Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.
Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.
01
Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді
02
Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.
03
Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Тұрғын үй және киімі
Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.
Алтын адам
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан
Сақтардың мекендеген жері
Тұмар ханша
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты