Жүректің соққысы, секіруден кейін адамға қалай әсер етеді?
Аяқтың бұлшық еті, секіруден кейін қалай өзін сезінді ?
Сабақ кезінде қандай қауіпсіздік ережелері болуы керек ?
Секіруден кейін, қалыпқа келу үшін, қандай жаттығулардың түрлерін қолдануға болады ?
Құндылықтарды дардарыту:
Дене жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік шараларын ескеру. Дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысу арқылы денсаулықты нығайту. Шынығуды жекелей, достармен топтасып немесе отбасы мүшелерімен ұйымдастырылып жүргізіледі
Пәнаралық байланыс:
АКТ қолдану дағдылары:
Бастапқы білім:
Оқушылар жеңіл атлетика негіздері және денсаулыққа қатысы жайында бастапқы білімдері бар. Қауіпсіздік ережелерімен таныс, өткен сыныптарда алған білімдерімен дағдыларын және сыныптан тыс жұмысынан меңгергендері бар.
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқушылар топта талқылап, ұсыныстар береді:
Оқушылар барлық дене мүшелеріне арналған жаттығуларды орындайды, жаттығулар құралмен де құралсыз да орындалады. Олар сыныппен, шағын топта,жұппен өз тандауларына сай орындайды.
Оқушылар аз топта «қайталап жүгіру» тапсырмасын орындайды. Мәре және сөренің ара – қашықтығы 10 метр.
Оқушылардың мүмкіндігінше жылдам жүгіре белгіленген нүктеге барып, қайту. Бағытты өзгерту алдыңда, қолды сызыққа тигізу. Осы жаттығуды төрт рет орындау керек.
Сөреге жылдам ұмтылып, нүктеге кілт тоқтау, оқушыларды жиырылуға мәжбүрлейді. Сурақ беру арқылы, оқушыларға осы тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережені сақтауды ескерту. Мысалы, «қайталап жүгіру» тапсырмасын орындау барысында, оқушылар қауіпсіз ережені сақтай ала ма ?
Жүгіру эстафетасы. Сыныпты екі топқа бөліп, сөре сызығының алдына, лек бойынша орналасуы керек. Қарама – қарсы аймақта, 12 – 15 метр жерде белгі немесе фишка орнатылады. Белгі бойынша алғашқы бестік бірін – бірі белдерінен ұстап, белгіленген нүктеге дейін барып, айналып өтіп (сағат тілі бойынша), қайтады. Өз лектерін айналып өтіп, қайтадан белгіленген нүктеге жүгіреді. Сөре сызығына келгенде, алтыншы оқушы қосылады. Енді ойыншылар алтау болып жүгіреді, бұрылыстан кейін жетінші ойыншы қосылады, барлығы колдарын алдынғы ойыншының белінен ұстай кедергілерден өтіп жүгіреді. Барлығы қолдарын босатпай мәре сызығынан өткенде ойын аяқталады. Ойында бірінші нөмірлі ойыншыға түсетін жүктеме мөлшері көп болғандықтан, ойынды қайталау кезінде орындар керсінше ауыстырылады.
Үлкен кеністік, ысқырауық.
Ысқырауық, жалауша т.б. Керекті құралдар.
Сабақтың соңы
Оқушылар ағзаны қалыпқа келтіуге арналған комплекстік жаттығулар орындайды. Кері байланыс орнату. Өздері құрастырған ойындар қаншалықты ұнады, қызықты болды. Неліктен? Оқушылар қалыпқа келуге арналған жаттығуларды орындайды. Сабаққа рефлексия жүргізу. Оқушыларға сұрақтарға жазбаша түрде жауап берулерін сұраймыз.