Сақ Қайрат Өмірбайұлы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.01.2017
өлшемі254,96 Kb.
#1068
1   2   3

 

шынайы көрініс. Осылайша ел 

«игі жақсыларының» типтік образын жасау арқылы сол

 

кездегі қазақ қоғамы 



бой  алдырған  ауру-кеселді  сын  тезіне  сала  түзету  -  шығарманың  басты 

мақсат-мұраты. Ол сонысымен де құнды. 

Апталық қаламгерлері қара жұмысқа алынатын қазақ жігіттерінің қам-

қаракетін  күнілгері  ойлап,  толғана  бастаған.  Патша  жарлығы  жарияланған 

күннен  көп  өтпей-ақ  газеттің  189-нөмірінде  жарық  көрген  «Оренбург,  15 

июль»  деген  басылым



 

басқармасы  атынан  жазылған  бас  мақала  -  соның 

айғағы.  Мұнда  майдан  тылына  алынғалы  отырған  ел  азаматтарының  керек-

жарағы жөнінде алғаш рет сөз қозғалады. Олардың бас амандығы жолында не 

істелінуі  керек  деген  сауалға  жауап  іздестіріледі.  Оқырман  қауымды  осы 

туралы ойлануға шақырады: «Жоғарыда айтқан ретше үйден сайланып шығу 

бай балаларының қолынан келеді. Бірақ жұрттың бәрі бірдей емес. Жалаңаш-

жалпы кедейлер көп. Міне, осылардың күні қараң. Бұларға қарасу, кем-кетігін 

жетістіру  -  жұртқа  зор  борыш»,  -  деп  ел-жұрттың  алдында  тұрған  нақты 

міндеттерді  белгілеп  береді.  Қазақ  жұмыскерлерінің  қал-жағдайын 

ойластыруды  бұдан  кейін  басылым  басқармасы  басты  назарында  ұстап 

отырған. Оған газеттің әр нөмірінде дерлік жарық көріп тұрған материалдар 

дәлел  бола  алады  Мәселен,  «Орынбор,  8-інші  октябрь»  деген  бас  мақалада 

бұл  мәселе  екінші  бір  қырынан  талқыға  салынады.  Ұзынқүлақтан  естулері 

бойынша,  кей  жерлерде  ауру-сырқаулы  адамдар  да  тізімге  ілініп  кетіп 

жатқандақтары  жөнінен  хабардар  екендіктерін  айтып,  басылым  басқармасы 

ондай  келеңсіздікті  қатты  айыптайды.  Сонымен  бірге  метірке  жоқтықтан 

қазақ  жігіттерінің  жасын  айыру  ісі  қиыншылыққа  ұшырап,  сақалын  саудаға 

сатқандардың  «пысықтығымен»  19  бен  31  жастан  тысқарылар  да  қара 

жұмысқа жегіліп кетіп жатқандағына наразылық танытады. Бұл жөнінде газет 

бетінде,  сонау  1914  жылдан  бастап-ақ  мәселе  көтеріліп,  оған  жол  бермеу 

туралы  қанаша  айтылып,  жазылып  келгеніне  қармастан,  оны  еститін  құлақ, 

орнына келтіретін басшылық болмағаны, дау жоқ, алаш азаматтарының ашу-

ызасын туғызбай қоймаған. Сөйтсе де, ашуды ақылға жеңдіріп, кеш те болса 

кемшіліктерді  түзетуте  уақыт  барлығын  кеңес  етіп,  ел  қамын,  жер  жайын 

ойлаудан  бір  танбаулары  олардың  биік  азаматтық  болмыстарын  айқындай 

түседі. 

Жоғарыдағы  кемшіліктердің  анық-қанығын  айқындауда  М.Дулатов 

қаламынан  туған,  газеттің  204-санында  жарияланған  «Орынбор»  деген 

мақаланың  орны  бөлек.  Қаламы  жүйрік  журналист  мұнда  өзі  көрген,  куәсі 

болған  жайға  оқырман  назарын  аударады:  «Ақтөбе  уезінің  Тұзтөбе 

болысынан алынған 260 һәм екінші Бөрте болысынан алынған 291 жұмысшы 



Орынбор келіп жатыр еді. 30-ыншы октябрь күні бұларды Оршаға жөнелтпек 

екен, олар жатқан баракқа барып жолықтым. Бұларды Ақбұлақта қарап алған 

комиссия ауруына һәм жасының артық-кеміне онша ілтипат етпеген көрінеді. 

Мысалы,  2-ші  Бөрте  қазақтарынан  Қалыбай  Отар  баласы  -  құлақ-тілсіз, 

Сұлтанғали  Әли-баласы  –  көкірек  ауру,  Кенжебай  Айтуған  баласының  көзі 

көрмейді,  Ерғали  Биміш  баласы  -  теңге  қотыр»  -  деп,  ел  тізігінін  қолына 

ұстаған атқамінерлердің мінін дәлелді түрде беттеріне басады. Ол жігіттердің 

Орынбордағы  әскери  дәрігерге  тексеріліп,  елдеріне  қайтуларына  рұқсат 

алғандықтарын хабардар етеді. Бұл, сөз жоқ, алаш азаматының араласуымен 

қол  жеткен  әділеттік.  Бірақ,  ол  жөнінде  бұл  арада  ештеңе  айтылмауы 

авторының оңай олжа іздеген, атақ құмар адам емес, халқының қамын жеген 

азаматтық болмысын паш етіп тұрғандай әсер қалдырады. 

Мақалада қара жүмысқа ылғи кедей-кепшіктің алынғанына наразылық 

білдіріліп,  «байлар  малымен,  оқығандар  білімімен,  атқа  мінгендер 

пысықтығымен»  аман  қалып  отырғандығы  заң  жолымен  де,  шариғат 

жолымен  де  әділеттік  емес  скендігі  жеріне  жеткізіле  сыналып-мінеледі. 

«Жазды күні ақсақалдары «ізденеміз» деп Орынбор келгенде осы кетіп бара 

жатқан  кедейлердің  бұзау-торпағын  сатқызып,  ақшаларын  өз  балаларын 

қалдыру жолына жұмсағаны ұмытылған. 

Бұл жігіттердің ішінде жалаңаш кетіп бера жатқандары бар. Бұлардың 

бай  ағайындары  қайда?  Жұрттың  жұрттығы  қайда?  Шынымен-ақ,  қазақтан 

қайыр-ықсан  көтерілгені  ме?  «Құдайдың  үйін  көрген»  бұл  елдің  қожа-

болыстары  қайда?  Тым  болмаса,  осы  жұмыс  тақырыпты  нәпсілерін 

ауыздықтайтын  реті  бар  емес  пе  еді»,  -  деген  жолдардан  халқының  қамын 

ойлап аһ ұрған азаматтың үнін естігендей боласыз. Осыдан кейін «16 жылдың 

оқиғасы  -  ұлтшылдардың  байшылдық  пердесінің  шетін  ең  алғаш  түрген 

оқиға. ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ байларынын сойылын соғып, бірақ 

сол  сойылды  жалпы  «қазақ»  атынан  соққан  ұлтшылдар  байшыл  екенін 

еңбекші бұқараға 1916 жылы ең алғаш көрсетті. Жалпы қазақ емес, қазақтың 

байларын  ғана  басқаратындығын,  еңбекші  бұқараның  көтерілісіне  олардың 

жүрегі  жібімейтіндігін  1916  жылы  айқын  дәлелдеді.  Ұлтшыл  ақындардың 

қаламы  байлардың  мақсатында  ғана  қозғалып,  ақындық  бұлағы  байлардың 

мақсатында ғана құйылатынын еңбекші бұқараға түскен қиындық оларға бит 

шаққандай  көрінетіндігін  де  1916  жыл  көрсетті»

1

  деген  пікірмен  қалай 



келісесіз?  Ол  көрінер  көзге  жала  жапқандық,  шындықтың  өңін  айналдырып 

айтып,  аққа  күйе  жаққандық  екендігін  жоғарыдығы  мәліметтер  толық 

дәлелдейді. 

1916  жылғы  25  маусым  жарлығын  жалғыз  қарсы  алған  басылым  –

«Қазақ» газеті халқымыз бастан кешірген сол бір сұрапыл заманның шынайы 

шежіресі болуымен де аса бағалы. Шын мәнінде бүкілелдік ұйымдастырушы 

орталыққа  айналған  басылымның  назарынан  тыс  қалған  мәселе  жоқ.  Оның 

төңірегіне  топтасқан  қазақ  зиялылары  тек  үгітшілік-насихатшылық 

жүмыстармен  ғана  айналысып  қоймай,  керек  жерінде  жұрт  ортасынан 

табылып, халық қамы үшін қол күштерін де аянып қалмағандарына - апталық 

материалдары айғақ. Олар қысқа күнде қырық түрлі хабар таратып, не істерін 


білмей сеңдей соғылысқан халықтың ес жиюына қолқабыс етумен бірге, қара 

жұмысқа алынып жатқан жігіттерге қандай киім, жолға қандай азық керегінен 

бастап,  майданға  барып  орналасқаннан  кейінгі  жағдайлары,  олардың  елімен 

байланысы  секілді  істеріне  түгелдей  басшылық  етіп  отырған.  Тіпті,  керек 

десеңіз,  оларға  тиісті  үкімет  мекемелерінің  назарын  аударып,  қолдарынан 

келген жәрдемдерін аямағандықтарын дәлелдейтін деректер жеткілікті. 

«Қазақ»  газеті 1916  жылдың 22  қазандағы бас  мақаласында  «жұмысқа 

алынғандардың  жабдығында  болу  міндетіне»  байланысты  жұрт  алдында  екі 

түрлі талапты тартады.  

__________________________________ 

С.Мұқанұлы. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, 67-бет. 



Оның  бірі  жігіттерге  барған  жерінде  бас-көз  болып,  олардың  мұң-

мұқтажын  тиісті  орындарға  жеткізіп  тұратын  орыс  және  қазақ  тілдеріне 

бірдей,  білімді  жігіттердің  керектігі  болса,  екіншісі,  қазақ  жұмыскерлерінің 

хабарын  біліп,  артынан  керек-жарағын  жеткізіп  тұратын  адамдардың 

қажеттігі еді. 

Апталықтың  1916  жылғы  204-санында  жарияланған  хабар  бойынша 

қазақ  жігіттерін  қара  жұмысқа  алу  науқаны  қызған  шақта  басылым 

басқармасының  белді  өкілі  Ә.Бөкейханов  Петербургтегі  мұсылман 

фракциясы жанындағы бюрода қызмет етіп жүрген жерінен Мәскеуге келеді. 

Сөйтіп,    Мәскеу  арқылы  өтіп  жатқан  қазақ  жұмыскерлерінің  қал-жағдайын 

біліп,  қайда  бөлінгендері  туралы  хабарларын  алып,  солардың  керек-жарақ, 

мұң-мұқтажына  байланысты  әкімшілік  мекемелердің  есігін  тоздыра 

келіссөздер  жүргізіп,  нақты  жәрдемдер  көрсетілуіне  қолқабысын  тигізеді. 

Мәселен,  Земскі  Одағы  Бас  комитетінің  төрағасы  князь  Львовпен  болған 

келіссөздер  нәтижесінде  осы  комитеттің  жанынан  қара  жүмысқа  алынған 

«бұратана»  жұрттардың  бөлімін  ашуға  қол  жеткізеді.  Бұл  бөлім  тікелей 

майдан  тылындағы  жұмыскерлердің  жағдайын  жақсартумен  айналысып, 

көптеген игілікті істер атқарған. 

Осынау сауабы мол істе алаштың арыс азаматы жалғыз болмаған. Оның 

жанында  қазақтың  көкірек  көзі  ояу,  оқыған  жастары  бірге  қызметте  болып, 

арқалаған  жүгін  тең  бөлісе  көтеріп  әкетіскен.  Атап  айтқанда,  Мұстафа 

Шоқаев,  Мырзағазы  Есболов,  Тел  Жаманмұрынов,  Мұса  Сейдалин  және 

Бекентаев  сынды  асыл  азаматтардың  осынау  сын  сағаттарда  атқарған 

қызметтерін бөле атау керек. 

Кейіннен  бұл  топты  ардақты  алаш  азаматы  М.Дулатов  толықтырады. 

Апталықтың  1916  жылғы  215-ші,  1917  жылғы  229-сандарындағы 

жарияланымдарға жүгінсек, ол 1917 жылдың 5-ақпанында Минскідегі Земск 

және  қала  одақтары  жанынан  ашылған  бұратаналар  бөлімінің  төрағасы  Ә. 

Бөкейханов  пен  оның  орынбасары  М.Есболовтың  шақыруымен  жолға 

шығады  да,  Минскіге  наурыз  айының  басында  жетеді,  сөйтіп  сол  жақтан 

«Қазақ»  газетіне  материалдарын  жолдап,  қазақ

 

жігіттері  мен  ел  арасындағы 



байланысты дұрыс жолға қояды. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет