Сабақ № Көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдеріннің жинақы дақылдарын алу. Жұмыс мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата13.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#49762
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭКО биотех. әдістеме

Сұйылту 
дайындау
Жекеленген 
колониялар 
алу 
үшін 
микроорганизмдер бар дақылды немесе материалды сұйылтады. Сұйылтуды 
стерилді құбыр суында, сұйылтудың тұрақты коэффицентін пайдалана 
отырып дайындайды, әдетте бұл коэффицент 10 санына тең. Сұйылту 
дайындау үшін стерилді құбыр суын стерилді құрғақ пробиркаларға 9 мл-ден 
құяды. Одан кейін стерилді пипетканың көмегімен алынған бастапқы 
суспензияның 1 мл-ін 9 мл стерилді суы бар пробиркаға құяды, бұл бірінші 
сұйылту, 1:10. Бірінші сұйылтудан алынған суспензияны жаңа стерилді 
пипеткамен араластырады. Осы пипеткамен алынған суспензияның 1 мл 
алып, екінші пробиркаға көшіреді, бұл екінші сұйылту, 1:100. Осылайша 
қалған сұйылтуларды дайындайды. 
Петри табақшасына егу. Суспензияны беттік және тереңдік әдістермен 
егуге болады. Беттік әдіспен егу алдында стерилді Петри табақшаларға 
ерітілген қоректік ортаны 20-30 мл-ден құяды. Егуді белгілі сұйылтудан 
жүргізеді. Стерилді пипеткамен сәйкес сұйылтудың белгілі көлемін 0,1 мл 
енгізеді. Суспензияны қоректік орта бетіне Дригальский шпателінің 
көмегімен жаяды. Табақшаларды термостатқа 28-30
0
С температурасында 
бірнеше күнге қалдырады.
Өскен колонияларды санау. Өсу жылдамдығына байланысты Петри 
табақшасында өскен колониялардың санын дақылдаудың 1-15 тәулігінен 
кейін санайды. Табақшадағы колониялардың орташа санын анықтайды да 
формула бойынша 1 мл-дегі клеткалар санын есептейді: 



v
а
М
n
10


мұндағы, М - 1 мл-дегі микроорганизм клеткаларының саны; а - Петри 
табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орташа саны; 10 - 
сұйылту коэффициенті; n - егу жүргізілген сұйылтудың реттік саны; v - егуге 
алынған суспензияның көлемі. 
Өсіп шыққан колонияларды тәртіпке сәйкес сипаттама жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет