Жады блогы бірлік қателерді коррекциялауды және жадыға қатынау кезінде екілік қателерді табуды қамтамасыз етеді.
S – 12 дегі мүмкін болатын БҚ(СЕ):
- тактылық генератормен және зуммердің БҚ-сы;
- авариялық сигнализация модулінің БҚ-сы;
- перефериялық және жүктеу БҚ-сы;
- аналогты абонентер терминалдық БҚ-сы;
- қалааралық цифрлық арналардың терминалының БҚ-сы;
- сервисті тізбектер терминалдарының БҚ-сы;
- алыстағы абоненттер интерфейстер БҚ-сы;
ОКС нөмір 7 модуляциясының БҚ-сы;
- абоненттік модуль БҚ-сы;
- цифрлық арналар модулінің терминалдық БҚ-сы.
№ 11 дәріс. Цифрлық коммутациялау жүйесінің құрылымы
Дәрістің мазмұны:
- S- 12 коммутациялау жүйесінің құрылымы;
- S- 12 коммутациялау жүйесінің құрастырылуының негізгі ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты:
- S- 12 ЦКӨ-ні құрастыру принципін оқып үйрену;
- S- 12 топтық коммутациялау жүйесінің құрастыру принципін оқып,
үйрену.
11.1 суретте көрсетілгендей, цифрлық коммутациялау жүйесі екі қатынау коммутаторынан (AS) және топтық коммутациялау жүйесінен (GS) тұрады. AS және GS (үшке дейін) звеноларының саны СЕ монтаждалғандар санына тәуелді. GS (төртке дейін) деңгейінің саны АТС сыйымдылығына және терминалына келіп түсетін орташа жүктемеге тәуелді.
11.1 Сурет - Терминалдық жүйе
Әрбір СЕ-нің төрт санынан тұратын уникалды адресі бар, олар барлық төрт звенода байланыс орнатуды басқаруға көмектеседі. Сөйтіп, DSN-нің қандай түріне байланыссыз берілген СЕ таңдалуы үшін импульстік кіріс тізбегі бірдей болады. Бұл байланыстыру жолын орнатудың қарапайым механизмі болып табылады.
Қатынау коммутаторы .
Қатынау коммутаторы мыналарға арналған:
- DSN қосымша жабдық қосу (мысалыға, ASE);
- DSN-ге терминалды модулдерді (ASM, DTM және т.б.) қосу.
Әрбір СЕ DSN-ге екі ИКМ желісі екі қатынау коммутаторы арқылы қосылады. СЕ-нің мұндай қосылу DSN-ге қосылудың екі түрін аңықтайды. Сөйтіп осы нүктелердегі блокировканы алып тастайды. Екі қатынау коммутаторларына максимум он екі СЕ-ге қосылуы мүмкін.
СЕ арқылы қосылған екі қатынау коммутациясының конфигурациясы терминалдық жүйе (TSU – Terminal Sub Unit).
Әрбір TSU топтық коммутациялау жүйесінің төрт деңгейіне де қосылу жолы бар.
Қатынау коммутаторының порттары мыналарға арналған:
- 0-ден 7-ге дейін және 12-ден 15-ке дейінгі порттар терминалдық модулдері қосымша жабдықтарды DSN-ге қосу үшін қолданылады. Бұл кіріс порттар болып табылады;
- 8-ден 11-ге дейінгі порттар топтық коммутациялау жүйесінің әртүрлі деңгейіне қосылу үшін қолданылады. Бұлар шығыс порттар болып табылады.
Топтық коммутациялау жүйесі.
Топтық коммутациялау жүйесі (GS –Group Switch) мынаған арналған:
- әртүрлі AS-тер арасында байланыс орнату үшін;
- керек тереңдікке дейін байланыс жолдарын орнату үшін;
- бейнелеу нүктесінен талап етілген СЕ-ге дейінгі байланыс жолын орнату үшін қолданылады.
№12 дәріс. Цифрлық ЭАТС-200 станциясының негізгі ерекшеліктері және техникалық сипаттамалары
Дәрістің мазмұны:
- цифрлық станцияның техникалық сипаттамалары;
- цифрлық станцияның негізгі ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты:
- цифрлық АТС-ін негізгі функционалды элементтерін оқып үйрену;
- цифрлық АТС-тың функционалдық және құрылымдық сұлбасын құрастыру принципін оқып үйрену.
ЭАТС-200 жүйесі толық электронды цифрлық станция болып табылады. Ол жазылған программа бойынша басқаруды және қалалық тіреуші станция ретінде, тіреуші транзитті және транзисторлық АТС ретінде қолданылуы мүмкін.
Бұл жүйені ондаған абоненттердің 30 мыңдаған абоненттердің 39000 абоненттерге дейінгі қызмет көрсету кезінде қолданылады. ТА-лар дискті және кнопкалы болып табылады.
ҚҚТ-нің келесідегідей түрлері болады:
- нөмірді қысқартып теру;
- тура байланыс;
- нөмірді қайта терусіз қайта шақыру;
-кіріс және шығыс байланысқа уақытша шек қою;
- шақыруды басқа ТА-қа беру;
- шақырушы абоненттерінің нөмірін аңықтау.
ЭАТС-200 типті электрлік АТС-тер орталықтандырылған басқаруы бар станция болып табылады.
Станциялық модулдің құрастырылуы, станциялық сыйымдылықтың кеңейтілуі кезінде, монтаж кезінде, техникалық қызмет көрсету кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді. Электрлік АТС-пен және абонентпен ЭАТС-200 арасында өзара әрекеттесу кезінде сигнализация жүйесі қолданылады. Үлкен сыйымдылықты желілерде және сандық ЭАТС-200 үлкен саны бар желілерде синхронизациялаудың екі тәсілі қолданылады: изохронды және плезиохронды.
Станция іздеудің екі қадамын қарастырады: АИ және ГИ.
АИ қадамы БҚ-БҚ БАИлар бар тәуелсіз коммутациялық жүйелерді көрсететін бөлектелген БАИ блогынан тұрады. БАИ 64 АМ-нен тұрады. Олардың әрбіреуіне АК арқылы 64 АЛ қосылады. БАИ блогына максимум 4096 АЛ қосуға болады.
12.1 Сурет – ЭАТС-200 стансасының құрылымдық сұлбасы
ГИ қадамы ішкі, шығысты, кірісті және транзитті байланыстарды орнату кезінде коммутациясын қамтамасыз ету үшін тағайындалады.
Басқару жүйесі әртүрлі функциялардың мәні бар басқару құрылғыларынан тұрады, олар ОШС арқылы бірігіп жұмыс жасайды.
БЖның құрамына мыналар кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |