Сақ Қайрат Өмірбайұлы.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры
www.enu.kz
«ҚАЗАҚТЫҢ» СОҢҒЫ РЕДАКТОРЫ
«Қазақ» газетіне қатысты енді бір зерттелініп, тиісті бағасын алуға
тұрарлық тұлға – Жанұзақ Жәнібекұлы. Ол газеттің 1918 жылғы 261-263
сандарына редактор ретінде қол қойған. Осымен қоса газетте үзбей
жарияланып тұрған туындыларына қарап, қаламы ұшқыр, ойы жүйрік
журналист екендігінен сыр түйеміз. Бірақ солай бола тұрса да, қалам
қайраткерінің шығармашылық мұрасы зерттеушілер назарынан тыс қалып
келе жатқаны өкінішті-ақ жай.
Біз қаламгердің өмір жолы мен Қазан төңкерісінен кейінгі тағдыры
талайынан сыр тарқататын мәліметтерді кездестіре қойған жоқпыз. Сөйтсе
де, оның «Қазаққа» сіңрген қызметіне, шығармашылық бай мұрасына қарап,
қазақ журналистика тарихында аты аталынып, өзіндік орнын иемденуге тиісті
тұлға екендігіне көзіміз жете түседі.
Ж.Жәнібекұлының «Қазаққа» жарияланған еңбектерінің тақырып аясы
кең және мейлінше меңгерілген. Мәселен алғашқы жарық көрген «Сыртқы
хабарлар»,
1
«Ғұсмани түріктері»
2
және «Кәріс мұсылмандары»
3
деген
еңбектерінде қазақты бодандыққа ұстаған Ресей мемлекетінің сыртқы
саясатынан мәліметтер келтіріп, талдау жасалынады. Алғашқы мақаласының
арқауы Ресей мен шетел мемлекеттерінің арасында қарым-қатынасқа құрылса
кейінгі екі еңбегі Түркия мен Ресейдің жаулығына, түріктер мен қазақтар
және жалпы мұсылмандардың саяси жағдайы туралы мәселелерге арналады.
Бұл шығармаларының қай-қайсысының да тілі жатық, ойы орамды әрі
авторлық пікір, пайымдауларға бай.
____________________________________
1
Қазақ, 1914, №48,53.
2
Қазақ, 1913, №26.
3
Қазақ, 1915, №128
.
Публицистің қаламына арқау еткен екінші бір тақырыбы ел ішіндегі
тыңшылар мен бас пайдасын халқының қамынан жоғары қойған «жүзі
қаралардың» бет пердесін түріп, кінәсін мойнына қоя айыптауға құрылған.
Газеттің 1917 жылғы 228-нөмірінде жарық көрген «Қара жүз қажы» яки
«Корганский» деген мақаланың авторлары – Тілеулин Жұмағали, Жәнібеков
Жанұзақ, Турин Ысмайыл. Бұл еңбекте «Корганский» деген бүркеншік атты
жамылып, жеке басының қамы үшін елін сатып, патша өкіметіне астыртын
қызмет еткен Дүйсенбай қажының іс-әрекеті әшкереленді. Сонымен бірге
газеттің осы санында жарияланған «Тыңшылар» деген өзінің жеке
мақаласында татардың кейбір газет тілшілерінің қазаққа әстеп отырған
келеңсіз қылықтарының сырын ашып, оны ауыздықтау жөнінде ой айтады.
Қазақ пен татар арасындағы мәдени қарым-қатынас мәселелеріне тоқталады.
Ж.Жәнібеков қаламынан туған туындылардың бірсыпырасы түркі
халықтардың ортақ тарихы мен тілін және оның зерттеуші ғалымдардың
еңбектерімен таныстырып, талдай бағалауға арналады. Соның ішінде
қомақтысы – «Түрік тілінің ұлық ғалымы В.В. Радлов» деген апталықтың
1917 жылғы 214-санында жарық көрген естелік мақаласы. Атының өзі-ақ
айтып тұрғандай, бұл еңбекте ұлы ғалымның өмірбаяны мен мол
шығармашылық мұрасы сөз болады. «Тегі, түсі бөлек» болғанмен, қазақ негіз
боларлық көп қымбат бұйымдарды қойына салып, бағып-қағып, ардақтаған
баласын алаш азаматы танып тұрғаны жөн», - деп ой қорытады.
Мақала аты шулы ғалымның 80 жасқа толу мерейтойына орай
жазылған. Көрнекті зерттеушінің көне түркі тілінің, соның ішінде, қазақ
тілінің төркінін танытатын құны өлшеусіз, бай қазыналарымызды қағазға
түсіріп, мән-маңызын анықтап, бүгінгі күнге қаз қалпында жетуге қосқан
үлесі қомақты, орны орасан зор. Осыны қаламгер жан-жақты баяндай
отырып, басты-басты еңбектерімен қалың қазақты таныстырады: “1812-інші
жылы Монғол жеріне барып Орхон өлкесіндегі ескі түркі жазуларын тауып
оқиды. Ол жазулар оқылған соң түркі жұртының тарихында көп көмескі
нәрселердің беті ашылып, тарих ғылымдарының кейбір қате сөздері құнын
жояды. ... Қырғыздың “Манасы”, қазақтың Шыңғыс, Көкше, Едіге, Тоқтамыс,
Ертарғын, Орақ-Мамайлар туралы жазылған көп сөздері бар. Қазақ тіліне
керек толық мағлұмат оның сөздерінен табылады”, - деген жолдар сол
жөнінде сыр шертеді. Еңбек ұлы ғалымның өмірімен шығармашылық
қызметін жалаң баяндау, құрғақ тізуге құрылмаған. Ол авторлық ой-
толғаммен ұштасып, жанды бейне, тылысым дүниеге ұласа суреттелінеді. Бұл
қырынан келгенде журналист қаламның әбден ұшталып, табаны қызған
жүйріктей, төселе шапқанын көреміз. “Орхон жазулары осы күнгі қазақ
тілімен жазылған екен десек, бұған өкпе айтушы елдер болар деп қоя тұрдым.
Бірақ Радлов кітаптарын оқығанда түркі тілдерінің ең бай ел қазақ елі екені
айқын көрінеді”, - деген жолдардан қаламгердің биік өресін, білімдігі мен
біліктілігін және көңілге түйгені мол, көкірек көзі ашық, ұлтжанды азамат
екенін айнытпай танисыз.
Қалам қайраткерінің “Қазақ” газетінде жарық көрген шығармаларының
ішіндегі шоқтығы биігі – “Алаш құрбандары” деп аталатын туындысы.
Апталықтың 1918 жылғы 262-нөміріне жарияланған еңбекті тебіренбей оқу
мүмкін емес. Баспасөз жанрларының бірнешеуінің жүгін бір өзі арқалап
тұрған, әр корреспонденция, әрі репортаж үлгісінде, публицистикалық
сарында жазылған туынды оқырманның жан дүниесін баурап, көңіл шіркінді
мың түрлі құбылтады. Мақаланы оқи отырып, автормен бірге біресе жаныңыз
шырқырай күйінеді, біресе халқының қамы үшін басын бәйгеге тіккен алаш
азаматтарының іс-әрекеттеріне қанып, көңіліңізге жылылық ұялайды. Міне,
журналист шеберлігінің тылсым күші, тәлім алар мол тәжірибесі.
Еңбек екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Алаш Орда үкіметін
қорғайтын Семейде атты-жаяу милиция құрылғандығы баяндала келіп, соның
басшысы Қазы Нұрмахамедұлының большевиктер қолынан оққа ұшқандығы
жария етіледі. “Алаш жолында құрбан болған жас бағыланның”
жантүршігерлік өлімі мақала авторының ғана емес, барша қазақтың ортақ
қайғысына айналғаны әдемі өрнектеледі. Қаламгердің осы көріністі, жұрттың
ішкі сезім, жан толқынысы иірімдерін айнытпай қағазға түсіріп, газеттің
қалың оқырманына мөлдірете жеткізуі - хас шеберліктің белгісі. “Марқұмның
жолдастары ботадай боздап, басын құшақтап шуласты. Көрген-естіген жан
қайғырды. Ертеңіне халық көп жиналып, жаназасы шығарылды.
... Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шәкәрім ақсақал
халыққа қарап сөз сөйледі: “Әлеумет! Мынау жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл
– ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы.
Мұны өлді демеңдер. Бұл күнгі һәм мұнан соңғы “ұлтым!” деген азаматтар
мына мен сияқты болып “ұлтым!” деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен
емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қазы еді, қазы-би деген сөз, қазы
билігін айтып кетті.
Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың жоқ! Құдай алдында да, жұрт
алдында да сенің орның бөлек. ... Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне
бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлт үшін құрбан
болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім, енді бүгін өлсем де
арманым жоқ...” – деді.
Жиылған жұрт еңіреп жылап жіберді”, - деген жолдарды оқып отырған
әр оқырман өзін оқиғаның ортасында тұрғандай сезінеді. Бұл – репортаж
жанры арқалайтын жүк. Мұнда ол шебер орындалған, әдемі өрнектелген.
Қаралы жиында сөз алған ақын Міржақып Дулатов:
“Хош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаны
Алашты құдай оңдасын!” –
деп келетін өлең шумақтарын оқығанда “жиналған халық қамығып, көңілі
босап, көзіне жас алды, - деп жазады автор”. – Бұлардан кейін Райымжан,
Жанғали қажы, Мұстақым сөз сөйледі. Ақырында қазының бірге оқып жүрген
жолдасы Жүсіпбек еңіреп тұрып: “жан баурым, жолдасым! Хош бол! Жасаған
алдыңды өзіңе, артыңды бізге қайырлы қылсын! Талаптандың, талпындың,
оқып қатарға кірдің. Бұл күнде мынадай мезгілсіз қағазға дұшар болдың.
өкінбе! Ұлтың үшін туып едің, ұлтың үшін өлдің. Кеудеңе бір-ақ арманың
кетті, ешкімге оқ атып, қылыш суыра алмай, жазықсыз оққа ұштың. Тым
болмаса ұлтыңның бақытының шеті көре алмай кеттің...”, - деп көзінің жасын
тыя алмай, сөзін әзер тоқтатты”.
Бұл жолдарды тебіренбей оқу әсте мүмкін емес. Автордың осынау
қайғылы оқиғаны қағазға түсіргендегі мақсаты да осыған сай керек. Яғни
алаштың алғашқы құрбанының өнегелі ісін жастарға үлгі етіп, халықтың
рухын көтеруге бағыштаған.
“Бұл жолдарды тебіренбей оқу әсте мүмкін емес.” Автордың осынау
қайғылы оқиғаны қағазға түсіргендегі мақсаты да осыған сайса керек. Яғни
алаштың алғашқы құрбанының өнегелі ісі жастарға үлгі етіп, халықтың
рухын көтеруге бағыштаған.
“Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан ұмытылмас, тарихта аты қалар.
Бірақ біздің бұдан үлгі алып, жүргенімізді соның жүргеніндей қылуымыз
керек”, - деген авторлық түйін сол жайынан сыр шертеді.
Туындының құнды бір тұсы – Қазы Нұрмұхаметұлының өмірбаянынан
біраз мәліметтер келтірілуі. Бұл – тарихи дерек, өткенімізді танып-білу үшін
таптырмайтын мәлімет.
Еңбектің екінші бөлімінде “Алаш туын көтеріп, ел жігітін бастайтын,
соғыс ғылымын оқыған, бірнеше жыл соғыста болып, тәжірибе көріп
ысылған ... штапс капитан Нұғыман Сарбөпеұлының “атты-казактар”
қолынан тапқан жантүршігерлік қазасы баяндалады. Жай ғана баяндалып
қоймай”, оқиға құдды бір көз алдыңызда өтіп жатқандай бейнелі көрініс
табады. Оқырманға түсінікті болу үшін автор кейіпкерінен өткен өмірінен
қысқаша мәліметтер келтірумен әңгіме бастайды. Александр атындағы
кавалериялық училищеде әскери білім алған Нұғыман Сарбөпеұлының, әуелі,
қытай шекарасында 553 жаяу полкта, кейіннен неміс фротында қызмет етеді,
бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Большевик лаңы басталған уақытта
Мәскеуге келіп, ондағылардың үлкен қызмет ұсынғанына қарамастан бас
тартып, Орынборға жетеді. Бұл шаһар большевиктер қолына қарап
тұрғандықтан уақытша Ақтөбенің 1-Бөрте болысы, 3-ауылында бай жасыра
тұруға мәжбүр болады. Оқиға осы жерде өрбиді. Алаш милициясына қызмет
етуді ойлап, Семейге жетудің қамымен жүргенде аты-казактардың “штабқа
жүріңіз” дейді. Бұл “жарайды” деп, штаб деген жерлеріне барса, өзінің
алданып қолға түскенін сезіп, бармағын шайнайды. Әлгі келгендер атты-
казактар екендіктері анық болғанмен, азғырылып большевик болған, бұралқы
атты казактар екен.
Сол арада Нұғыманды жалаңаштап, қамшымен сабап, мылтықтың
дүмімен ұрып, ең соңында алты мылтықпен бір басып, өлді деп тастап кетеді.
Бірақ ол кезде Нұғыман тірі екен. Соңынан жамағаты Зинаятта
Рамазанованың ішкі кимінен басқасын, алтын-күміс нәрселерін – бәрін әлгі
залымдар ауылға келіп, жұрдай қылып толнап алып кетіп бара жатқанда
кеудесін сүйретіп, ауылға қарай жер бауырлап келе жатқан Нұғыманды көріп,
тағы қылыштың астына алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын
шауып, көзін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп өлтіреді”.
Қалың қазақтың қайғысына айналған қаза қаламгердің де қабырғасын
қайыстырғаны анық. Бірақ, ол ашуын ақылға жеңдіреді:
“Қыршын жас, қаһарман сарбаз Нұғыман марқұмның өліміне шын
жүрегімізбен қайғырып, жеңіл болсын айтып, құдайдан артында
қалғандарына сабыр сұраймыз”, - деп елді сабырлыққа, қазаның соңын күтуге
шақырады. өзі құр қол қалмай, алаш құрбанының артында аңырап қалған
жамағатына пұл жаттығуәрдемін көрсетеді. “Нұғыман марқұмның опатын
естіп қайғырып, бет сыйпап, дұға қылып қойғанмен азаматтық борышымнан
құтыла алмайтын ретті көріп, ауыр қайғы үстіне жұрдай болып бар мүлкінен
айырылып қалған Зинаятта ханымға һәм емшек баласына өзімнен 100 сом,
қарамағымдағы қазақ оқығандарға ашқан “Еркін деле” пұлынан 200 сом
жаттығуәрдем жібердім. “Аш қазақтарға жәрдем” комитетінен де біраз нәрсе
бердім”, - деп жазады бұл жаттығу жөнінде автор.
Еңбектің, біріншіден – тарихи құжат ретінде құны жоғары. Екіншіден –
қалам қайраткерінің журналистік болмысын танытумен бағалы. Осыған қоса
қазақ журналистикасының репортаж жанрының қалыптасуына сүбелі үлес
қосқан шығармалардың бірі деп қарауға әбден болады.
Жалпы қорыта айтқанда, Жанұзақ Жәнібекұлының “Қазақ” газетіндегі
журналистік қызметі – зерттеушісі күткен тақырыптың бірі. Бұл қазақ
баспасөзі тарихын зерттеушілерге ой тастауға тиіс.
Басқа да есімдерін әлі ел танып біле бермейтін, еңбектері зерттеу жүзін
көрмей келе жатқан, газетке қаламымен де, қаржысымен де көмегін тигізген
қаламгерлер қаншама.
Осы орайда, жоғарыда аты аталға алаш азаматтарының қай-
қайсысының да “Қазақ” газетіне қосқан үлестері қомақты екендігін тілге тиек
етпей тұра алмаймыз. Олардың әрқайсысының осынау басылымға сіңрген
еңбегіне жеке-жеке тоқталып, терең зерттеу жүргізетін болсақ, өз алдына бір-
бір бұлақ бастауы алдымыздан тартылатынына ешбір шүбәміз жоқ. Ал
бұлақтар қосылып, ол мұхитқа барып тоғысатыны белгілі жай. Мұны да
солай қабылдағанымыз жөн шығар.
Достарыңызбен бөлісу: |