.
ЦКӨ-нің цифрлық түйісіне және цифрлық АТС-ке мынандай екі талап қойылады: электрлік және логикалық талаптар.
Циклдар құрылымының келісімділігін қамтамасыз ету былайша түсіндіріледі, талаптарына сәйкес ЦКӨ-нің кірісінде циклдар формалану керек. Мұндай келісімділік, АТС-тің ішкі екіншілік демультиплексирлеу арқылы жүзеге асырылады.
Логикалық келісімділік, НDВ3 кодының сызықты сигналының екілік кодқа түрленуінен тұрады және станциялық тактылық сигналына сәйкес кіріс сигналының синхронизациясынан тұрады.
ИКМ-30 циклының және ЭАТС 200 ішіндегі циклының құрылымы бірдей, сондықтан олардың келісімділігі қажет емес. Оған қоса, ЕТ блогына ИКМ желісі бойынша сигналдарды таратудың сапасын басқару міндеттеледі.
Т1,…, Т15…, Т17…, Т31, уақыттық арналық интервалдарының құрамы, сонымен қатар Т16 сигнализациясының арналық құрамы ЕТ блогы арқылы екі бағытта да өзгеріссіз жүзеге асырылады.
Өзгеріске Т0 арналық интервалының биттері ұшырайды. ОМС техникалық қызмет көрсетуі ЕТ блогын Т0 арналық интервалы бойынша басқару кезінде ЭЕМ мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
- қалыпты жұмыс жасау кезінде ЕТ блогын орнату;
- ЕТ блогын диагностика режиміне ауыстыру;
- ЭАТС 200 коммутациялау жүйесіне авариялық сигналдарды тарату.
ЕТ блогы екі платадан тұрады: олар циклдық синхронизация блогы (FREAL) және регенератор (келісімді IR регенераторы немесе TR станциондық регенераторы) (9.3 сурет).
Аналогты байланыстыру желілері және тарату жүйелері арасындағы түйіс.
Көп жағдайда, аналогты және цифрлық АТС байланысы үшін цифрлық телефондық желіні енгізудің бастапқы этаптары баяғыдан бар немесе жаңа құрастырылған аналогты функцияны байланыстыру желілері БЖ қолданылады. Бұл жағдайда, аналогты әр аналогты БЖ-ның сигнализация жүйелері үшін бөлек түйістер ұйымдастырылады. 9.4 суретте цифрлық ЭАТС 200 дің АТС - 47, АТС - 54, АТСК және АТСК – У типті қалалық станциясымен келістіру принципі көрсетілген.
Шартты түрде, келістіру құрылғысын екі бөлікке бөлуге болады: арналық және сигналдарды синхронизациялау бөліктері.
Келістіру құрылғысының арнасында орналастырылған сұлбалар физикалық БЖ-ның тұрақты тогының сигналдар жіберілімдерін басқару блогына берілетін сигналдар түрленеді.
Басқару блогы әрбір 2 мс сайын әрбір БЖ-ның сигналдарының ақпаратын бөледі. Есептеуді жүргізгеннен кейін, ол оны өңдейді және сәйкес кодалық жіберілімдерді керек блокқа жібереді.
Аналогты және сандық тарату жүйелері және коммутация жүүйелерінің байланыстырылуы мынадай арнайы үш түрлі аппаратураның көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
9.2 Сурет - Электромеханикалық АТС (РСЛ - реле СЛ) бар ЭАТС 200 жүйесі
Егер байланыстың цифрлық зоналарын аналогты тарату жүйелері көмегімен байланыстыру керек болса, не ЦКӨ-нің топтық сигналдарын аналогты сигналдарға және керісінше, түрлендірге арналған трансмултьтиплексор немесе цифрлық ағымдарды таратудың аналогты жүйесінің сызықты трактында тарату үшін қажетті түрге түрлендіру үшін түрлендіруші функциясы бар модемдер қолданылуы мүмкін.
Трансмультиплексор шектелген арналық сигналын тарату кезінде аналогты трактердің өткізу қабілеттіліктерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, модемдер арқылы жоғары жылдамдықпен цифрлық сигналдарды таратуға болады. Оған қоса, трансмультиплексордан модемдер аз құнымен ерекшелінеді.Құрылғының типін таңдау, экономикалық көрсетілімде және оны ұйымдастырудың нақты шартын ескере отырып жүзеге асырады.
9.3 Сурет - Келістіру құрылғысының сұлбасы
№10 дәріс. Цифрлық АТСЭ S-12 станциондық негізгі ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары
Дәрістің мазмұны:
- цифрлық станцияның техникалық сипаттамалары;
- цифрлық станцияның негізгі ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты:
- цифрлық АТС-ін негізгі функционалды элементтерін оқып үйрену;
- цифрлық АТС-тың функционалдық және құрылымдық сұлбасын құрастыру принципін оқып үйрену.
S-12 жүйесін Бельгия, Германия, Италия, США фирмаларының қатысуымен 1982 жылы АЛКАТЕЛЬ фирмасы құрастырды. 90 жылдардың ортасында ол Ресейдің телефондық желісінде кеңінен енгізілді. Коммутациялау жүйесі универсалды және 512-ден 100 мың абоненттік желі сыйымдылығы бар қалалық АТС-тер ретінде қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, селолық АТС-тер ретінде де қолданылуы мүмкін. Жүйе бір сағатта 25 мың Эрлангқа дейінгі жүктеме көлемі кезінде 750 мың шақыруды өңдеуге мүмкіндігі бар, соңғы модификациясында сағатына 2 млн.ға дейін өңдей алады.
Жүйенің негізгі ерекшелігі басқарудың тереңде орталықтандырылуы және унификацияланған екі жақты коммутациялау элементі болып табылады.
Жүйенің орталықтандырылған басқарылуы шеткі құрылғылардың модулі арқылы жүзеге асырылады. Мұндай басқару әдісі кезінде абоненттік ақпараттардан алынатын адрестен ақпарат абонент модулінде немесе көп жиілікті қабылдағыш-тартқышта қабылдайды және анализдейді. Осы ақпарат негізінде ЦКӨ-ні басқару сигналы өңдіріледі. Мұндай басқару жүйесінің өте жоғарғы сенімділігі бар, өйткені бір элемент істен шықса, ол бүкіл жүйенің авариясына алып келмейді. Аналогты және цифрлық хабарламалардың берілуі бөлек тракттар арқылы емес, бір ЦКӨ арқылы жүзеге асырылады. Бұл жабдықтың жалпы желісін кішірейтуге мүмкіндік береді.
УВК УВК S – 12 жабдығының құрамы
Цифрлық телефондық станция құрамына цифрлық коммутациялау жүйесімен (DSN – Digital Switching Network) байланыстырылған терминалдық модулдер қатары кіреді. Жүйені басқару функциялары осы модулдің асқарушы құрылғылары (CE – Control Element) бойынша үлестірілген. Барлық модулдер бірдей құрылымды болып табылады. Олар екі бөліктен тұрады: терминалдан және терминалдық басқарушы құрылғысынан (TCE – Terminal Control Element) тұрады.
Терминал әртүрлі есептерді орындау үшін арнайы терминалдық сұлбалардан тұрады. Мысалға, аналогты желілерде немесе цифрлық арналарды арналарға қызмет көрсету.
Барлық модулдік ТСЕ-нің аппараттық модулдері идентивті.
ТСЕ логикалық тізбектерді және терминалдар жадыларын басқарумен қамтамасыз етеді. Олардың (DSN – Digital Switching Network) терминал арасындағы байланыс үшін стандартты интерфейстері бар. ТСЕ-нің жүрегі микропроцессор болып табылады.
Басқарушы құрылғы (CE – Control Element).
Достарыңызбен бөлісу: |